Басты бет / Жаңалықтар / Жатақханааралық «Ашық есік» күні
Жатақханааралық «Ашық есік» күні

Просмотров: 539

  Міне,  білім алушылардың 2023-2024 оқу жылы да аяқталды. Осыған орай мамырдың 26-27 күндері С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ  студенттерінің жатақханалары арасында Ашық есік күні  өтті.

    Студенттік кеңес ұйымдастырған іс шараның мақсаты: жылды қорытындылап, жеңістерін тізбектеп, бір-біріне, яғни, басқа жатақаналардан келген қонақтарға жылы тілектерін айтып, ән мен жырларын арнап, көтеріңкі көңіл күймен жазғы демалысқа аттану. Сонымен қатар, кеште шапшаңдықты, алғырлықты талап ететін  әр түрлі қызықты, интелектуалды ойындар ойнатылды.

     Мереке соңында  Басқарма мүшесі - студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова сөз алып, білім алушыларды   оқу жылының аяқталуымен құттықтап, табысты нәтижелеріне алғысын білдірді.  Іс шара би кешіне ұласты.