Басты бет / Жаңалықтар / Экономикалық факультет жыл сайыңғы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді
Экономикалық факультет жыл сайыңғы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді

Просмотров: 559

Туған алма-матердің қабырғаларынан жаңа ғана ұшқалы отырған кез келген түлекке бұдан әрі не болатынын және кәсіби мансабының жолын неден бастау керектігін бірден түсіну қиын.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жауапты жоғары оқу орны ретінде өзі тәрбиелеген мамандардың кәсіби тағдырын қадағалайды және олардың табысты жұмысқа орналасуына барлық жағынан ықпал етеді.

Сондықтан жыл сайын, соның ішінде соңғы екі апта ішінде ҚазАТЗУ-дың барлық факультеттері Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып, өз салаларының озаттарын түлектермен танысуға, әр мекемеге өз ұйымдары туралы ақпарат беруге ықпал етіп, бос жұмыс орындарын ұсынуға шақырады.

2024 жылдың 18 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Экономикалық факультетінде «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті. 

Іс-шараның мақсаты – факультет түлектерін жұмысқа орналасуға қажетті бағыт-бағдар мен тиімді кеңестермен қамтамасыз ету.

Аталған іс -шараға экономикалық факультеттің 6В04102 – «Қаржылық аналитика», 6В04103 – «Бизнесті басқару және кәсіпкерлік», 6В04104 – «Digital marketing», 6В04105 – «Заманауи бизнес экономикасы», 6В04106 – «Бухгалтерлік есеп, аудит және салықтық консалтинг» білім беру бағдарламалары бойынша  білім алушы түлектері қатысты.

Сондай-ақ кездесуге 30-дан астам ірі және орта бизнес өкілдері, Астана қаласының Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Нұра, Алматы аудандарының МКД, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қатысты.

Жәрмеңке барысында әр мекеме өкілдері мен жұмыс беруші кәсіпорындар бітіруші түлектерге өз мекемелері туралы ақпарат беріп, жұмысқа шақырды.