2024 жылғы 18 мен 28 маусым аралығында С. Сейфуллин атындығы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасы ұйымдастырған гибридті форматтағы "су және орман ресурстарын қорғау" атты IX - Халықаралық жазғы мектебі (бұдан әрі-ХЖМ) өтті.
Халықаралық жазғы мектепке Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан университеттерінің бакалаврлары, магистрлері және докторанттары қатысқан, су дипломатиясы бойынша ЕО Эразмус+ жобасына арналды. АҚШ, Венгрия, Испания, Нидерланды, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанның профессорлары су және орман ресурстары мәселелері бойынша дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.
ХЖМ тұрақты дәріс оқытушылар Хавьер Родриго-Иллари (Испания), Валенсия Политехникалық Университетінің профессоры «Су және экологиялық инженерия» институтының гидрогеологиялық зерттеу бөлімінің директорының орынбасары, және Заргар Мейсам (РФ), "Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің, агробиотехнология кафедрасының профессоры болды.
ХЖМ қатысушылары "Бурабай" ұлттық паркіне, Щучье – Бурабай курорттық аймағының көлдеріне, Дендропаркке, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжіне барып, тәжірибелік сабақтар өткізді. Бағдарламада мәдени және спорттық іс-шаралар да қарастырылды.
ХЖМ жабылу салтанатында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, олар су және орман шаруашылығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламасының түлегі қандай дағдыларды меңгеруі керек екенін айтып өз тәжірибелерімен бөлісті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.