Әскери кафедра

Әскери кафедра

 

Кафедра әскери даярлықты 1958 жылғы қазан айынан жүргізе бастады.  

1985 жылы 4 қабатты оқу ғимараты салынып, әскери автомобильдік техниканы сақтау паркі, атыс тирі іске қосылды. 

1969 жылы кафедрада тактикалық цикл, 1971 жылы, 1975 жылы – автомобиль циклы ашылып, 2018 жылы ол арнайы пәндер циклы болып аты өзгертілді және 2021 жылы запастағы сержанттарды даярлау циклы ашылды.

1976 жылы «Жалпыәскери мақсаттағы автомобиль бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» жаңа әскери-есептік мамандығы ашылды. 

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша  бар екі ӘЕМ-ге келесі әскери-есептік мамандықтар ашылды:

  • 2009 жылы  «Көп мақсатты қолданымдағы автомобильдік техниканы жөндеу және пайдалану», «Топографиялық жұмыстар»;
  • 2018 жылы «Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру»;
  • 2020 жылы «Топогеодезиялық қамтамасыз ету бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану». 
  • 2020 жылы запастағы сержанттарды даярлау циклы ашылып, алты әскери-есептік мамандықтар бойынша студенттерді қабылдау басталды.

Кафедра жұмысы студенттер қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен басқа да күш құрылымдары үшін запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкес теориялық және тәжірибелік тұрғыда терең білім мен дағдыға ие, жоғары кәсіби біліктілігі бар запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды даярлауға бағытталған

Әскери кафедрада әскери дайындық үш циклда, он екі әскери–есептік мамандық  бойынша жүргізіледі.

Тактикалық цикл: «Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану», «Топографиялық жұмыстар», «Топогеодезиялық қамтамасыз ету бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану».

Арнайы пәндер циклы: «Көп мақсатты қолданымдағы автомобильдік техниканы жөндеу және пайдалану», «Жалпыәскери мақсаттағы автомобиль бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану», «Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру».

Запастағы сержанттарды даярлау циклы: «Атқыштық», «Граната атқыштық», «Пулеметтік», «Автомобильдер», «Тракторлар», «Автомобиль техникасының электржабдықтары».

Бітіруші кафедра болып табылады.

Қазіргі таңда әскери кафедра білікті профессор-оқытушылар құрамымен қамтылған. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының штаты 20 офицерден құралады. Барлық офицерлердің үлкен әскери тәжірибесі, әскери білімі бар және штаттық тағайындалуына сәйкес келеді. 

Олардың арасында Ауған соғысына қатысушылар, Отан алдындағы ерен еңбектері үшін мемлекеттік мақтаулармен марапатталған офицерлер бар, атап айтқанда:

«ІІ-дәрежелі Айбын» орденімен - отставкадағы полковник Т.А. Дуламбаев, запастағы полковник Аяпергенов А.Н.;

«Қызыл жұлдыз» орденімен, «Жауынгер-интернационалистке Ауған халқынан алғыс» медалімен - отставкадағы майор Қ.Қ. Рахимгулов;

«Жауынгер-интернационалистке Ауған халқынан алғыс» медалімен,  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен - запастағы полковник Қ.Д. Ерғалиев;

«Жауынгер-интернационалистке Ауған халқынан алғыс» медалімен,  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен - запастағы полковник М.М. Жақсылықов;

КСРО Мемлекеттік шекарасын үздік қорғағаны үшін медалімен – отставкадағы полковник Қ.К.Капушев;

II дәрежелі "Үздік шекара әскері" төсбелгісі,"Тәжікстандағы бітімгершілік күштер" төсбелгісімен – отставкадағы подполковник О.О.Большекбаев;

Отставкадағы майор К.К. Рахимгулов 1986 жылы сәуір-мамыр айларында Чернобыль АЭС-дағы апаттың салдарын жоюға қатысқан болатын.

Кафедраның барлық профессор-оқытушылар құрамымен:

ӘЕМ «Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану» білім алушыларына 12 пәннен;

 ӘЕМ «Топографиялық жұмыстар» білім алушыларына 11 пәннен;

ӘЕМ «Топогеодезиялық қамтамасыз ету бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану»  білім алушыларына 11 пәннен;

ӘЕМ «Көп мақсатты қолданымдағы автомобильдік техниканы жөндеу және пайдалану» білім алушыларына 16 пәннен;

 ӘЕМ «Жалпыәскери мақсаттағы автомобиль бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» білім алушыларына 16 пәннен;

ӘЕМ «Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру» білім алушыларына 15 пәннен сабақ беріледі.

Кафедрада 24 дәрісхана, олардың ішінде 14 дәрісхана мультимедиялық құралмен жабдықталған, 2 компьютерлік сынып, қару сақтауға арналған бөлме, интерактивтік тақта, 65 персоналдық компьютер бар.

