Басты бет / Хабарландыру / Сейфуллиннің 130-жылдық мерейтойы аясында «УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАР КӨЗІМЕН» атты Университет студенттері арасында бейнеролик дайындау байқауы
Сейфуллиннің 130-жылдық мерейтойы аясында «УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАР КӨЗІМЕН» атты Университет студенттері арасында бейнеролик дайындау байқауы

    Байқау мақсаты: студенттердің көркемдік, шығармашылық, операторлық, режиссерлық  қабілеттерін дамыту, оларға мамандық бойынша кәсіби бағдар беру.

   

    Байқаудың міндеттері:
    1) университеттің материалдық базасының жетістіктерін, оқу үдерісіне қажетті оқу материалдарын, оқу-зертханаларын, тәжірибелік алаңдарын көрсету;
    2) профессор-оқытушы құрамының білімі және ғылыми мүмкіндіктерінің кеңдігін дәріптеу;
    3) білім беру процесінің заманауи талаптарға сай екендігін көрсету;

 

    Байқауға дайындық мерзімі:
    2024 жылдың 5-наурыздан бастап 22-сәуірге дейін
    Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62 
    Байқауға қатысуға өтінімі 711_12@іnbox.ru университеттің электронды поштасы арқылы қабылданады.

   

    Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі:
    –Байқауға қатысушы жеке мобильдік смартфондармен немесе бейнекамерамен бейне көріністер түсіреді.
    –Жұмыстарды инновациялық әдістермен жасау құпталады. 
    – Түсірілген бейнероликтердің көлемі 1-минуттан аспауы керек.
    –Бейне түсірілмдердің сапасы Full HD көрсеткішінен кем болмауы керек. 
    –Жұмыстың төменгі оң жақ бұрышында автордың нақты оқылатын Т.А.Ә: және қолы болуы керек: 
    –Байқау жұмыстарын кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. 
    –Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.
    –Дайындалған бейнероликтер 19-сәуір күніне дейін комиссия отырысына жеткізілуі керек.
 

    Бағалау критерийлері:
    – өзіндік ерекшелігі;
    – бейне роликтің  мағналық тереңдігі;
    – идеяны жүзеге асырудың креативті тәсілі;
    – көркемдік шеберлік негіздерін меңгеру.
    – күрделілік дәрежесі;
    –көркемдік мәнерлілік.

 

    Қатысушыларды марапаттау:

    Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. 
    Жеңімпаздар І орын – Бейнекамера, ІІ¬ орын – Ақылды  колонка  ІІІ орын – Смарт-сағат бағалы сыйлықтармен марапатталады..

 

Байқауға қатысуға өтінім

Қатысушының Т.А.Ә. Факультеті Мамандығы Ұялы телефоны
29.03.2024