Басты бет / Хабарландыру / «Физика және химия» кафедрасы 10-11 сынып оқушылары мен 1 курс студенттерін пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады
«Физика және химия» кафедрасы 10-11 сынып оқушылары мен 1 курс студенттерін пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Физика», «Химия» пәндік олимпиадасы

 

Нұр-Сұлтан қ., 16-23 сәуір 2022 жыл

 

Құрметті оқушылар мен студенттер!

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Физика және химия» кафедрасы  10-11 сынып оқушылары мен 1 курс студенттерін пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.

Олимпиада мақсаты: талантты және дарынды білім алушыларды анықтап, қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу; білім алушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; білім алушылар мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; ғылыми іс-әрекетке қызығушылығын дамыту.

Олимпиада онлайн және оффлайн форматта өткізіледі. Олимпиадаға қатысушылар сілтеме бойынша 2022 жылдың 15 сәуіріне дейін тіркелу керек.

https://forms.gle/Ac3jpcBmDJAUfj9k6    (химия)

https://forms.gle/J5TGZcRBQVZrDPx27 (физика)

Олимпиада тілдері: қазақша және орысша.

Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі.

Өту уақыты және орны:

1 кезең – 16.04.2022  сағ. 9:00,  онлайн формат, ZOOM платформасы, Google docs тестілеу. Бірінші кезеңен 35 балл және одан жоғары балл алған қатысушылар екінші кезеңге өтеді.

ID ZOOM  2824457035, пароль 12345 https://zoom.us/j/2824457035?pwd=NUFZajlGbk9uTnZ2R0tqRmczNW1xdz09

2 кезең – 23.04.2022 ж., сағ. 9:00, Нұр-Сұлтан қ., Ы.Алтынсарин көшесі, 2, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ, К.Сағадиев ат.Биологиялық корпус, 3 қабат.

2 кезеңнің тапсырмасы – жалпы физика және химия бойынша есептер шығару. Әр қатысушыға 4 есеп беріледі, есептердің шығарылуын ауызша әділқазылар мүшелеріне түсіндіру қажет. Тапсырмаға 50 ұпай.

Барлығы 100 ұпай.

                                                                 

Байланыс үшін ақпарат:

+7(701) 397 9464 (WhatsApp) Сулейменова Жанатгуль Калиахметовна, физика

+7(747) 115 09 81(WhatsApp)   Букеева Акбота Бультриковна, химия.

11.04.2022