Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы
Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы

Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы

 

«Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы – бұл динамикалық, тұрақты дамитын оқу-өндірістік және ғылыми құрылым.

Кафедраның негізгі қызметі қолданыстағы экономика салаларын заманауи цифрландыру және технологиялық қайта жарақтандыру жағдайында болашақ маманға қажетті дағдылар мен іскерлік қабілеттерін дамыту негізінде техникалық бағыт бойынша бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды кешенді және сапалы даярлау болып табылады.

Дайындық «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы бойынша жүзеге асырылады: 

Білім деңгейі, білім беру бағдарламасы және біліктілігі

Білім деңгейі

Сала коды

Бағыт коды

Білім беру бағдарламаларының тобы

Біліктілік

Оқу мерзімі

Бакалавриат

6В07

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6В071

Инженерия және инженерлік іс

В064

Механика және металл өңдеу

6В07104-«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры

4 жыл

6В070105-«Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Магистратура

7М07

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

7М071

Инженерия және инженерлік іс

М103

Механика және металл өңдеу

7М07106 – «Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

2 жыл

Докторантура

8D07

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

8D071

Инженерия және инженерлік іс

D103

Механика және металл өңдеу

Философия докторы PhD 8D07105 – «Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша

3 жыл

Кафедра жаңа халықаралық, тығыз қарым-қатынастарын өзінің ғылыми және өндірістік серіктестерімен нығайтуда (АҚШ, Канада, Болгария, Малайзия, Түркия, Польша, Белоруссия, Ресей).

Кафедрада біліктілік талаптарына сай 19 ғылым докторлары мен кандидаттары жұмыс жасайды.                         

«Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының түлегі оқу бағдарламасы бойынша барлық пәндерден оқыған және игерген білімдерін ауыл шаруашылығы машина жасау саласында қолдана алады. Ауыл шаруашылығы машина жасау саласындағы технологиялық процестердің бұзылу себептерін анықтауда сараптама жүргізе алады және сол нәтижелер бойынша бұзылымдарды алдын алу шараларын әзірлей алады.

Кафедрада 2013 жылы 6М072400-«Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша оқу мерзімі 1,5 және 2 жылдық магистратура ашылды. Қазіргі уақытта үш тілде білім берілуде: қазақ, орыс және ағылшын.

2015-2016 оқу жылдардан бастап  ҚР инновациялық индустрияны дамыту   мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015 жыл мен 2020 жылдар арасында кафедрада 6М072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша 62 магистрант білім алуда.       

Кафедрада Қазақстан-Белорусс оқу-өндіргіш орталық жұмыс істейді, Қазақстан-Қытай орталығында Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша бакалавр және магистранттар білім алады, сонымен бірге көрсетілген орталықтарда басқа мамандық оқытушылары біліктілігін арттырады.

    

Кафедра түлектерінің көпшілігі келесі бейіндер бойынша жұмыс істейді: Браун А. – механикалық өңдеу орталығының конструкторы және операторы – «Запчасть ЖД» ЖШС, Астана қаласы, сонымен қатар практикалық сабақтар кезінде студенттерге кеңес береді, Дюсенов А. – 1 санатты конструктор. Ақылов Е.М., Нұрманов А.Е. - «Агроинжиниринг» ЖШС конструкторлық бюросы, конструкторлар, Минбаев Ж.- «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, 2013 жылы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 6М72400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша магистратураға түсті.

2016 жылы PhD 8D07105 – «Машина жасау» мамандығы бойынша оқуға лицензия алынды.

Кафедраны техника ғылымдарының кандидаты М.Т. Усербаев басқарады.



Кафедра тарихы

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасы – динамикалық, үнемі дамып келе жатқан ғылыми оқу-өндірістік құрылым. Кафедра  өзінің демеушілерімен, ғылыми және өндірістік серіктестерімен берік байланыстарға ие, жаңаларымен дамытуда.

