Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті
Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті

Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті

 

Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті дербес бөлімше ретінде 1985 жылдан бері қызмет атқарады. Жиырма жылдық тарихы бар факультет өз атауын бірнеше рет өзгертті: инженер-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық, гуманитарлық-педагогикалық. Факультетті құру республикамыздың солтүстік және орталық аймақтарында инженер-педагог және IT мамандарының қажеттілігінен туындады.

Факультет құрылған күннен бастап 3000-нан астам маман дайындалды, олардың көпшілігі Қазақстан Республикасы мен шетелдің сан-салалы кәсіпорындарында жетекші инженерлер, бағдарламаушы және әкімшілік лауазымдарда қызмет етуде.

Факультет құрамы 6 кафедрадан тұрады:

1) Компьютерлік ғылымдар;

2) Ақпараттық жүйелер;

3) Жоғары математика;

4) Физика және химия;

5) Кәсіптік білім беру;

6) Дене тәрбиесі.

Мамандарды дарялау келесі білім беру бағдарламалар бойынша дайындалады:

 

Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті профессор-оқытушылық құрамына 115-тен астам жоғары білікті мамандар қызмет етеді, оның 6-ы ғылым докторы, 36 - ғылым кандидаты, 9 - PhD, 41 - магистр, 3 - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылар.

Оқу үдерісін қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін факультетте жабдықтау деңгейі бойынша барлық қажет талаптарға сай 3 зертхана, 1 ғылыми-зерттеу орталығы және 1 оқу орталығы, 11 компьютерлік сыныптар жұмыс істейді.

Факультет студенттері келесі бағдарламалық кешендердің жобасын жасап, пайдалануға ұсынды:

  1. КЖжКББ факультеті деканатына арналған «Студенттерді есепке алу» автоматтандырылған жүйесі;
  2. Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасарының тапсырысы бойынша «Аудитория төлқұжаты» желілік ақпараттық жүйесі;
  3. «Студенттік жатақханалар» желілік ақпараттық жүйесі;
  4. «ҚазАТУ инженерлік желілері» желілік ақпараттық жүйесі;
  5. @ksipobot - Telegram-бот.  

2020 жылғы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі өткізген рейтинг бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының арасында 8D01401 - «Техникалық және кәсіптік білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша 1-ші орынға, 7M01401 - «Кәсіптік білім берудегі көшбасшылық» білім беру бағдарламасы бойынша 3-ші орынға ие болды.

Факультет деканы - Ибышев Ержар Садуахасович.

 

     



Факультет тарихы

Компьютерлік жүйелер жəне кəсіптік білім беру факультеті дербес бөлімше ретінде 1985 жылдан бері қызмет атқарады. Факультеттің қалыптасуы мен дамуына академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор К.Ə. Сағадиев, ғылым докторлары Б.О. Əлімжанов, Я.Я. Мауль, А.К. Бұлашев, ғылым кандидаттары, доценттер В.А.Любарец, Б.Н. Гурин, Ж.К. Əбельдина, А.А. Лошак, К.К. Тақабаев, М.А. Əдуов, О.А.Черемисинов, Н.А.Фабрицкий, И.К. Шнельбах, В.А. Родионова жəне т.б. өз үлестерін қосты.

Факультеттің алғашқы деканы доцент, т.ғ.к. В.А. Любарец (1985-1990 жж.) болып сайланды, оның орнын доцент, т.ғ.к. Б.Н. Гурин (1990-2001 жж.) басты, 2001 жылдан бастап факультетті ф-м.ғ.к., доцент Ж.К. Əбельдина (2001-2006 жж.) басқарды, 2006 жылдан бастап ф-м.ғ.к., доцент Ə.Ж. Асқарова (2006-2018 жж.) басқарды,  2018 жылдан бастап ф п.ғ.д., профессор Қ. А. Сарбасова (2018-2020 жж.) басқарды. Қазіргі таңда факультет деканы - ф.-м. ғ. к., доцент Әлия Боранбайқызы Аруова.

Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі

Факультеттің ғылыми қызметі мамандар даярлау үдерісінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми үдерістердің бірлігі ҚР  республикалық бюджет қаражаты және бюджеттен тыс қаржыландырудың көзі есебінен студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта факультеттің ПОҚ құрамы 115-тен астам адам құрайды, оның ішінде 6 ғылым докторы, 36 ғылым кандидаты, 9 PhD, 41 магистр, 3 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылар қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта КЖжКБб факультетінде бірқатар индикаторлар бар, оларға сәйкес кафедралардың ғылыми қызметінің тиімділігі анықталады:

  • кафедраның ғылыми дәрежелілігі;
  • кафедрада ынталы тақырыптардың болуы;
  • кафедрада қаржыландырылатын тақырыптардың болуы;
  • профессор - оқытушылар құрамының патент/авторлық құқық алудағы белсенділігі;
  • жарияланымдар (РҒДИ бөлінісінде, БҒСБК базасы, нөлдік емес импакт-факторы бар басқа журналдар);
  • докторлық жұмыстарды қорғау бойынша диссертациялық кеңестің жұмысы.

