Басты бет / Жаңалықтар /  «Табысты бухгалтерлер клубы» Сейфуллин университетінде
 «Табысты бухгалтерлер клубы» Сейфуллин университетінде

Просмотров: 277

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ агрономиялық факультетінің акті залында «Табысты бухгалтерлер клубының» конференциясы өтті. Жиында салық органы қызметкерлері мен салық төлеушілер бас қосып, пікір алмасты. Мамандар оқытушылар мен есепшілердің сауалдарына жауап беріп, жаңа кодексте орын алатын өзгерістер жайлы түсіндірді.

 Кездесуге келгендердің басым көпшілігі бизнес өкілдері мен бухгалтерлер. Себебі олардың салық органы мамандарына қоятын сауалдары көп. Конференцияға қатысқан оқытушылар мен бухгалтерлер жиынға жаңа кодекстегі өзгерістер жайлы білуге келіпті.

Конференцияда жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау мен салықтық тексерулер, камералдық бақылау жайлы әңгіме өрбіді. Мақсат тек салық жинау емес, салық төлеушілердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және арттыру дейді, ҚР ҚМ МКК Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Д.Қ. Құсайынова.

 Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен өтіп жатқан жиын бұған дейін республикамыздың біраз өңірлерінде өтті. Салық төлеушілер мен салық органдырының арасындағы алтын көпірге айналған конференция жалғасын тауып, басқа да мекемелер мен ұйымдарда ұйымдастырылады.