Басты бет / Жаңалықтар / Заманауи білім мен құндылықтарды үйлестіру басты назарда
Заманауи білім мен құндылықтарды үйлестіру басты назарда

Просмотров: 590

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ аясында «Қазіргі кездегі қалдықтарды басқарудың еуропалық жүйесі» (UnWaste атты халықаралық Эразмус жобасы мен халықаралық жобалар аясындағы ынтымақтастықтың ҮІІ конференциясы өз жұмысын бастады.

Конференция жұмысын С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ аппарат жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.М.Жазықбаева ашып, конференцияға қатысушылар алдында Сейфуллин университетін таныстырып өтті.

- Бұл жобаны іске асыру арқылы, серіктес елдердің әрқайсысындағы қалдықтарды басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеуге бағытталған және білім беру бағдарламалары консорциумның барлық университеттерімен енгізіліп, аккредиттеледі. Серіктес университеттер «Еуропалық университеттердің тәжірибесін пайдалана отырып, айналмалы экономика туралы ақпаратты арттыру үшін «Қалдықтарды басқару» бірлескен пәнаралық магистратура бағдарламасын әзірлеу» жобасының мақсатына сәйкес, білім беру бағдарламаларын талдау, дәрістерді тестілеу, оқыту әдістерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде, -деді Жазира Мейірханқызы.

Халықаралық ынтымақтастық университетіміздің дамуының стратегиялық бағыты болып табылатындықтан, Сейфуллин университеті серіктестер желісін кеңейтіп, халықаралық жобаларға қатысып, дүние жүзіндегі университеттермен халықаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті.

Бүгінгі семинар ЕО Эразмус+ жобасы аясында ұйымдастырылған «Қалдықтарды басқару» / UnWaste магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамытуға бағытталған.

Жобаның үйлестірушісі – Висмар университеті, серіктестер – Латвия университеттері (ESA университеті, Рига), Эстония (Таллин технологиялық университеті) және Қазақстанның үш ЖОО: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – жобаның елдегі үйлестірушісі, Көкшетау қаласындағы Уәлиханов атындағы университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

Конференцияға қатысушы Висмар университетінің профессоры Гуннар Прауза (Германия), Таллин техникалық университетінің экономика факультетінің профессоры Вольфганг Герштльбергер (Эстония), өз университеттері туралы таныстырылым жасады.

Конференция барысында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ аппарат жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.М.Жазықбаева:

- Ғылым саласында университетте жалпы қаржыландыру көлемі 4,6 млрд теңгені құрайтын 112 ғылыми жоба жүзеге асырылуда.

Ең маңызды жетістіктердің бірі – 2023-2025 жылдарға арналған МЕГА-ЖОБА «Ауыл шаруашылығы өнімдерін органикалық өндіру мен қайта өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсында 4 миллиард теңгеге университет жеңімпаз атанды. Бағдарламаның мақсаты – «жасыл экономика» қағидаттарына негізделген органикалық өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа технологияларын дамыту және агроөнеркәсіптік кешенде өңірлік технопарктер мен инжинирингтік орталықтарды қалыптастыру.

Зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру бағытында жалпы сомасы 2,9 млрд теңгені құрайтын 6 ғылыми жоба өндіріске енгізілуде,-  деп атап өтті.

Олай болса, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ әлемнің озық ЖОО жемісті ынтымақтастыққа, осы конференцияға келген әр университетпен тығыз жұмыс істеуге дайын.

Болашақта бұл қарым-қатынастар өзара тиімді негізде құрылып, стратегиялық әріптестіктің бағдары және үлгісі болады деп үміттенеміз. Ал, әзірге заманауи білім мен құндылықтарды үйлестіру басты назарда.