Басты бет / Жаңалықтар / Тіл үйрету курстары өтуде
Тіл үйрету курстары өтуде

Просмотров: 703

   С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығы Гуманитарлық факультеттің қазақ және орыс тілдері кафедрасымен бірлесіп, қазақ және орыс тілі курстарын жүргізіп келеді.

Бұл курс білім алушыларға қазақ тілін, сонымен қатар орыс тілін сауатты меңгертуге, тілдерді жедел үйрету мақсатында жүргізіліп келеді. Оқыту курстары университетте шет елдерден және еліміздің әр өңірінен келіп, білім алып жатқан білім алушыларға өздері қалаған тілді жақсы меңгеруге мүмкіндік жасап, қолдау көрсетіп отыр.

Курстың негізгі міндеті – тыңдаушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша күнделікті қарым-қатынасқа бағытталған сөздерді грамматикалық талаптарға сай сауатты меңгерту.

Курстың оқу процесінде білім алушылар тек тілдік нормаларды меңгеріп қоймай, сондай-ақ, оқытылатын тілге қатысты ел тарихын, оның дәстүрін, мәдени құндылықтары туралы  мәліметтер жинақтай отырып, бойларына сіңіруге құштарлықтары аңғарылып келеді.

Биылғы 2023-2024 оқу жылында қазақ және орыс тілдерін үйрену бойынша  А1 және А2 деңгейін жақсы аяқтаған 90-ға жуық білім алушыға сертификаттар  табысталды.

Тіл үйрету курстарын тәжірибелі оқытушы-әдіскерлер: ф.ғ.к., профессор м.а. Тоқсанбаева Тілектес Жаңабергенқызы (қазақ тілінен) мен ф.ғ.к., аға оқытушылар Кукенова Гульжихан Ануарбековна және Курманова Зауреш Кенесовна (орыс тілінен) сабақ жүргізіп келді.

Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – сөз бен істің бұлжымас бірлігі әрқайсымызға аманат. Хакім Абай: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» демеуші ме еді…