Тәжірибелік сабақ өткізу үшін дәрісханалар келесі пәндер бойынша қажетті құралдармен жабдықталған:

тактикалық дайындық бойынша – жер бедері моделі;

техникалық дайындық бойынша – БМП-1, БМП-2 оқу-әрекетті стенді;

әскери автомобиль техникасының құрылысы және жөндеу бойынша – КамАЗ-4310, МТ-ЛБ оқу-әрекетті стендтері, КамАЗ-740 пен ЗиЛ-131 қозғалтқыштарының, КамАЗ және ЗиЛ автомобильдерінің негізгі беріліс агрегаттары; 

жүргізу бойынша – әскери автомобиль және броньді танк техникасының паркі, жүк және жеңіл автокөлігін жүргізу жаттықтырғыштары 3 бірлік.

оттық дайындық бойынша – «Боец» атыс жаттықтырғышымен жабдықталған 50 метрлік атыс тирі;

әскери топография, әскерлерді топогеодезиялық қамтамасыздандыру, топографиялық жұмыстар бойынша – топобайланыстырғыш, 2 электрондық тахеометр, карталарды цифрлау, 3D көзкөрімді өткізу, ірі масштабты топографиялық жоспарларды сызу мақсатында ArcGIS Desktop, Mapinfo, AutoCAD арнайы бағдарламалармен жабдықталған компьютерлер бар сынып; 

саптық дайындық бойынша - арнайы таңбалары және үйрену стендтері мен айналары бар саптық алаң.

  • оттық дайындық бойынша – «Боец» атыс жаттықтырғышымен жабдықталған 50 метрлік атыс тирі;
  • әскери топография, әскерлерді топогеодезиялық қамтамасыздандыру, топографиялық жұмыстар бойынша – топобайланыстырғыш, 2 электрондық тахеометр, карталарды цифрлау, 3D көзкөрімді өткізу, ірі масштабты топографиялық жоспарларды сызу мақсатында ArcGIS Desktop, Mapinfo, AutoCAD арнайы бағдарламалармен жабдықталған компьютерлер бар сынып; 
  • саптық дайындық бойынша - арнайы таңбалары және үйрену стендтері мен айналары бар саптық алаң.

№ 210 компьютерлік сыныпта кафедраның барлық пәндері бойынша электрондық кітапхана, ПК Windows негізгі нұсқасынан басқа Adobe Fotoshop CS4, CorelDRAW, ABBYY FineReader бағдарламаларымен жабдықталған,   сондай-ақ, сыныпта төменде аталған негізгі пәндер бойынша электрондық тестілеу өткізіледі:

  1. Әскери автомобиль техникасының құрылысы
  2. Әскери автомобиль техникасын жөндеу
  3. Әскери автомобиль техникасын пайдалану
  4. Автомобильдік қызмет және әскери автомобильдік тасымалдаулар
  5. Тактикалық дайындық
  6. Техникалық дайындық
  7. Оттық дайындық
  8. ҚР Қарулы Күштерінің Жалпыәскери жарғылары
  9. Жол жүру ережелері
  10. Азық-түлікпен қамтамасыз ету
  11. Әскери тамақтану
  12. Азық-түлік қызметінің техникалық құралдары
  13. Әскери тыл
  14. Тамақ өндірісінің технологиясы
  15. Техникалық құралдар мен азық-түлікті сақтау

Әскери кафедра өз қызметінде басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасының Конституциясын;
«ҚР қорғау және Қарулы күштері туралы» заңын;
- ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңын;
- ҚР «Білім туралы» заңын;
- ҚР Қарулы Күштері, басқа әскерлері және әскери құрылымдары жарғыларын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын;
- ҚР ҚМ бұйрықтары мен өкімдерін;
- С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ жарғысын;
- Университеттің ішкі тәртіп ережелерін;
- Басқарма төрағасының бұйрықтары мен өкімдерін.

Әскери кафедра құрылғаннан бері шамамен 15 мың запастағы офицерлер даярлап шығарылды, олардың ішінде біразы қазіргі уақытта Қарулы Күштердің әртүрлі лауазымдарында, ҚР Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінде, Президенттің Күзет қызметінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Сарыарқа ауданының Әкімдігінде, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, Ақмола өңірлік гарнизоны Әскери полициясында, 68665 әскери бөлімінде және т.б. қызмет атқарып жатыр.  

Атап айтқанда, ҚР Қарулы Күштерінде жоғары лауазымдарда генерал-майор С.К. Джазин – Алматы облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің бастығы, полковник Е.Т. Қожахметов – ҚР Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлер Бас штабы бастығының орынбасары, полковник Б.Н. Нұрмаханов – ҚР Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары, полковник Р.Ө. Қоқышев – ҚР Қарулы Күштері Тылы киім-кешек басқармасының бастығы және т.б. қызмет атқаруда.  

Сондай-ақ, біздің университеттің түлектері кафедраның бұрынғы бастығы полковник С.Қ. Әлжапаров, бұрынғы бастық орынбасары запастағы подполковник Д.И. Мериняну болып табылады.

Кафедраға отставкадағы полковник  Т.А. Дұламбаев басшылық етеді.

Кафедра тарихы
Мамандықтар бөлімі
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы
Студенттік өмір
Байланыстар

Киім үлгісі