Басты бет / Жаңалықтар / Тарихқа үңілу
Тарихқа үңілу

Просмотров: 683

Бүгін елімізде Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтуде. Аталмыш күнге орай  Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлар-оқытушылық құрамы университеттегі  әріптестеріне арнайы  дәріс оқыды. Әр факультетте бір сәтте өткен дәріс миллиондаған адамдардың өмірін алған аштық пен саяси қуғын-сүргін құрбаны болған еліміздің тарихындағы қайғылы беттерге арналды. Аштықтың және қуғын-сүргіннің себептері мен ауқымы, оның адамзатқа тигізетін ауыр зардаптары туралы мазмұнды дәрісте тың архив құжаттарынан, жаңа зерттеулерден мысалдар келтірілді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Е.Кариннің басшылығымен жүргізілген саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысының қорытындысы туралы сөз болды. Дәріске қатысқан әрбір тыңдаушы-оқытушылар да өз әулеттеріндегі естеліктерімен бөлісіп, сұрақтарын қойып, талқылаулар өткізді. Шара қорытыныдысы ретінде осы тәжірибе дәстүрлі түрде қолға алынса деген ұсыныс та айтылды.

Дәріс тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.