Басты бет / Жаңалықтар / Қызметкерлер мен оқытушылар Испаниядағы оқу конкурсына қатысуға шақырылады
Қызметкерлер мен оқытушылар Испаниядағы оқу конкурсына қатысуға шақырылады

Просмотров: 736

         Испаниядағы Гранада университеті қызметкерлерді оқытуға арналған конкурс жариялайды.

     Қызметкерлерді оқытуға арналған стипендияларды кафедралардың немесе бөлімшелердің әкімшілік немесе оқытушылық құрамы жүзеге асыра алады.

      Гранада университеті персоналды оқытудың 32-ші аптасын 2024 жылдың 21-25 қазаны аралығында ұйымдастырады. Алдын-ала бағдарламалар мен іс-шара туралы қосымша ақпарат мына жерде қолжетімді: https://internacional.ugr.es/pages/perfiles/pas/staff-training-week

         Қызметкерлерді оқытудың 32-ші аптасы екінші күннен бастап екі түрлі бағыт пен тілге бөлінеді:

      Егер сіз таңдаған үміткердің бейіні (халықаралық қатынастар, әлемдік экономика, халықаралық құқық, дипломатия, т.б.), мүдделері мен тілдік дағдылары (бағдарлама ережелеріне сәйкес B2 ұсынылады) бағдарламаның мазмұнына және трек тіліне сәйкес келсе (1-трек үшін француз және 2-трек үшін ағылшын), университеттің халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментіне 2024 жылғы 3 шілдеге дейін келесідей құжаттарды ұсына отырып тапсыра аласыз:

  • Кандидат/тардың паспорты
  • Қатысушының өтінімі (ағылшын тілінде толтырылады).

Surname, name

Category:

- Teaching

- Training

Email

Period (from – to)

Department or Unit

Position

 

 

 

 

 

 

  • Шет тілін меңгерудің ұсынылатын деңгейі – ең аз дегенде В2.

Барлық сұрақтар бойынша ҚазАТЗУ-дың Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментіне жүгіне аласыздар.