Басты бет / Жаңалықтар / «Таза Қазақстан»: Астанада «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы басталды
«Таза Қазақстан»: Астанада «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы басталды

Просмотров: 864

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Кеше партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты. Олардың арасында «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов бастаған Сейфуллин университетінің ұжымы да болды.

«AMANAT» партиясының БПҰ төрағасы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуовтің айтуынша,  «Таза бейсенбі» партиялық жобасы бұл - жаңа экологиялық мәдениет пен тұрғындардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейді.