Басты бет / Жаңалықтар / XIII Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы: менеджментті нығайту керек
XIII Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы: менеджментті нығайту керек

Просмотров: 305

Қазақстанда бірыңғай автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйені енгізбек. Бұл ұсыныс академиялық кітапханалардың 13-Еуразиялық конференциясында айтылды. Еліміздегі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірлестігін кеңейту жалпы жүйедегі олқылықтарды болдырмауға көмектеседі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жоғары оқу орындары кітапханалар қауымдастығы мен Назарбаев университетінің қолдауымен ХІІІ Еуразиялық академиялық кітапханаларының конференциясы өтті. Конференция тақырыбы: «Біріктіру, ынтымақтастық және құру: кәсібіміздің болашағының кепілі ретінде кітапханалық бірлестіктер мен серіктестіктерді дамыту».

2024 жыл Еуразиялық академиялық кітапханаларының конференциясы - бұл тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасу алаңы ғана емес, сонымен бірге біздің ұжымдық күш пен бірлігіміздің айғағы. Біз ынтымақтасуға және серіктестік орнатуға тиіспіз, өйткені біздің ортақ күш жігеріміз арқылы ортақ мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Конференцияға Ақпараттық - білім беру ресурстары орталығы директорының міндетін атқарушы Сугурбаева Бәтима Ислямовна және ғылыми - ақпараттық ресурстар бөлімі меңгерушісі Арыспаева Сағадат Қайыржанқызы қатысты.