Басты бет / Хабарландыру / ТМККК және МӘМС шеңберінде білім алушыларға, қызметкерлерге үздік медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелердің ашық конкурсы
ТМККК және МӘМС шеңберінде білім алушыларға, қызметкерлерге үздік медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелердің ашық конкурсы

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі - ҚАТЗУ) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК)  және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) шеңберінде білім алушыларға, қызметкерлерге үздік медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелердің (емхананың) ашық конкурсын жариялайды.

1. ТМККК және МӘМС шеңберінде ҚАТЗУ білім алушылары мен қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған медициналық мекемелердің ашық конкурсы.

2. Конкурстың негізгі міндеттері: ТМККК және МӘМС шеңберінде ҚАТИУ білім алушылары мен қызметкерлеріне сапалы медициналық қызмет көрсету мен қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.

3. Конкурсқа мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін Астана қ.  медициналық мекемелері (емханалар) қатыса алады. Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62.

4. Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 12-19 қаңтар аралығында өтеді. Конкурс 2024 жылғы 22-26 қаңтар аралығында ашық дауыс беру әдісімен өткізіледі.

5. Құжаттар төменде көрсетілген электрондық пошта арқылы қабылданады  legal_department.2021@mail.ru, тел. 8 (7172) 38 91 08.

6. Арнайы комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес 12 ай мерзімімен ынтымақтастық туралы келісім жасалатын болады.

7. Комиссия қосымша зерделеу мақсатында медициналық мекемелерге қосымша сауалнама жүргізу арқылы шешім қабылдай алады.

 

Медициналық мекемелерге қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы. Медициналық қызмет көрсету саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК)  және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) қағидаларына сәйкес тегін қызметтерді ұсыну;

3. Қолжетімді мамандардың тізбесін (қажетті маман болмаған жағдайда, шарт жасалған басқа медициналық ұйымдарда қызметтер көрсету) және қызметтердің атауын ұсыну;

4. Қолда бар зертханалар мен медициналық жабдықтар  (атауы, шығарылған жылы, өндірушісі, сипаттамасы) арнайы медициналық кабинеттер (ультрадыбыстық, травматология, дерматовенерология, гастроэнтерология, жалпы хирургия, ортопедия, іш қуысы және т. б.) туралы толық ақпарат беру;

5. Амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, алғашқы медициналық-санитариялық шұғыл жедел жәрдем және көмек көрсету;

6. Талапкерлерге университетке құжаттарды (075-У нысаны анықтамасы) тапсыру кезінде міндетті медициналық тексеруден өту, жыл сайын медициналық қызмет көрсету, студенттер мен қызметкерлерді профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізу;

7. Студенттердің еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама және қызметкерлердің кәсіби жарамдылығына сараптама жасау, сырқаты бойынша босату туралы медициналық анықтамалар беру, басқа медициналық мекемелерде берілген медициналық анықтамаларды растау;

8. Астана қаласында тұрақты тіркеуі жоқ қаладан тыс және студенттердің сақтандыру мәртебесін қосымша немесе egov.kz сайт арқылы тексеру;

9.  Емханада медициналық қызмет алған студенттер туралы ай сайын мониторинг жүргізу және ҚАТЗУ басшылығына хабарлау;

10. Өзекті тақырыптар бойынша дәрістер, семинарлар өткізу. Адамдардың жаппай жұқпалы аурулары көрінетін, шұғыл төтенше жағдайлар кезінде медициналық-әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсету;

11. Емхананың ресми сайтына көрсетілетін қызметтердің толық ақпаратын және мамандардың қабылдау кестесін орналастыру.

12.01.2024