Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті
Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті

Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті

 

Орман шаруашылығы және экология саласындағы мамандарды даярлау  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Астана қаласының айналасында жасыл белдеу құру үшін 2001 жылы басталған болатын, қазіргі уақытта бұл белдеу жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасына айналып, нағыз орман қалыптасты. Сонымен қатар орман экологияның бір бөлігі екенін бәріне мәлім, бұл мамандарды даярлау үшін осы бағыттарды біріктіру мүмкіндігін көрсетеді.

 

Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті өз тарихын 2021 жылдың 30 сәуірінде бастады. Факультетте 2000-нан астам мамандар дайындалды, олардың көпшілігі Қазақстанның ғана емес, ТМД және алыс шетел елдерінің халық шаруашылығында жетекші инженерлік және әкімшілік лауазымдарға ие. Факультет өзінің бейіні бойынша орталық және Солтүстік Қазақстанда жетекші оқу орындарының бірі саналады.

Факультет құрамында 3 кафедра жұмыс істейді:

Факультет келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

Бакалавриат:

6В08303-Қорғаныштық орман өсіру

6В08302-Ландшафтық дизайн және көгалдандыру

6B05202 -Агроэкология

6В0052-Табиғат пайдалану

6В08301-Аңшылықтану және аң шаруашылығы

6B08401-Аквакультура және су биоресурстары

 

Магистратура:

7М08301 - Орман-саябақ шаруашылығы

7М08307 - Биоресурстарды басқару

7M08307 - Табиғи ресурстарды тұрақты басқару

7М08304 - Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

7M08401 - Интенсивті балық шаруашылығы

 

Докторантура:

8D08301 - Орман ресурстарын тұрақты басқару

8D08302 - Жабайы табиғат

 

Факультетте дайындық бағыттары бойынша біріккен диссертациялық кеңес жұмыс істейді:

6D080100 – Агрономия

6D08800 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы

 

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамында 57 жоғары білікті маман бар, олардың ішінде 5-уі - ғылым докторы, 22-і - ғылым кандидаты, 7-ы - PhD, 23-і -  магистр, бір оқытушы - "Болашақ" бағдарламасының түлегі, 6 оқытушы - "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері. Білім алушылар контингенті 1148 студентті, 23 магистрант пен 11 докторантты құрайды.

Факультеттің жетекші ғалымдарының орман шаруашылығы және қоршаған орта саласында 6 ғылыми мектебі бар. Факультет оқытушылары орман шаруашылығы мен қоршаған ортаның, орманды қорғау, егіншілік, агрохимия және өсімдік шаруашылығының түрлі салаларында ғылыми және практикалық мәселелерді жемісті әзірлейді.

 

Факультеттің негізгі ғылыми бағыттары:

Ормандарды сақтау және молайту

Су қоймаларының экологиялық мониторингі

Қазақстан Республикасының балық шаруашылығының өзекті мәселелері

Көгалдандыру жүйесін оңтайландыру және ландшафтық дизайн

 

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы 2023 жылы 87%-ды құрады.

2021 жылдан бастап Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта" факультетті ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Сарсекова Дани Нургисаевна басқарады.

Қазіргі кезде факультетті а.ш.ғ.к. Боранбай Жұмағұл Таңатқанұлы басқарады.