Басты бет / Хабарландыру / "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ "Сейфуллин оқулары-18: "Жастар және ғылым – болашаққа көзқарас" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ "Сейфуллин оқулары-18: "Жастар және ғылым – болашаққа көзқарас" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ (әрі қарай – С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ) 2022 жылғы 12 сәуірде өтетін "Сейфуллин оқулары-18: "Жастар және ғылым – болашаққа көзқарас" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады (конференция online және offline форматта іштей/сырттай қатысуды қамтамасыз етеді).

Қалыптасқан дәстүр бойынша конференция студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жұмыстарын қарастыру үшін танымал диалог алаңы болып табылады.

Конференцияға қатысу-бұл өз ғылыми жұмыстарын жарыққа шығарудың тамаша мүмкіндігі, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша сындарлы пікір алмасуға, инновацияларды, зияткерлік дағдыларды дамытуға, жастар арасында ғылымды танымал етуге ықпал етеді.

Конференция жұмысына студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады.

Материалдар 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін қабылданады.

Конференция формасы-іштей/сырттай online және offline форматта.

толығырақ...

18.03.2022