Басты бет / Хабарландыру / Әскери кафедрада оқуға іріктеу қорытындылары
Әскери кафедрада оқуға іріктеу қорытындылары

2021 жылғы 14-25 маусым аралығында әскери кафедрада әскери кафедрада оқу үшін студенттерді конкурстық іріктеу өткізілді.

Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдау жоспарына сәйкес 2021 жылы запастағы офицерлерді даярлауға грант бойынша 110 және ақылы негізде 96 орын, запастағы сержанттарды даярлауға ақылы негізде 175 орын бөлінді.

Хаттамадағы 111-нөмірден 206-нөмірге дейінгі студенттер ақылы негізде оқуға ниет білдірсе (немесе бас тартса) әскери кафедра жетекшісі атына өтініш жазып, келісім-шарт толтырып, түпнұсқасын әскери кафедраның 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 62а пошталық мекенжайына 2021 жылғы 21 шілдеге дейін жіберу керек.  Астанада тұратын студенттер өздері  әкеліп тапсырады.  

Запастағы офицерге түсе алмаған бірақ өту балл жеткілікті студенттер ақылы негізде запастағы сержантқа өтініш бере алады. Запастағы сержант бағдарламасы бойынша оқу 1 жыл.

Конкурстық іріктеуді өткізу қорытындылары, өтініш пен келісім-шарт үлгілері қосымшада көрсетілген.

29.06.2021