Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университеті - Қазақстан жоғары оқу орындарының Бас рейтингі «ТОП-20» бойынша 3 орында!
Сейфуллин университеті - Қазақстан жоғары оқу орындарының Бас рейтингі «ТОП-20» бойынша 3 орында!

Просмотров: 690

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі IAAR 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингі» өткізіп келеді.

Биылғы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Бас рейтингтің нәтижесі бойынша 3 орынға көтерілдік. Бұл көрсеткіш университет ұжымының өзара құрметі, бір-біріне сенімі, ынтымақтағы мен бірін-бірі қолдай білуінің арқасында келген жетістік.

Жоғары оқу орындары талап етуінің ұлттық рейтингі дегеніміз: 

  • Берлин принциптерін сақтауға негізделген-ақпарат көздерінің ашықтығы, объективтілігі, тексерілуі және қолжетімділігі;
  • кадрларды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын анықтауға бағытталған.
  • Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың алуан түрлілігін ескереді.

Рейтингтік зерттеу барысында кадрлардың деңгейлері мен бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының сапасы бағаланып, білім беру қызметтерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізіліп келеді. Сөйтіп, қоғамдағы білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі, оқытушылардың танылуы және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламаларын сандық саралау нәтижелері:

- Қазақстан жоғары оқу орындарының Бас рейтингі «ТОП-20»;

- Қазақстан Жоғары оқу орындарының BA, MA және PhD деңгейлері бойынша кадрлар даярлау бағыттары бойынша рейтингі;

- BA, MA және PhD деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингі;

- Қазақстанның «ТОП-50» ЖОО оқытушыларының рейтингі бойынша жүргізілді.

Сейфуллин университеті - Қазақстан жоғары оқу орындарының Бас рейтингі «ТОП-20» бойынша 3 орында!