Басты бет / Хабарландыру / Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған гранттық бағдарламалар туралы хабарландыру
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған гранттық бағдарламалар туралы хабарландыру

Коммерцияландыру кеңсесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған гранттық бағдарламалардын өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

1) Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттық бағдарламасы. Гранттық бағдарламаның мақсаты- отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды ынталандыру.

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені құрайтын болады.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 23 тамызында басталып, 2021 жылдың 23 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18: 00-де аяқталады.  Порталдын сілтемесі fpip.kz стайтында кейінірек орналасады (немесе сілтеме туралы ақпарат)

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратпен "Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар" гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

 

2) «Өндірістік сектордың консорциумы I: құзыреттілік орталықтары».

Гранттық бағдарламаның мақсаты - Қазақстандағы ғылыми -зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, ғылыми -инженерлік зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындарының экономикадағы өңдеуші секторларды жақсарту мақсатында ынтымақтастығын ынталандыру.

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені құрайтын болады. Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 23 тамызында басталып, 2021 жылдың 23 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18: 00-де келесі сілтеме бойынша аяқталады: https://astanahub.com/account/service/KPSI/request/15/create/ 

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратпен «Өндірістік сектордың консорциумы I: құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

3) «Өндірістік сектор консорциумдары II». Гранттық бағдарламаның мақсатыэкономикадағы өндірістік секторларды жақсарту мақсатында ҒЗИ, университеттер, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми және инженерлік бейіндегі зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 650 000 000 (алты жүз елу миллион) теңгені құрайды (ӨСК ІІ А гранттары үшін).

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңгені құрайды (ӨСК ІІ В гранттары үшін).

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 23 тамызында басталып, 2021 жылдың 23 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18: 00-де келесі сілтеме бойынша аяқталады: https://astanahub.com/account/service/KPSII/request/16/create/ 

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратпен "Өндірістік сектор консорциумдары IІ" гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ қызметкерлерінің өтінімдерді беруін үйлестіруді коммерцияландыру офисі жүзеге асырады. Байқауға өтінімдер берілген жағдайда, конкурс талаптарының орындалуын бақылау үшін алдын ала өтінімді коммерцияландыру кеңсесіне жіберу қажет.

Өтініш дайындау барысында барлық сұрақтар бойынша коммерцияландыру кеңсесіне (негізгі ғимарат, 3 қабат, 1323 бөлме, тел. 310245, nurmukhanbetovaa@mail.ru немесе тікелей кеңесшілерге grants@fpip.kz электронды пошта арқылы және +77771498036 хабарласа аласыз.

23.08.2021