Факультеттің ПОҚ мемлекеттік тіркеуі бар 12 ынталы тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізуде. Сонымен қоса, факультете үш халықаралық ғылыми жобалар жүзеге асырылуда:

1) «Өмір бойы оқыту және білім экономикасына арналған трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту – DIREKT» тақырыбында №574157-EPP-1-2016-1-IE-EPPKA2-CBHE-JP Erasmus+ халықаралық бағдарламасы негізіндегі жоба.

2) «Developing services for Individuals with Disabilities» Erasmus+ халықаралық бағдарламасы шеңберінде DECIDE (№598661) жобасы іске асырылуда.

3) «Control, observation and identification of differential equation networks» тағырыбындағы № 1716971 ғылыми жоба АҚШ Ұлттық ғылыми қорымен қаржыландырылуда (The National Science Foundation - NSF).

2020 жылы мемлекет атынан жарияланған ҚР БҒМ ғылыми дамытудың басым бағыттары бойынша 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа факультеттің оқытушыларының атынан 14 өтініш берілді, және жас ғалымдардың конкурсына да 1 өтініш берілді. Нәтижелері бойынша 2 жоба 2021-2023 жылдарға ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруына ие болды:

  • №AP09259657 «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторинг автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу», жоба жетекші п.ғ.к. Ж. Е. Зулпыхар.
  • №АP09260956 «Аграрлық саласындағы зерттеу университетінде қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдіснамалық негіздері», жоба жетекшісі п.ғ.д., профессор А. М. Әбдіров.

Факультетте ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған жабдықтау  деңгейі бойынша барлық қажетті талаптарға сай 3 зертхана мен 1 ғылыми-зерттеу орталығы  және 1 оқу орталығы бар:

  1. «Бұзбай бақылау» зертханасы, зертхана меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Ж.Х.Жантлесов.
  2. Б. Әбдікәрімұлы атындағы «Тұлғаның қазіргі заманғы психологиялық мәселелері», ғылыми жетекшісі п.ғ.к., аға оқытушы Д.С. Шахметова.
  3. «Информационные технологии» зертханасы, зертхана меңгерушісі магистр, аға оқытушы А.С. Аканова.
  4. Мамандарды жеделдете оқыту ғылыми-зерттеу орталығы, ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор Т.Т. Галиев.
  5. IT оқу орталығы, орталық жетекшісі А.Г. Шаушенова.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері әртүрлі республикалық және халықаралық конференцияларда, симпозиум форумдарында баяндалады және жарияланады. 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін соңғы бес жылда факультет ПОҚ ғылыми жұмыстары жарияланымдарының белсенділігі 959 мақаланы құрайды. 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде Web of Science және Scopus, білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынылған және Ресей ғылыми дәйексөз индексі бар базаларының халықаралық ғылыми басылымдарында 312 мақала жарияланды. Факультеттің 11 ғалымда Хирш индексі бар.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап факультетте АКТ кафедрасының аға оқытушысы, магистр, IQBBA сертификатталған бизнес талдаушысы, Astana Hub сертификатталған трекері, факультетте ҒЗЖ үшін жауапты А.О. Сейфуллина инновациялық қызметті ынталандыру үшін факультеттің студенттері мен ПОҚ арасында хабардарлықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде:

  • 12.02.2021 ж. - 6.05.2021 ж. аралығында АКТ және АЖ кафедрасының студенттерінің Назарбаев Университетінің «ABC Incubation x TCA 2.0» бизнес инкубация бағдарламасына қатысуы үшін «CrossTime» стартап жобасы әзірленді (http://nuris.nu.edu.kz/incubation2021).
  • АКТ кафедрасының 1-курс магистрантының магистрлік диссертациясы «КЖжКБб факультетінің ғылыми қызметінің бизнес-процестерін талдау» тақырыбы шеңберінде өткізілетін конференциялар, тағылымдамалар, қаржыландыру, стипендиялар туралы ақпаратты қамтитын http://science-innovation.tilda.ws/ интернет - ресурс әзірленді.
  • факультеттің студенттері үшін 2 ашық дәрістер өткізілді.
ШЕТЕЛДІК СЕРІКТЕСТЕР - УНИВЕРСИТЕТТЕР МЕН ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАР

1. Путра Университеті Малайзия, Малайзия, http://www.upm.edu.my/

2. Куала-Лумпур университеті, Малайзия, http://www.unikl.edu.my/

3. Милан мемлекттік университеті, Италия, Милан қ., http://www.unimi.it/

4. Оклахома университеті, АҚШ, https://www.ou.edu/

5. Я. Купалы атындағы Грондый мемлекеттік университеті, Беларусь Республикасы, http://www.grsu.by/

Әлеуметтік серіктестер

Мекеме атауы

Заңды мекенжайы

1

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» КММ

Нұр-Сұлтан қ.,  Қорғалжын тас жолы көшесі, 22

тел.: +7 (7172) 57-05-44, 57-05-46

E-mail: ptk-astana@mail.ru

2

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көп салалы колледжі» МККК

Нұр-Сұлтан қ., Қарасай батыр көшесі, 19

тел.: +7 (7172)94-12-39

E-mail: P_L_7@mail.ru

3

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МККК

Нұр-Сұлтан қ.,  Ж.Жабаев көшесі, 14

тел.: +7 (7172) 60-75-08, 60-75-08

E-mail: tehcollege.kz

4

«Щучинск қ. Жоғары колледжі» МККК

021700, Ақмола обл., Бурабайауданы,  Щучинск қ.,Абылай-Хан көшесі, 50

тел.: +7 (71636) 2-33-22

Факс: +7 (71636)4-41-38

E-mail: college34@mail.ru

5

«ҚазақстанНАТ» АҚ

Нұр-Сұлтан қ.  Күйші Дина көшесі, 3

тел.: +7 (7172) 73-01-00, 73-01-11

E-mail: cv@nat.kz

6

«Arta Software» ЖШС

Нұр-Сұлтан қ.,  Мәңгілік Ел даңғ. 8,

блок 17В,

тел.: +7 (7172) 50-25-20

E-mail: arta.pro

7

Компьютерлік Академия «ШАГ»

Нұр-Сұлтан қ., Ә.Молдағұлова көшесі, 25

тел.: +7 (7172) 31-33-28, +7 (705) 53-53-553,

E-mail: krast@itstep.org

8

«Информ-Систем» ЖШС

010000,  ​ Нұр-Сұлтан қ.,«Болашақ»БО,

Ә. Бөкейхан көшесі, 12 үй

тел.: +7 (7172) 55-41-22

E-mail: tyulegenova_d@rcku.kz

9

«1С-Батыр» ЖШС

010000, Нұр-Сұлтан қ.,Петров көшесі,  5/3 үй, ВП 3

тел.: +7 (7172) 24 86 28, +7 (701) 419-34-89

E-mail: mori@1c-batyr.kz

10

«IntegritySystems» ЖШС

010000, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 3

тел.: +7 (7172) 48-59-57

11

«QLT» ЖШС

010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбайбатыр даңғ., 47

E-mail: dauren@qlt.kz

12

«БайлықФинанс»

010000, Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 23/3

E-mail: aigulsalybekova@gmail.com

13

REPUBLICAN PUBLIC ASSOCIATION «UNION OF FARMERS OF KAZAKHSTAN»

010000, Нұр-Сұлтан қ.,Мәскеу көшесі, 18

тел.: +7 (7172) 50-99-28, 50-99-29,

50-99-30

E-mail: ibrayev.sn@gmail.com

14

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғ.,  29

тел.: +7 (7172) 55-29-81,+7 (707) 290-70-70

E-mail: Rustem.bayetov@gmail.com,

15

«Еуразиялық Банк» АҚ

010000, Нұр-Сұлтан қ.,  Қабанбай батыр даңғ., 30

тел.: +7 (7172)59-21-43 ішкі: 05044

E-mail: Nazym.Sabit@eubank.kz

16

1С франчайзинг Ваниев

Нұр-Сұлтан қ.,Ә.Жангелдин көшесі,19

тел.: +7 (7172) 62-69-11

E-mail: astana@1c-fran.kz

17

Филиал «ALSI INNOVATION»

Нұр-Сұлтан қ.,  Сарыарқа даңғ., 26

тел.: +7 (7172) 55-04-02

E-mail: irina.savintseva@alsi.com

2021-2022 оқу жылына талапкерлер қабылдау

 «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру» факультетінің

2021-2022 оқу жылына білім алушыларды тарту жоспары

 

Даярлау бағыты

Даярлау  бағытының коды

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Барлығы

1

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар

6В061

155

50

7

212

2

Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

6В014

15

13

1

29

Барлығы

 

170

63

8

241

Байланыс

Біздің мекен-жайымыз:

010000, Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ, Жеңіс даңғылы, 62а,

ғимарат 2, 5 қабат, 2515, 2516

Телефон: +7(7172) 38-40-02

E-mail: csvt@kazatu.kz

Құжаттар
Факультеттің серіктес кәсіп орындары мен ұйымдары
Факультет түлектері