Басты бет / Жаңалықтар / Тілді үйренуге ықылас артуда
Тілді үйренуге ықылас артуда

Просмотров: 727

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығының ұйымдастыруымен «Күміс университеті» моделі аясында «Қазақ тілі: сөйлеу дағдылары» тақырыбы бойынша өткізілген курс аяқталып, тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.  

Курс жетекшісі – ф.ғ.к., профессор м.а. Тілектес Жаңабергенқызы Тоқсанбаева.

Курстың мақсаты: жазбаша және ауызша сөйлеу, оқу, тыңдау, жазу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болды.

Курс барысында тыңдаушылар күнделікті қарым-қатынасқа арналған сөз тіркестерін оқуға, жазуға, ауызша дұрыс қолдануға үйренді.

Курс бағдарламасының мазмұны мен маңыздылығы тыңдаушылардың қазақ тілін үйренуге деген белсенділіктерін арттырып қана қоймай, қазақ халқының тарихына, дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына деген қызығушылықтарын оятты.

Тыңдаушылар өткізілген курсқа деген ризашылықтарын өздерінің алғысқа толы сөздері арқылы білдірді.

Сіздердің назарларыңызға «Күміс университеті» курсы тыңдаушыларының оң пікірлерін ұсынамыз. 

Валентина Васильевна Измайлова: «Біз Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қазақ тілін оқыту курсынан өттік. Қазіргі таңда Қазақстан қоғамы үшін өзекті міндет – мүмкіндігінше елімізді мекендейтін өзге ұлттар мемлекеттік тілді білуі өте маңызды. Осы бағытта ұйымдастырылған қазақ тілін үйрету курсын жүргізген Тілектес Жаңабергенқызы Тоқсанбаеваның еңбегін жоғары бағалаймыз, сізге берген біліміңіз үшін шын жүректен рахмет айтамыз. Тілектес Жаңабергенқызы бізге күнделікті қарым-қатынас үшін қажетті оқу, жазу, сөздерді дұрыс айту дағдыларын үйретіп қана қоймай, осы әдемі тілді одан әрі үйренуге қызықтыра алды. Ол қазақ тілінің қаншалықты жан-жақты екенін және оның тек коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бірегей тарихын, дәстүрлерін, құндылықтарын бейнелейтін ерекшелігін  көрсете алды. Университет әкімшілігіне, Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығының ұжымына, осы орталықтың бас менеджері  Орынбасар Абусағитқызына аталған курсты жақсы ұйымдастырып, білім алуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтамыз. Осындай көптің ойынан шыққан пайдалы курстар жаңа оқу жылында да жалғасын табады деген үміттеміз».

Аяганов Андриан Альбекович: «Бұл курс жоғары деңгейде өтті және курс тыңдаушыларына берері мол болды. Курс жетекшісі Тілектес Жаңабергенқызы Тоқсанбаеваның сабақ өткізу шеберлігі қазақ тілін үйретуде қарапайым және қол жетімді болды. Қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс – осындай жақсы ұйымдастырылған тіл үйрену курстары мен оқыту барысындағы әдіс-тәсілдерге байланысты. Өте ризамын. Сондай-ақ, Университет әкімшілігіне, Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығының ұжымына, аға менеджер Орынбасар Бегалинаға  алғысымды білдіргім келеді.