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасы 1959 жылы шілдеде "Металдар технологиясы және машиналарды жөндеу" кафедрасының негізінде құрылды, кафедраның бірінші меңгерушісі т.ғ.к. Т. Г. Духов болды, содан кейін 1962 жылы кафедра "Металдар технологиясы" және "Машиналарды жөндеу" болып бөлінді. 1996 жылдың қазан айынан бастап "Машиналарды жөндеу" және "Металдар технологиясы" кафедраларын біріктіру арқылы "Металдар технологиясы және машиналарды жөндеу" кафедрасы қайта құрылды. 2000 жылы кафедра "Машина жасау" кафедрасы болып өзгертілді. 2010 жылы "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандығы бойынша бакалавриаттың енгізілуіне байланысты кафедра "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасы болып өзгертілді.

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасы қызметкерлерінің жалпы саны – 31 адам. Кафедраның оқытушылар құрамы 28 адамнан тұрады, олардың 2-і техника ғылымдарының докторы, 17 техника ғылымдарының кандидаты және PhD докторлары.

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы 2021 жыл – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г. А. Кокаева.

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы 2022 жыл – т.ғ.д., профессор Шеров К. Т.

Білім алушылар контингенті

Білім деңгейі

Оқу жылдары

2021-2022

2022-2023

2023-2024

Бакалавриат

 626

578

455

Магистратура

 30

13

10

Докторантура

6

6

Барлығы

 661

597

471

 

НААР рейтингіндегі мамандық көрсеткіштері

Мамандықтың атауы

2021

2022

2023

НААР

НААР

НААР

Бакалавриат

2

1

2

Магистратура

1

1

5

Докторантура

1

1

2

 

Кафедрада B183 – «Аграрлық техника және технологиялар», B064 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», В095 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар», В076 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандықтары бойынша 22 бейінді арнайы пәндер оқытылады.

Кафедрада келесі мамандандырылған зертханалар мен аудиториялар бар:

4501, 4510 компьютерлік сыныптар

4504 аудитория - Материалтану және ҚМТ зертханасы,

4505, 4506, 4507, 4512 аудитория - оқу аудиториялары

3123 аудитория - металл кесетін станоктар зертханасы

3114 аудитория - ТМҚ монтаждау, сынау және пайдалану зертханасы

3108 аудитория - Станоктардың кесу құралдары зертханасы

3107 аудитория - Металл өңдеу және дәнекерлеу цехы

4106 аудитория - Мехатроника және робототехника зертханасы

Т-02 аудитория - Оқу-өндірістік шеберхана

Металдарды кесу және лазермен өңдеу Қазақ-Қытай аграрлық орталығы

Кафедраның зертханалары заманауи зертханалық жабдықтармен жабдықталған:

1. Металл кескіш станоктар: токарлық, бұрғылау, пресс-қайшы, таспалы ара, ажарлау, иілу, плазмалық кескіш және СББ фрезерлік;

2. Дәнекерлеу жабдықтары: Электр доғалық дәнекерлеу, аргон дәнекерлеу, газбен дәнекерлеу, жанасу, дәнекерлеуші тренажер трансформаторлары;

3. Металл кесетін құралдар мен өлшеу құралдары;

4. Муфель пеші, микроскоптар, қаттылықты өлшеуге арналған аспаптар.

Кафедраның зертханалық базасын пайдалану және жетілдіру

Зертхана, цех

Пәндер

бакалавриат

магистратура

докторантура

Металл өңдеу және дәнекерлеудің өндірістік-тәжірибелік цехы

СББ жүйесі (мехатроника негіздері);

Металл өңдеу станоктары және дәнекерлеу жабдықтары;

Станок құрылғыларын жобалау;

Кесу теориясы, кесу құралдары және әбзелдер;

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау технологиясы

Ғылыми зерттеулер әдістемесі;

Технологиялық машиналарды өндіру процестерін механикаландырудың заманауи жабдықтары мен құралдары

Инженерлік эксперименттер және белгісіздікті талдау;

Ғылыми зерттеу әдістері;

Басқару жүйелерінің теориясы және жобалауы

Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы

СББ жүйесі (мехатроника негіздері);

Металл өңдеу станоктары және дәнекерлеу жабдықтары;

Кесу теориясы, кесу құралдары және әбзелдер;

