Басты бет / Хабарландыру / Су ресурстарын басқару бойынша Нидерландыдағы тренинг
Су ресурстарын басқару бойынша Нидерландыдағы тренинг

2024 жылдың 9 шілдесінен бастап Су білім беру институтында (Делфт, Нидерланды) Еуропалық Одақтың Эразмус+ «Орталық Азиядағы Климаттық орнықтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін су секторындағы жоғары білім басқармасы» жобасы аясында ұйымдастырылған су ресурстарын басқару және су дипломатиясы бойынша екі апталық тренинг басталды және бұл жерде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті қатысушы болып табылады. Тренингте Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының оқытушылары доцент Н. Б. Қазангапова және аға оқытушы А. Ж. Құрманғажинов, сонымен қатар Орталық Азияның серіктес жоғары оқу орындарының қатысушылары бар.

Тренингтің мақсаты: Орталық Азия елдерінен қатысушыларды оқыту; болашақ су дипломаттары мамандарын дайындауға ықпал ететін курсты оқу үдерісіне енгізу; халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Тренингке серіктес университеттердің 24-ке жуық өкілдері қатысуда: Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің К.Дихамбаев атындағы Дипломатиялық академиясы, Қ.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті; Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Ш.Шохтемур атындағы Тәжік аграрлық университеті; Түркімен ауыл шаруашылығы институты, Түркімен мемлекеттік университеті; Әлемдік экономика және дипломатия университеті, Ташкент ауыл шаруашылығы инженерлерінің ирригация және механикаландыру институты.

 Тренинг оқытушылары – Нидерландының Су білім беру институтының профессорлары.

 

16.07.2024