Басты бет / Хабарландыру / Әскери кафедрада оқуға құжаттарды қабылдау
Әскери кафедрада оқуға құжаттарды қабылдау

Әскери кафедра 2021 ж. 9 ақпаннан бастап әскери кафедрада оқуға ниет білдірген

  • запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту үшін бірінші курс (4 жылдық оқыту) және екінші курс (5 жылдық оқыту);
  • запастағы сержант бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту үшін

бірінші және екінші курс (4 жылдық оқыту) және бірінші, екінші және үшінші курс (5 жылдық оқыту) студенттерінен құжаттар қабылдауды бастады.

         Өтініш қосымша құжаттармен бірге күн сайын 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін әскери кафедра фойесінде қабылданады. Нұр-Сұлтан қаласынан тыс тұратын студенттер құжаттарды әскери кафедраның vk_kazatu@mail.ru сайтына pdf форматта жіберсін.

Қалада тұратын студенттер үшін 2021 ж. 9 ақпаннан бастап күн сайын дүйсенбі-жұма күндері 8.00-ден бастап 12.00-ге дейін студенттік емханада (№2а жатақхана) дәрігерлік куәландырудан өтуге қажетті медициналық анализдарын қабылдау  ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласынан тыс тұратын студенттер медициналық анализдарын өз тұрғылықты жерінде тапсырады. Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі  департаментінде медициналық куәландыруды сәуір-мамыр айында Затаевич көшесі 13 үй мекенжайы бойынша орналасқан жинақ пунктінде өткізу жоспарланды. Медициналық куәландыруден өту кестесі кейінірек жеткізілетін болады.

 

Қосымша:

  1. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізбесі.
  2. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш.
15.02.2021