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау технологиясы

 

 

Мехатроника және қолданбалы робототехника

Манипуляторлар мен роботтар;

СББ жүйесі (мехатроника негіздері);

Металл өңдеуді модельдеу;

Өндірістік процестер (АЖМ, ӨКТҚ)

Роботтандырылған кешендер және тамақ шикізатын өңдеуді автоматтандыру;

Технологиялық машиналардың параметрлерін өлшеу және бақылау әдістері мен аспаптары

Мехатроника және робототехника;

Ғылыми зерттеу әдістері;

Басқару жүйелерінің теориясы және жобалауы

Материалтану және ҚМТ

Инженерлік жобалаудағы материалдар

Тамақ өндірісіндегі материалтану

Материалдардың механикалық сипаттамалары ;

Инженерлік эксперименттер және белгісіздікті талдау

Металл кесетін станоктар

Металл өңдеу станоктары және дәнекерлеу жабдықтары;

Станок құрылғыларын жобалау;

Кесу теориясы, кесу құралдары және әбзелдер;

Ақауларды талдау және машиналарды жөндеу;

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау технологиясы

Технологиялық машиналардың автоматтандырылған диагностикасы;

Технологиялық машиналар мен жабдықтарды техникалық жөндеу және қызмет көрсету негіздері

Инженерлік эксперименттер және белгісіздікті талдау;

Ғылыми зерттеу әдістері

Технологиялық машиналарды монтаждау, сынау және пайдалану

Механикалық-құрастыру цехтарын жобалау;

Технологиялық машиналарды монтаждау, сынау және пайдалану

 

 

 

  

  

  

  

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми жұмыстардың келесі тақырыптары бойынша жүргізіледі:

1. Жас ғалымдардың 2022-2024 жылдарға арналған «Металл кесетін құралдардың тозуға төзімділігін өңдеу әдісімен арттыру» тақырыбындағы «Жас ғалым» ғылыми гранты

Ғылыми жетекшісі постдокторант Сагитов А. А.,

Ғылыми кеңесші т. ғ. д., профессор Шеров К. Т.

2. 2021-2023 ж.ж. «Полимерлер, минералдық заттар нано қоспалар топырағында жөндеу композиттік қоспалардың құрамын әзірлеу арқылы а/ш техникасының бөлшектерін қалпына келтіру сапасын арттыру» тақырыбына ғылыми грант

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кокаева Г. А.

3. 2023-2025 ж. ж. «Жануарлар мен өсімдік тектес қалдықтардан жемді үдемелі ұсақтау және ұнтақтау үшін жұмыс органдарын әзірлеу» тақырыбына ғылыми грант

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р. М. Искаков

ПОҚ ғылыми жарияланымдарының тізімі

Жарияланымдар

2021

2022

2023

ISI Web of Knowledge дерекқорында (Q1-Q4)

-

4

 

Scopus мәліметтер базасында

10

23

 

басқа шетелдік мәліметтер базасы, РИНЦ

8

11

 

ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған басылымдар

9

3

 

басқа басылымдар

22

9

 

Зияткерлік меншік объектілерін патенттеу

5

2

 

Барлық жарияланымдар

54

52

 

ТМЖ кафедрасының студенттері СҒЗЖ-ға белсенді қатысады, "Сейфуллин оқулары"конференцияларында баяндайды. 2020-2023 ж.ж. бастап 106 бакалавр және 23 магистрант баяндама жасады. Республикалық ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысады. 2023 жылдың наурыз айында байқауға 5 ғылыми жұмыс ұсынылды. Дипломдармен және Алғыс хатпен марапатталған.Магистрант А. А. Оразалина ҚР БҒМ II дәрежелі дипломын алды.

Дуальды оқыту

2-курс студенттері үшін 2017-2018 оқу жылынан бастап «Запчасть ТЖ» ЖШС базасында «Металл өңдеу станоктары және дәнекерлеу жабдықтары» пәні бойынша зертханалық жұмыстар жүргізілуде (01.09.2021 ж.дуальды оқытуды ұйымдастыру және өткізу туралы шарт жасалды).

2023 жылғы 10 наурызда «Запчасть ТЖ» ЖШС кәсіпорнында кафедра филиалын ұйымдастыру туралы шарт (Ф-11373) жасалды.

  

Ағымдағы оқу жылында дуальды оқыту бойынша кәсіптік практикалық сабақ өткізу үшін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-мен шарт жасалды (02.12.2022 ж. №Д-10132).

Ағымдағы оқу жылының 2-триместрінде 4-курс студенттерімен «СББ жүйесі (мехатроника негіздері)» пәні бойынша практикалық сабақтар өткізілді

Өндіріспен байланыс

  

Дәріскер: бизнесті дамыту жөніндегі директор - "Ghalam"ЖШС Басқарма мүшесі

Нсанов Айбол Миржанұлы;

Күні: 2022 жылғы 10 қараша;

Пән: Технологиялық машиналарды монтаждау, сынау және пайдалану

Дәріскер: Қазақстандық авиациялық индустрия ЖШС жетекші конструкторы Төлеу Дәурен;

Күні: 2022 жылғы 11 қараша;

Аудитория: 1225;

Пән: Металл өңдеу станоктары және дәнекерлеу жабдықтары

Университет атауы

2021-2022

2022-2023

АТУ

1

-

Вальядалид, Испания

1

-

AgrarKontakte, Германия

3

3

LOGO e.V., Германия

6

6

“DEULA-Nienburg”, Германия

-

10

Барлығы

11

19

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

ТМЖ кафедрасының әдістемелік жұмысы offline немесе online-да заманауи мультимедиялық құралдарды қолдана отырып презентация түрінде өтетін пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған, сонымен қатар зертханалық-практикалық сабақтарда компьютерлік модельдеу және нәтижелерді практикалық талдау қолданылады.

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару

ОӘӘ атауы

2020-2021

2021-2022

2022-2023

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

Оқулықтар

2

2

1

1

 

 

Оқу құралдары

7

7

2

6

 

 

Семинарлар

6

8

4

5

 

 

Барлығы

15

17

7

12

 

 

Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық кафедра қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кафедраның жұмысын көрсетеді және озық үрдістер мен жаңа білімді зерделеу бойынша әлемдік көшбасшылардың стандарттарын белгілейді, онсыз қазіргі білім беруді елестету мүмкін емес.

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасы жұмысының негізгі бағыттары:

- халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту және нығайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдармен, шетелдік жоғары оқу орындарымен, қорлармен және бағдарламалармен өзара іс-қимылды жандандыру;

- шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламаларының шарттары мен жобаларын әзірлеу кезінде оқытушылар мен білім алушылардың өзара алмасуын ұйымдастыру;

-отандық және шетелдік ғалымдарды дәріс оқуға, шеберлік сыныптарын өткізуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға шақыру.

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасында Қазақстан-Беларусь оқу-өндірістік орталығы, Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы жұмыс істейді, онда "Технологиялық машиналар мен жабдықтар", "Механикалық инженерия" білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар, магистранттар мен докторанттар оқиды, сондай-ақ осы орталықтарда басқа мамандықтардың оқытушылары біліктілігін арттырудан өтеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында жыл сайын кафедраның 3-4 курс студенттері Германияда Линен қаласында "LOGO e.v", "AgrarKontakte" және "DEULA-Nienburg" бағдарламалары бойынша 6-7 айлық ауыл шаруашылығы практикасынан өтеді. Сонымен, 2022 жылы 9 студент тәжірибеден өтті, оның ішінде 3 студент "AgrarKontakte" бағдарламасы бойынша және 6 студент "LOGO e.V" бойынша. 2023 жылы 19 студент практикадан өтті, оның ішінде "LOGO e.V" бағдарламасы бойынша - 7 және "DEULA-Nienburg" бағдарламасы бойынша - 12. Студенттер шетелдік практикадан өту барысында алған теориялық білімдерін практикада бекітеді, ауыл шаруашылығы машиналарымен және жабдықтарымен жұмыс істей отырып, тәжірибе жинақтайды және өз білімдерін арттырады.

