Просмотров: 2486
2024 жылдың 23 қаңтары күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде кезектен тыс Ғылыми кеңес жиналысы өтті.
Күн тәртібінде 2 мәселе қарастырылды:
Бірінші сұрақ бойынша университеттің Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директоры, техника ғылымдарының кандидаты Қуаныш Қойшығұлұлы Дәуренбеков Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуовке және Ғылыми кеңес мүшелеріне есеп берді.
Қуаныш Қойшығұлұлы 2023-2024 оқу жылындағы қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша бакалавриаттың босаған мемлекеттік білім беру гранттарына үміткерлер туралы ақпаратты көпшіліктің назарына ұсынды.
Қуаныш Дәуренбеков өз баяндамасында 2023-2024 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша бакалавриат пен мамандықтың білім беру бағдарламалары бойынша 328 бос білім беру гранттары босатылғандығын айтты.
Конкурсқа бакалавриат пен мамандықтың білім беру бағдарламалары бойынша барлығы 305 адам қатысады. Университеттің Ғылыми Кеңесінің бекітуіне бүкіл оқу кезеңінде ең жоғары GPA балы бар 122 үміткерлердің құжаты ұсынылып отыр.
Соның ішінде төмендегі факультеттер бойынша игерілген және ваканттық грант саны мен үміткерлер туралы ақпарат берілді.
Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті
Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті
Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті
Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті
Сонымен қатар, 2023-2024 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша 13 бос білім беру гранттары босатылды.
Университеттің Ғылыми Кеңесінің бекітуіне бүкіл оқу кезеңінде ең жоғары GPA балы бар және оқу үлгерімі жоғары 3 үміткер ұсынылады.
Университтеттің антикоррупциялық комплаенс қызметінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушевтің басшылығымен өткізілген Қоғамдық кеңесте кеңес мүшелері үміткерлерді оқу үлгерімі, GPA балы, студенттің университтің қоғамдық өміріне қатысуы секілді бірнеше критерийлер бойынша анықтады.
Үміткерлердің тізімі 2024 жылдың 24 қаңтарына дейін белгілі болады.
Ясмина Найзақұл
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.