Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университетінің оқытушылары мен студенттері треннингтен өтті
Сейфуллин университетінің оқытушылары мен студенттері треннингтен өтті

Просмотров: 595

Өткен аптаның 4 маусым мен 8 маусым аралығында «Шағын шаруа қожалықтарын инвестициялық қолдау» жобасы аясында шағын және орта инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын құрастыру және талдаумен таныстыру мақсатында Венгрия үкіметі қаржыландырып, ФАО жүзеге асырған Қазақстандағы азық-түлік құнының тізбегін дамыту» кезекті RuralInvest тренингі өтті.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің экономика факультеті осы курсқа қатысу арқылы университет оқытушылары мен студенттерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді. Оқытудың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, маңызды қолданбалы сипатқа ие болғанын атап өткен жөн.

Айта кету керек, дәл ҚазАТЗУ өзінің оқу бағдарламасына ФАО мамандары әзірлеген «Ауыл шаруашылығындағы инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу», «Модельдеу, талдау және аудит бойынша қолданбалы бағдарламалар» сияқты оқу пәндері бойынша әзірлеген «Ауылдық инвестиция» нұсқаулар жинағын енгізген. Экономика факультетінің студенттері мен оқытушылары да ғылыми жұмыстарды жазу кезінде бұл құралды пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі уақытта Экономика факультеті мен ФАО мамандары арасындағы белсенді ынтымақтастық өз жалғасын табуда.