Басты бет / Хабарландыру / Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2023
Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2023

 

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 40 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

 

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, медициналық жоо үшін бакалавриаттың 2-5 курсы, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

 

Гранттар саны: 20

 

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:

Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

 

Міндетті құжаттар:

1. Жеке куәлік көшірмесі;

2. «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. (Microsoft Word форматында);

3. Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес).

 

Қосымша құжаттар:

4. Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;

5. Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;

6. Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.

7. Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

 

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

 

Өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында 2023 жылдың 30 қаңтары мен 02 наурыз аралығында қабылданады.

 

*Өтінімді қабылдау 2023 ж. 02 наурыз Астана қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.

 

Барлық өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында толтырылады.

 

Положение по стипендиальной программе им Ш.Есенова

27.01.2023