  

Сондай-ақ, "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КЕАҚ мен Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университеті (Беларусь Республикасы) арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары шеңберінде білім беру қызметтерін көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2012-2020 жылдар аралығында 2 және 3 курс студенттері жыл сайын БМАТУ-да семестрлік оқытудан және зауытта өндірістік практикадан өтті "Гомсельмаш" ААҚ, Гомель қ., Беларусь.

  

2009 жылдан бастап Қазақстанда "қазақстандық жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту"бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол оқытуды интернационалдандыруға, Болон процесі қағидаттарын белсенді енгізуді ынталандыруға, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, университеттің қоғамдағы тартымды имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған.

"Қазақстандық жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту" бағдарламасы аясында кафедра жыл сайын жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарын дәрістер оқуға, консультациялар мен семинарлар өткізуге, сондай-ақ докторанттардың ғылыми жетекшілері ретінде шақырады. Шетелден ғалымдарды шақыру білім алушылардың құзыреттілігін білім беру процесіне халықаралық көзқарас тұрғысынан жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мамандарды тарту кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби дамыту, түрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша консультациялар беру мақсатында жүзеге асырылады.

Шақырылған профессорлар - Shrini K. Upadhyaya (UC Davis, АҚШ), Peter Enters (Берлиндегі Гумбольд университеті, Германия), Акулович Леонид Михайлович, Сергеев Леонид Ефимович (Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университеті, Беларусь), Dr. Temel Sariyildiz (Кастамону университеті, Түркия), Farah Saleena Taip (Путра университеті, Малайзия), Яцек Цеслик, Марцин Кот, Bembenek Michał (AGH Краковтағы Ғылыми-техникалық университет, Польша), Карайванов Димитьр Петков (Химия-технологиялық және металлургиялық университет, Болгария), Артюхов Артем Евгеньевич (Сума мемлекеттік университеті, Украина).

Кафедра Краковтағы AGH Ғылыми-техникалық университеті (Польша), Химия-технологиялық және металлургия университеті (Болгария), Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Дэвистегі Калифорния университеті (UC Davis, АҚШ), Берлиндегі Гумбольд университеті (Германия), Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университеті (Беларусь), Кастамону университеті (Түркия), Путра университеті (Малайзия) және т.б. сияқты жақын және алыс шетелдегі жоғары оқу орындарымен халықаралық ынт ымақтастықты кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша қол қойылған шарттар негізінде кафедра қызметкерлері Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университетінде, Дэвистегі Калифорния университетінде, сондай-ақ AGH-UST Краков ғылым және технология университетінде біліктілігін арттырудан және тағылымдамадан өтті.

Министрліктің елімізде ғылым мен жоғарғы білімді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруы аясында, 2023 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызы мен қазан айының 06 жұлдызы аралығына Краков қаласының (Польша) AGH Ғылыми-техникалық университеті, Механикалық инженерия және робототехника факультеті, Өндірістік жүйелер кафедрасының профессоры, ғалым Михал Бембенек келіп, факультетіміздің студенттері, магистрлері және докторанттарына практикалық сабақтар жүргізіп, дәрістер оқыды. Магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстары бойынша кеңестер беріп, факультеттің профессор-оқытушылық құрамына Web of Science және Скопус деректер базасында индекстелетін, халықаралық рецензияланған журналдарда ғылыми мақалаларды жариялаудың ерекшеліктерімен бөлісті.

  

Студенттік өмір

Кафедра студенттермен тәрбие жұмысы мамандарды сапалы даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және балаларда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қазіргі өмір жағдайында адамгершілік, мәдени және ғылыми құндылықтарды сақтау және арттыру, еңбек нарығында сындарлы мінез-құлықты дамыту, сондай-ақ университет пен кафедраның дәстүрлерін қолдау мақсатында жүргізіледі.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешіледі:

■ оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасалады (академиялық топтардың студенттері мен кураторлары үшін бірлескен іс-шаралар өткізіледі);

■ студенттердің өзіне және қоршаған әлемге оң көзқарасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасалады (оқушылардың ішкі әлемін тануға бағытталған тренингтер, викториналар, дөңгелек үстелдер өткізіледі);

