Басты бет / Хабарландыру / Құрметті 11-ші сынып оқушылары және колледждердің  3-ші курс  студенттері! С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ сіздерді «Бейнелеу өнері» пәні бойынша Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін қалалық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады!
Құрметті 11-ші сынып оқушылары және колледждердің  3-ші курс  студенттері! С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ сіздерді «Бейнелеу өнері» пәні бойынша Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін қалалық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады!

Олимпиаданың өткізілу мақсаты: Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту және талантты, дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; Болашақ маман иесі болуға кәсіби бағыт-бағдар беру.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдірушілер 2024 жылғы 9 сәуірге дейін өтінімді arkh_dizayn@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберулері тиіс. 

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:

1-кезең - онлайн форматында (ZOOM арқылы) конкурс ережелерімен таныстыру. Күні: 01.04.2024 ж. Уақыты:10:00-11:00 және 14:00-15:00
Конференция идентификаторы: 6602121463. Кіру коды: 385741

2-кезең – офлайн форматында олимпиаданың басталуы 10.04.2024 ж. сағ.10:00. Мекен-жайы: Астана қ., Бейбітшілік 73, С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ, Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің «Сәулет және дизайн кафедрасы», 3-ші қабат, 6303-аудитория. 

«Менің Қазақстаным» тақырыбына графика немесе кескіндеме техникасындағы композиция. Формат өлшемі – А3 (297х420 мм). 

Материалдар: қағаз, картон, кенеп, майлы бояу, акрил, темпера, гуашь, акварель, пастель, графит қарындаштар, тушь, қарындаш т.б. (қатысушының таңдауы бойынша).

Ескерту: Конкурсқа ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды.
Олимпиада жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

Байланыс нөмірлері:
+7(701)4907136 (WhatsApp)  Байтенов Мажит Садыкович
+7(777) 2996443 (WhatsApp) Сыдығалиев Дуйсембай Сыдығалиұлы

 

Қосымша 1

 

15.03.2024