Басты бет / Жаңалықтар / Ғылым ошақтары арасындағы қарым-қатынас жолға қойылды
Ғылым ошақтары арасындағы қарым-қатынас жолға қойылды

Просмотров: 1149

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің базасында университет басшылығы мен ҚХР делегациясының іскерлік кездесуі өтті.

Шетелдік делегация құрамында Қытай Халық Республикасының Ғылым және технологиялар вице-министрі Чэнь Цзячан, Қытай Халық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ван Сяо, Қытай ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Харбинь ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры Бу Чжигао, Қытай ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Харбинь ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары Ван Сяоцзюнь, Қытай ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Харбинь ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының доценті Го Вэй мен Қытай ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Харбинь ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының халықаралық қатынастар және зерттеу департаментінің басқарма басшысы Чжан Цзин келді.

ҚХР делегациясының Сейфуллин университетіндегі жылы жүзді жүздесулері Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасында басталып, ортақ зертхана бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланып,

ҚХР делегациясының Сейфуллин университетіне келу мақсаты - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ басшылығымен  іскерлік кездесу өткізіп, Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасында ҚазАТЗУ мен ХВҒЗИ арасындағы ортақ зертхана бойынша өзара ынтымақтастықты талқылап, CNAS сертификатының шарттарын айқындап, Қытайлық әріптестермен бірлесіп өсіретін ауыл шаруашылық өнімдерідің саудасын өрістетуге ықпалдастық мәселесі қарастырылды.  

Кездесуді ашқан С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі- ғылым және инновациялық қызмет бойынша проректоры Е.Ө.Сырғалиев ҚХР келген делегация мүшелерін таныстырған соң, алғашқы сөзді  С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі-операциялық қызмет бойынша проректор С.К.Омаров алды.

-«Біздің С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Харбин ветеринария ғылыми-зерттеу институты арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ерекше атап өткіміз келеді. Университетімізде биологиялық қауіпсіздік бойынша Қытай-Қазақстан бірлескен зертханасын аштық. Харбин ветеринарлық институтының профессорлары докторанттарымыздың ғылыми жетекшілері болып табылады. Қытай мен Қазақстан үшін өзекті «Жануарлардың трансшекаралық ауруларының алдын алу және бақылау бойынша бірлескен зерттеулер» халықаралық жобалары, «Бір белдеу, бір жол» технологиялық ынтымақтастық платформасын құру жүзеге асырылуда.

Біздің университет пен Харбин ветеринария ғылыми-зерттеу институты екі ел президенттерінің ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған саясатын жүзеге асыру мақсатында бірлескен халықаралық іс-шараларды табысты жүзеге асырады деп сенеміз.

Ынтымақтастық аясында бірлескен жемісті жұмыс пен тиімді нәтижелердің көп болғанына өте қуаныштымын.

Біз оқу орындарымыздың арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарды бірлесіп талқылауға дайынбыз»,- деді Сапархан Кесікбайұлы.

Келесі сөз кезегін алған Қытай Халық Республикасының Ғылым және технологиялар вице-министрі Чэнь Цзячан:

-С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне жолым түскеніне қуанып отырмын. Заманауи корпустарыңыз көз тартады.

Екі ел басшыларының тиімді саясатының арқасында Қытай-Қазақстан арасындағы қатынастар қарқынды дамуда. ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша Қазақстан елімен арадағы іскерлік, сауда саттық мәселелері бойынша көптеген маңызды жобалар қолға алынды. Соның бірі ретінде – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ мен Қытай ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Харбинь ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты арасындағы іскерлік байланысты атап өтер едім. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының ашылуы осы бағыттағы жұмысымыздың жемісі. Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. Мен өзім ғылым және технологиялар вице-министрі болғандықтан, ауыл шаруашылығы саласына байланысты басымдылықтардың барын байқаймын, - деді өз сөзінде Чэнь Цзячан мырза.

Шетелдік делегация мүшелеріне Биологиялық қауіпсіздік бойынша бірлескен Қытай-Қазақстандық зертханасы бойынша таныстырылым жасалды.

 Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларын зерттеу және диагностикалау және жем мен сүтке зоотехникалық талдау жасау мақсатында Қазақстан-Қытай бірлескен биологиялық қауіпсіздік зертханасы (ҚҚҚЛББ) құрылды. Қазіргі уақытта зертхана ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыретіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестігіне аккредиттелген, оған сәйкес ғылыми мақсатта диагностикалық зерттеулер жүргізуге болады. Аккредиттеу аймағы бойынша жануарлардың кейбір жұқпалы ауруларына коммерциялық негізде зерттеу және сынама жұмыстарын жүргізуге болады.

2022 жылдың желтоқсан айында зертхана қызметкерлері Ж.К.Байболин, Ф.С.Жагипар, А.К.Кукаева ҚХР-ға барып, Харбин қаласында үш айлық тағылымдамадан өтіп, тиісті сертификаттарымен оралған. Ал, 2023 жылдың қыркүйек айында зертхана меңгерушісі Монпелье қаласында (Франция) жануарлар мен құстарға арналған диагностикалық жинақтарды шығаратын кәсіпорында оқудан өтіп, курсты аяқтағаннан кейін оларға ПТР диагностикасы және жануарлардың жұқпалы ауруларының диагностикасы бойынша оқыту сертификаттары берілген болатын.

Зертхана жұмысы БСЛ-2 қауіпсіздік стандарты негізінде ұйымдастырылғандықтан, зертхананың қауіпсіздік деңгейі мен жабдықталуы жануарлар мен құстардың аса қауіпті, трансшекаралық ауруларының қоздырғыштарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жем және сүт зертханасы жұқпалы аурулар зертханасынан бөлек орналасқан.

Бұл зертханада докторанттар мен магистранттар диссертация тақырыбы бойынша эксперименттік зерттеулерін жүзеге асырады. Сонымен қатар, зертханада студенттер бекітілген дипломдық жұмыс тақырыптары аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Таныстырылымнан соң сөз кезегін алған Қытай Халық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ван Сяо Сейфуллин университетінің ғалымдарын өз елдерінің білім ордаларынан тәжірибеден өтуге, студенттер мен магистранттарды дуальдық оқуға шақырды.

Кездесу соңында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі-операциялық қызмет бойынша проректор С.К.Омаров пен Қытай Халық Республикасының Ғылым және технологиялар вице-министрі Чэнь Цзячан естелік сувенирлермен алмасты. Кездесу соңында екі тарап университетіміз бен Харбинь ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты арасындағы ғылыми байланыстың Қазақ – Қытай арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал ететінін атап өтті.  

Мақпал Орынбетова