■ кіші курс студенттері оқу процесіне сәтті бейімделеді;

■ дарынды студенттер анықталады және оларға барлық жағынан қолдау көрсетіледі (план бойынша жұмыс ұйымдастырылады);

■ студенттердің қазіргі еңбек нарығына бейімделу деңгейі жоғарылайды;

■ студенттердің әлеуметтік дамуындағы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі (студенттік жастарды сабақтан тыс жұмыстарға белсенді қосу);

■ студенттік жатақханаларда тұру және өз бетінше жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасалады (кураторлардың бекітілген кестеге сәйкес академиялық топтарға баруы).

Кураторлардың академиялық топтармен жұмысының негізгі нысандары кураторлық сағаттардағы барлық оқу мәселелері бойынша кеңес беру болып табылады. Кураторлар экскурсиялар, мерекелік кештер, студенттермен жеке жұмыс, жастардың университетте, қала және облыс шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.

  

  

Студенттер жеке оқыту траекториясын таңдау, нақты пәндерді таңдау және оқу процесінің жалпы мәселелері бойынша эдвайзерден жеке қолдау мен кеңес алады. Мамандығымыздың біліктілігін арттыру мақсатында, студенттердің заманауи техника мен жаңа технологияларға белсенділігін арттыру үшін  кафедрамызда жыл сайын «Робототехника» пәнінен олимпиада өткізіліп тұрады. Бұндай олимпиадалар студенттердің замануи техниканы меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра алу үшін ұйымдастырылады. Үздік студенттік жұмыстар университеттік және республикалық ғылыми жұмыстар байқауларына ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған көптеген студенттер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2023-2024 оқу жылында Астана қаласының ЖОО арасында баскетболдан жолдастық турнир өтті. Оған елордадағы ең үздік 6 жоғары оқу орны қатысты.

А тобында NU, MNU, APEMS командалары, В тобында KAZATU, ENU GOTEBELES, AITU командалары жарысты.

Ойынның қорытындысы бойынша университетіміз KAZATU командасы 1 орынға ие болды. Команда құрамында 4 курс 06-064-20-08 тобының студенті Бакиров Мухаммед болды.

  

Университетте Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Брейн ринг» ойыны өтті. Ойынның мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін, инабаттылық мәдениетін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу, жастардың белсенділігін арттыру. Бұл ойында Волжский Бекназар жетекшілік ететін техникалық факультет студенттері «А-TWO» командасы бірінші орынды иеленді. Команда құрамында 06-064-23-06 тобының 1 курс студенттері Ілес Жүсіпбек, Жақсылықова Шұғыла және Таңжарық Думан да болды.

06-064-21-07 тобының студенті Жұматаев Әли  2022 жылғы маусымда ерлер командалары арасында регби-7 бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында (Жоғары лига) 3 орын алды.

   

  

06-064-21-07 тобының студенті Сейлбек Әлкей ерлер арасында КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушыларын еске алу боксы бойынша ашық республикалық турнирде 2 орын алды.

  

06-724-18-11 тобының студенті Аязов Амаль -"Астана" футбол клубының ойыншысы, командамен бірге Қазақстан премьер-лигасының күмісін жеңіп алды.

  

Байланыстар

010000, Қазахстан Республикасы, Астана қаласы,

«Техникалық факультет», №4 оқу ғимараты

тел.: +7 (7172) 395-314,

e-mail: kafedratmo@bk.ru

Импакт-факторы жоғары шетелдік журналдардағы жарияланымдар

№ п/п

Т. А. Ә.

Хирш Индексі

Құжаттар саны

Сайтқа сілтемелер

1.

Усербаев Муратбек Турарбекович

3

9

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57203345192

2.

Шеров Карибек Тагаевич

8

56

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55330253200

3.

Абулхаиров Дармен Каратаевич

1

2

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57783986200

4.

Кокаева Гулнара Айтикеновна

4

10

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57203342166

5.

Магавин Сабит Шамильевич

2

3

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57203157613

6.

Мендалиева Сауле Ильинишна

-

1

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57217175481

7.

