Басты бет / Жаңалықтар / Карстен Ноклер биоқауіпсіздік мәселелері бойынша дәріс оқыды
Карстен Ноклер биоқауіпсіздік мәселелері бойынша дәріс оқыды

Просмотров: 408

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне 2024 жылдың 22-25 сәуір аралығында шетелдік ғалым, профессор, Ветеринариялық медицина докторы, Тәуекелдерді бағалау жөніндегі Федералды институттың (Берлин, Алмания) биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Карстен Ноклер (Karsten Nöckler) іс-сапармен келіп, өзінің тәжірибесімен бөлісіп қайтты. Бекітілген іс-шаралар бағдарламасы қанық әрі жемісті болды.

Профессор ВжМШТ факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін биологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқыды. Оның студенттерге арналған дәрістері мен семинарлары қызығушылықты тудырды, өйткені олар бай практикалық тәжірибеге негізделген.

Сапар аясында бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау, докторанттарға жетекшілік жасау және жазғы мектепке қатысу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.