Басты бет / Хабарландыру / Жоғары курс студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға арналған «Өнім менеджері» ақысыз оқыту курсы
Жоғары курс студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға арналған «Өнім менеджері» ақысыз оқыту курсы

Коммерцияландыру кеңсесі QazInnovations, AIFC Tech Hub және Trackers Academy (Ресей) ұйымдастырған кәсіпкерлік құзыреттіліктерді алуға бағытталған «Өнім менеджері» тегін оқыту курсына қатысуға жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттарды қабылдау туралы хабарлайды. Курс өнімдерді шығарудың және дамытудың ең жақсы әдістерін меңгеруге, жобаларды коммерциялау дағдыларын алуға және өнім менеджері сертификатын алуға мүмкіндік береді. Курс бағдарламасы https://clck.ru/Wb4Tc сайтында қол жетімді.

Курстың басталуы 4.09.2021 ж., ұзақтығы - 8 апта. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушыларға курс ақысыз болады. Өткізу форматы - онлайн сабақтар аптасына 6 күн, 1,5-2 сағат (практикалық істерді шешу), тапсырмаларды орындамайтындар курстан шектеледі.

Қатысуға өтінімді http://eaes-tracking.org/new сілтемесі бойынша 2021 жылдың 25 тамызына дейін беру.

11.08.2021