Төлбаев Әбдікерім Әбеуұлы

1

2

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57190734028

8.

Хан Валерий Анатольевич

-

1

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57195914764

9.

Рамазанова Жанат Мусановна

3

15

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6602400880

10.

Искаков Руслан Маратбекович

5

15

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55965285900

11.

Шеров Айбек Карибекович

4

14

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55338903500

12.

Бобеев Абай Баханович

1

2

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57219187782

13.

Байшугулова Шырын Кадрменденовна

1

2

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57192104590

14.

Ержанова Акбота Ермухамедовна

3

7

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57340077400

15.

Сиргетаева Гульжан Ермековна

2

3

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57189224771

16.

Сагитов Алмат Ардакович

4

6

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57201701285

17.

Косатбекова Динара Шадиярбековна

-

2

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=58246670800

18.

Мажитова Ляззат Ашарбековна

1

2

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57222117205#tab=cited-by

19.

Мырзахмет Балғали

2

5

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57431687700

20.

Куанов Иса

2

8

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57215215845

21.

Есиркепов Азимбек

2

5

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56532115200

22.

Таттимбек Гүлерке

1

3

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57350039700

23.

Тусупбекова Гулим Магауияновна

1

2

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=58154515800

24.

Утеулов Канат Тулекбергенович

-

1

https://www.scopus.com/results/authorNamesList.uri?name=name&st1=Uteulov&st2=&origin=searchauthorlookup

 

«Роботты техника және мехатрон» зертханасы

Сонымен қатар кафедрада «Роботты техника және мехатрон» зертханасы бар, онда келесідей жабдықтар мен станоктар  орналасқан:

  • MakerBot Replicator 5 GEN SPECIAL EDITION 3D принтері
  • VT MINI 3D сканері
  • Stratasys F170 3D принтері
  • Cube Pro 3D принтері
  • FPV-25LP фрезерлік станогы
  • SPB_550/400 токарлық станогы
  • E-1516BVL/400 бұрғылау станогы
  • BKL-2000 екідискілі ажарлау станогы
  • FVV-30 әмбебап фрезелік станогы
  • SMT placer V-One баспа құрылғысы
  • РОБОТ- Манипулятор UR3 жиынтығы

Өнеркәсіптік-­тәжірибелік металл өңдеу және дәнекерлеу цехы

Лабораториялық меңгеруші: Гришин Александр Николаевич, техника ғылымдарының кандитаты, доцент.

Е­mail.ru: agun_grishin @mail.ru

Телефон: 8(7172) 39-74-51

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • техникалық мамандықтар пәндері үшін сапалы эксперименталды және өндірістік базаны құруды зерттеу;
  • металл өңдеу және дәнекерлеуде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдаланған кезде технологиялық машиналар мен жабдықтардың дизайнын жасау;
  • ауылшаруашылық және тамақ техникаларын металл өңдеу және дәнекерлеу саласындағы ғылыми­техникалық прогрестің соңғы жетістіктеріне студенттер, магистранттар мен докторанттар дайындау.

Мақсаттары және міндеттері:

Басты мақсат ­агротехника саласында жоғары білікті кадрларды даярлау, дәнекерлеу өндірісі мен металл өңдеудің заманауи технологияларын қолдана отырып, оқу үдерісінде озық оқыту әдістерін енгізу және ғылыми зерттеулерді дамыту.

Негізгі тапсырмалары:

  1. Тамақ өнеркәсібін, ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімнің сапасын және өндірістің техника-экономикалық деңгейін арттыруға арналған, негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін, бағдарламалар, мемлекеттік жоспарлар және ғылыми-техникалық болжамдарға сәйкес студенттерді, магистранттарды, докторанттарды оқыту.
  2. Дәнекерлеу және металл өңдеудегі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа белестерінің негізінде біліктілікті арттыру және оқыту мен қайта даярлауды қамтамасыз ету.
  3. Басқа ұйымдармен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, түбегейлі жаңа жабдықтармен, технологиялармен және материалдармен жасалған шарттық жобалармен өздерінің бірлескен зерттеулерін жүзеге асыру.
  4. Ғылыми мектептерді дамыту, қалыптастыру, студенттерді, магистранттарды және докторанттарды НИОКР орындауға тарту, оқу процессінде ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдану.
  5. Қазақстан және шет елдердің оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту.

