Басты бет / Хабарландыру / 6-10 желтоқсан аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехинкалық университеті базасында 3 модуль бойынша «Ғылыми зерттеу әдістері_ҚР» 1-ші Блок – семинары болады
6-10 желтоқсан аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехинкалық университеті базасында 3 модуль бойынша «Ғылыми зерттеу әдістері_ҚР» 1-ші Блок – семинары болады

6-10 желтоқсан аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехинкалық университеті базасында ERASMUS+ 610383-EPP-1-2019-DE-EPPRF2-CBHE-JP (2019-2086)  Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агро жүйелер саласындағы жоғары оқу орынан кейінгі білім беруді жетілдіру – SAGRIS халықаралық жобасы аясында  3 модуль бойынша  «Ғылыми зерттеу әдістері_ҚР» («Ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері»_РФ) 1-ші Блок – семинары болады.

Аталған жобаның консорциумы өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

- ауыл шаруашылығы ғылымы және инновациялар саласындағы зерттеулер үшін өзекті пәнаралық мазмұн мен пәнаралық тәсілдер бойынша пәннің үшінші циклінің білім беру бағдарламаларына модульдер әзірлеу және енгізу;

- жоғары оқу орындарының халықаралық стандарттар негізінде және үздік практикалар үлгісінде ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау саласындағы әлеуетін арттыру;

- Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық және аймақаралық академиялық алмасу мен ғылыми ынтымақтастықты күшейту;

- кең қоғаммен үздік практикалармен алмасу мақсатында ауыл шаруашылығы ғылымы саласында үшінші сатыда білім беру бойынша жоғары оқу орындарының сарапшылық желісін құру.

Блок-семинар екі ЖОО базасында өтеді:

Ставрополь мемлекеттік аграрлық университеті, Ставрополь қ. (РФ) және С. Сейфуллинатындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ. (ҚР).

Апталық семинар барысында Қазақстан, Ресей, Германия, Чехия, Польша университеттерінің докторанттарының жетістіктері мен ғалымдардың тәжірибесін ескере отырып, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану теориясы мен практикасына терең үңілу жоспарлануда. Блок-семинардың бесінші күні «Ресей мен Қазақстанның Аграрлық жоғары оқу орындарындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру перспективалары халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кірігу жолында» атты халықаралық форумда үшінші циклдың білім беру сын-тегеуріндері мен перспективаларын талқылауға, оң мысалдармен толығады.Бұл іс-шараға Еуропалық Одақтың 5 серіктес жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ Ресей мен Қазақстандағы аккредиттеу агенттіктерінің, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен бизнестің консультациялық және сараптамалық қолдауымен 4 ресейлік және 4 қазақстандық жоғары оқу орындарынан консорциум өкілдері қатысады.

Блок-семинарды өткізу форматы гибридтік (күндізгі және қашықтықтан).

ZOOM конференция идентификаторы:

https://zoom.us/j/95461938848?pwd=NjNNbUJKdW51aUFwekNGem1FYmp5UT09

Конференция идентификаторы: 954 6193 8848, Кіру коды: 123456

Өкізу орныС.Сейфуллина атындағы ҚазАТУ, СМАУ

Өткізу уақыты: Блок-семинар бағдарламасына сәйкес күн сайын 6-10 желтоқсан аралығында.

Барлық оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды және барлық қызығушылық танытатын тұлғаларды қатысуға шақырамыз

30.11.2021