Басты бет / Жаңалықтар / Экономика факультетінің Ғылыми кеңесі өтті
Экономика факультетінің Ғылыми кеңесі өтті

Просмотров: 417

 

Бүгін экономика факультетінің Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Аталған Кеңесте факультеттің күн тәртібіндегі сұрақтар қаралды. Кеңес төрағасы, экономика факультетінің деканы М.Е.Сабырова 2023-2024 оқу жылы бойынша профессор оқытушы құрамының «С.Сейфуллиннің 130 жылдығы аясында» ұйымдастырылып өткізілген спорттық-қоғамдық іс-шаралар мен білім және ғылым бағытын дамытуға қосқан үлестері мен студенттерді тәрбиелеудегі мінсіз еңбектері үшін топ кураторларына алғыс жариялады. Марапаттау рәсімінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі - студенттік істер жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы құттықтау лебізін білдіріп, басшылық атынан алғысын білдірді.