Қондырғылармен қамтамасыздандырылуы 

  • CJ 0623 әмбебап токарлы станогы;
  • 6Н8 бұрғылау станогы;
  • PROMA FPX-20E фрезерлеу станогы ;
  • SPD-1000P әмбебап токарлы-винтокескіш станогы ;
  • Гидравликалық пресс;
  • ЧПУ Tormash фрезерлеу станогы - 4 дана ;
  • ARG 400 Plus S.A.F. таспалы-кескіш станогы;
  • MIG-200 дәнекерлеу аппараты - 5 дана;
  • МТР-1701 контактілі дәнекерлегіші;
  • НГ5222 пресс-қайшы ;
  • БМК құбыригіші;
  • UR-3 робот-манипуляторы;
  • VTMini 3D сканері;
  • MakerBot Replicator 3D принтері– 3 дана;
  • StratasysF-170 3D принтері;
  • SPB-500/400 токарлы станогы (үстелге қойылатын);
  • Е-1516VL/400 бұрғылау станогы;
  • Екі дискілі ажарлау станогы;
  • FVV-30 әмбебап фрезерлі станогы;
  • FPV25LP фрезерлеуші станогы;
  • Платалар басып шығаратын SMTplacerV - One құрылғысы;
  • Solid Works лицензиялы бағдарламасы;
  • DENER SMART XL CNC. табақ июші пресі.
ТМЖ кафедрасының докторанттары
Құжаттар
6В07105 Механикалық инженерия білім беру бағдарламасын мамандандырылған халықаралық алғашқы аккредиттеу (ex-ante) туралы куәлік
7М07106 Механикалық инженерия(2 ж.) білім беру бағдарламасын мамандандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік
8D07105 Механикалық инженерия білім беру бағдарламасын мамандандырылған халықаралық алғашқы аккредиттеу (ex-ante) туралы куәлік
6В07104 Технологиялық машиналар және жабдықтар білім беру бағдарламасын мамандандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік
"6В07104 - Технологиялық машиналар және жабдықтар" білім беру бағдарламасы
"8D07105 - Механикалық инженерия" білім беру бағдарламасы
"7М07106 - Механикалық инженерия" білім беру бағдарламасы
«Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы (докторантура)
«Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы (магистратура)
«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы (бакалавриат)
«Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы (бакалавриат)
Білім беру бағдарламалары тобын дамыту жоспары
2024-2029 жылдарға арналған В064-Механика және металл өндеу білім беру бағдарламалар тобы бойынша 6В07104-Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 6В07105- Механикалық инженерия білім беру бағдарламаларын даму жоспары
2024-2029 жылдарға арналған М103-Механика және металл өндеу білім беру бағдарламалары тобы бойынша М07106-Механикалық инженерия Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары
2024-2029 жылдарға арналған D103- Механика және металл өндеу білім беру бағдарламалары тобы бойынша 8D07105-Механикалық инженерия білім беру бағдарламасын дамыту жоспары
Элективті пәндер каталогі 6В07104 -"Технологиялық машиналар және жабдықтар" (2023 ж.)
7М07106 -"Механикалық инженерия" элективті пәндер каталогі (2023 г.)
Элективті пәндер каталогі 6D07105 -"Механикалық инженерия" (2023 ж.)
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГІ 6B071 Инженерия және инженерлік іс дайындық бағыты бойынша білім алушыларға арналган Білім беру бағдарламасының элективті пәндерінің қысқаша сипаттамасы
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГІ 7M071 Инженерия және инженерлік іс дайындық бағыты бойынша білім алушыларға арналган Білім беру бағдарламасының элективті пәндерінің қысқаша сипаттамасы
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГІ 8D071 Инженерия және инженерлік іс дайындық бағыты бойынша білім алушыларға арналган Білім беру бағдарламасының элективті пәндерінің қысқаша сипаттамасы