Басты бет / Хабарландыру / 2024 жылдың 2-3 мамырда «көміртекті бейтараптық стратегиясы: Жаңа тәсілдер – цифраландыру, заманауи энергетиканы дамыту үшін экологиялық және технологиялық инновациялар» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
2024 жылдың 2-3 мамырда «көміртекті бейтараптық стратегиясы: Жаңа тәсілдер – цифраландыру, заманауи энергетиканы дамыту үшін экологиялық және технологиялық инновациялар» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

       2024 жылдың 2-3 мамырда, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Жылу энергетикасы» кафедрасының ұйымдастыруымен, С. Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «көміртекті бейтараптық стратегиясы: Жаңа тәсілдер – цифраландыру, заманауи энергетиканы дамыту үшін экологиялық және технологиялық инновациялар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. 
       Ғылыми семинардың мақсаты:Ғылыми орталықтар арасындағы байланыстарды жандандыру, ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру, технологияларды коммерцияландыру, жасанды интеллект пен энергетикалық процестердегі құзыретті кеңейту.
          Ғылыми семинарға: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Энергетика факультетінің ғалымдарымен Назарбаев Университеті (Астана), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана), Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы), Южно-Уральский мемлекеттік аграрлық университеті (Челябинск, Ресей), Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің (Ташкент, Өзбекстан) ғалымдары қатысты. 
           Семинардың спикер-ғалымдары магистранттар, PhD докторанттар және жас ғалымдар алдында офлайн және онлайн форматта баяндама жасады. Семинар барысында Энергетика ғалымдары инновациялық идеялармен бөлісті, тәжірибе және ғылыми зерттеулердің үздік нәтижелерімен алмасты, энергетиканың өзекті мәселелерін қозғады, тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Тыңдалған баяндамалардың нәтижелері бойынша спикерлердің баяндамалары, алынған тәжірибенің практикалық маңыздылығы, оның өзектілігі, алған білімдерін ғылыми және кәсіби қызметте пайдалануға дайындығы туралы көптеген оң пікірлер айтылды.

 

06.05.2024