Басты бет / Хабарландыру / «Математика» пәні бойынша өткізілетін республикалық олимпиада туралы бағдарлама
«Математика» пәні бойынша өткізілетін республикалық олимпиада туралы бағдарлама

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ

«Математика»

пәні бойынша өткізілетін  республикалық олимпиада туралы бағдарлама

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, 2022 ж. 26 ақпан күні.

Олимпиада мақсаты: оқушының математика пәніне деген қабілеті мен шеберлігін анықтау, сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өзбетінше оқу үрдесіндегі тапсырмаларды шапшаң орындау және белгілі бір сатыда өзін-өзі тексеру мүмкіндігін ашу.

Олимпиадаға қатысушылар:

  • мектеп бітіруші сынып (11 сынып) оқушылары;
  • колледждің жоғары курс білім алушылары;
  • университеттің 1-2 курс студенттері.

Олимпиаданың ашылуы: 10:00-10:15 с.

  1. Ұйымдастырушының  таныстыру сөзі – Елеусізова  Г.Р., Грипп Е.А.
  2. «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісінің сөзі – кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., аға оқытушыБерікханова Г.Е.
  3. Қазылар алқасымен таныcу. Қазылар алқасытөрайымы - п.ғ.к., аға оқытушы Берікханова Г.Е.

Қазылар алқасымүшелері:ф.-м.ғ.к., доцент Асқарова Ә.Ж., т.ғ.к., аға оқытушы Серімбетов М.А., аға оқытушы Грипп Е.А., аға оқытушы Елеусізова Г.Р.

Олимпиаданың басталуы: 10:15 c.  Нұр-Сұлтан қаласының уақыты.

  1. Олимпиада 1 кезең болып өтеді, тест, ZOOM платформасында Google docs бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Тапсырмалар баллы – 100  балл. Олимпиада нәтижесі бойынша өту баллы  - 65%, жоғары балл -100 %
  2. Олимпиада жеңімпаздары университетіміздің грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталады, оқушының немесе мектептің электронды поштасына салынып жіберіледі.
  3. Олимпиаданың жабылуы (ұйымдастырушылар)
  4. Олимпиада екі тілде өтеді: қазақ және орыс
  5. Қатысатын үміткерлердің gmail.comпошталары болуы керек.

ZOOM платформасының идентификаторы: 2207014013, пароль 049698

Онлайн регистрация: 07aruana@gmail.com, олимпиада қатысу тегін, облыс, район, ауыл, қала, мектеп, сынып және gmail.com пошталарын толығымен жазып жіберулері керек.

04.02.2022