Басты бет / Жаңалықтар / Студентіміз – алтын медаль иегері
Студентіміз – алтын медаль иегері

Просмотров: 527

Әлем чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алған Қазақстандық кикбоксшылардың ішінде біздің студентіміз де бар.

2024 жылдың 13-17 маусым аралығында Будапештте (Венгрия) кикбоксингтен ересектер арасында әлем кубогы өтті. Турнирге 50 елден 725 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы үш бағытта қатысты: фул контакт, лоу-кик және К1. Аталған К1 бағытында 71 кг салмақта С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ экономика факультетінің 2-курс студенті Сычев Александр Васильевич алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы студентімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз!