Басты бет / Хабарландыру / «QazInnovations» инновациялық гранттардың екінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру.
«QazInnovations» инновациялық гранттардың екінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру.

Коммерцияландыру кеңсесі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен “QazInnovations” Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен инновациялық гранттардың екінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінімдер https://qazinn.kz/ порталында 2021 жылдың 10-23 тамыз аралығында қабылданады.

Байқауға қатысу үшін акселерация бағдарламаларын сәтті аяқтағаны туралы сертификат болуы керек. Сонымен қатар, екінші және үшінші кезеңге іріктеу конкурсына жіберілу үшін бірінші кезеңнен өту алғышарты болып табылады.

Қаржыландыру шарттары:

1 кезең - инновациялық грантының көлемі 20 млн. теңгеден аспайды, енгізу мерзімі 6 айдан аспайды;

2 және 3 кезең - инновациялық гранттың көлемі 80 млн теңгеден аспайды, 2 кезеңді іске асыру мерзімдері - 12 ай және 3 кезең - 9 ай.

Бүкіл уақыт бойы «Community QazInnovations»Telegram консалтингтік арнасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10: 00 -де ZOOM алаңында консультациялық жұмыстарын жүргізу және конкурс бойынша кері байланыс беру мақсатында онлайн -конференциялар өткізіледі. Бұл конференцияларға қатысу үшін сіз https://forms.gle/HwPXrPTrSnfXZ4qs5 сілтемесіне тіркеліп, өзіңізге ыңғайлы күнді таңдауыңыз болады.

Акселераторлар мен бизнес-инкубаторлармен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://qazinn.kz/homepage-01/акселераторы/

 

Баршаңызды сайысқа қатысуға шақырамыз№

Сұрақтар бойынша, Коммерцияландыру кеңсесіне (Бас ғимарат, 3 қабат, 1323 каб. тел .: 310245) хабарласа аласыз, немесе дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00 -ден 18.00 -ге дейін whats app / Telegram +77756231422 телефон арқылы кеңес алуға болады.

05.08.2021