
Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты өз тарихын ауыл шаруашылығын механикаландыру факультеті ретінде 1957 жылдың қазан айынан бастады. Әрі қарай даму барысында мехфак құрамынан 1961ж. ауыл шаруашылығын электрлендіру факультеті (энергетикалық факультет) және 1985 ж. - инженерлік-педагогикалық факультет бөлініп шықты. Аталған мерзім бойына факультеттің материалдық-техникалық базасы, әдістемелік қамтамасыз етілуі және ғылыми-педагогикалық потенциалы өсті. 2000 жылы атауы техникалық факультет болып өзгертілді.
Осы мерзім ішінде институт 10000 – нан астам мамандық иелерін дайындады, олардың басым көпшілігі Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД және алыс шетелдердің халық шаруашылығының әр саласында жетекші инженерлік және әкімшілік қызметтер атқаруда. Институт өз профилі бойынша Орталық және Солтүстік Қазақстандағы жетекші болып табылады.
Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтында 3 білім беру бағдарламалар тобы қызмет атқарады:
Аталған білім беру бағдарламалары топтарының жетекшілері:
– Каспаков Есеналы Жаксылыкович – «Агроинжинерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобының жетекшісі.
– Алдабергенова Сауле Салимжановна – «Көлік техникасы, технология және стандартизация, сертификация және метрология» білім беру бағдарламалары тобының жетекшісі;
– Какимов Мұхтарбек Мұқанович – «Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламалары тобының жетекшісі;
Мамандарды даярлау білім берудің үш деңгейі бойынша жүзеге асырылады:
Бакалавриат (7 білім беру бағдарламасы):
6В08701 – Агроинженерия
6В07106 - Көлік, көліктегі техника және технологиялары
6В11301 – Көліктегі логистика
6В07501 - Стандарттау, сертификаттау және метрология
6В07104 - Технологиялық машиналар және жабдықтар
6В07105 – Механикалық инженерия
6В07201 –Тамақ өнімдерінің технологиясы
Магистратура (6 білім беру бағдарламасы):
7M08702 – Агроинженерия
7M071107 - Көліктегі техника және технология
7M07501 - Стандарттау, сертификаттау және метрология
7M08701 – Дәл егіншілік
7M07106 – Механикалық инженерия
7M07201 – Тамақ өнімдерінің технологиясы
Докторантура (5 білім беру бағдарламасы):
8D08701 – Агроинженерия
8D07106 – Көліктегі техника және технологиясы
8D07501 - Стандарттау, сертификаттау және метрология
8D07105 – Механикалық инженерия
8D07201 – Тамақ өнімдерінің технологиясы
Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтында профессорлар мен оқытушылар құрамында 140 – тан астам жоғары білікті мамандар бар, олардың ішінде 15 ғылым докторы, 68 ғылым кандидаты, 15 PhD, 41 магистр, 10 оқытушы «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылады, 16 оқытушының профессор ғылыми атағы бар, 26 – қауымдастырылған профессорлар мен доценттер, 15 оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, 16 - әр түрлі салааралық сыйлықтар мен мадақтаулармен марапатталған, 17 оқытушы сабақты ағылшын тілінде оқытады.
Сабақ оқыту барысында оқу және арнайы жабдықталған аудиториялар мен компьютерлік сыныптар, «Конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету», «Материалдарға кіріспе және ТКМ», «Металл балқыту және өңдеу лабораториясы», «Металл өңдеу», «Технологиялық жабдықтарды монтаждау және пайдалану», «Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша эксперименттік-өндірістік цех», «Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша эксперименттік-өндірістік цех», «Өсімдік майын қайта өңдеу бойынша эксперименттік-өндірістік цех», «3D визуализация зертханасы», «Мал шаруашылығын механикаландыру және технологиялық процестер зертханасы», «Қолданбалы робототехника және мехатроника зертханасы», «Азық-түлік өнімдерін зерттеу зертханасы», «Агротехниканы цифрландыру орталығы» , «Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы» , «Ғылыми-зерттеу зертханасы», «ҚазРост» аудиториясы кеңінен қолданылады.
Институтта Қазақстан-Белоруссия инженерлерді дайындау және біліктілігін арттыру орталығы, Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы қызмет атқарады. Қазақстан-Германия дәл егіншілік орталығы ашылды.




Өзара бірлесіп қызмет атқару нәтижелері үнемі бірлесіп дайындалған жарияланымдарда, рейтингтері жоғары басылымдарда, бірлесіп дайындалған оқулықтар мен оқу құралдарында өз көрінісін табады.
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің» 2024–2029 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары институтта жүзеге асырылуда. Институтта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ғылым комитеті арқылы қаржыландырылатын «Энергетика, озық материалдар және көлік салалары» және «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы» басым бағыттары бойынша 16 гранттық ғылыми-зерттеу жобасы табысты іске асырылуда.
|
№ |
Жетекшінің АЖТ | ИРН және атауы | Жобалардың мерзімі | |||
| Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру | ||||||
|
1 |
М.Ә. Адуов |
АР19676894 «Дәл егіншілік жүйесінде дәнді дақылдарға арналған топырақ өңдеу - егу машинасын әзірлеу» |
2023-2025 |
|||
|
2 |
Н.В.Костюченков |
АР19678779 «Дәл себу егу аппаратын жаңғырта отырып, тұқымдарды өткізіп жіберуді болдырмаудың инновациялық жүйесін әзірлеу» |
2023-2025 |
|||
|
3 |
С.О. Нукешев |
АР19674514 «Минералды тыңайтқыштарды топырақ ішілік деңгейге және саралап енгізуге арналған чизельді тереңдеткіш тыңайтқыш әзірлеу» |
2023-2025 |
|||
|
4 |
Р.М. Искаков |
АР19679802 «Өсімдік және жануар тектес қалдықтардан жемді үдемелі ұсақтау және ұнтақтау үшін жұмыс органдарын әзірлеу» |
2023-2025 |
|||
|
5 |
К.Т. Шеров |
AP23489364 «Модельдеу және эксперименттік зерттеу арқылы процесті оңтайландырумен Ауылшаруашылық машиналарын жөндеуде аддитивті технологияларды қолдану» |
2024-2026 |
|||
|
6 |
Г.А. Кокаева |
AP26100883 «Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын жабдықтардың бөлшектері үшін дыбыстан жоғары доғалы металдандыру әдісімен тозуға төзімді жабынды әзірлеу» |
2025-2027 |
|||
|
7 |
М.М. Какимов |
AP26100145 «Мақсарыны қауызынан ажырату процесін оңтайландыра отырып сапалы мақсары майын алу технологиясын әзірлеу» |
2025-2027 |
|||
| Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру | ||||||
|
8 |
М.Ә. Адуов |
BR24892784 «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру" жоба "Ұсақ тұқымды дақылдарға арналған топырақ өңдейтін аралас егіс машинасын әзірлеу» |
2024-2026 |
|||
|
9 |
Г.Н. Жакупова |
BR24892775 «Шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді және терең өңдеу технологиясын әзірлеу» |
2024-2026 |
|||
|
10 |
Т.Ч. Тултабаева |
BR21882184 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар кешенін құру және биологиялық құндылығы жоғары ет-сүт өнімдерін әзірлеу» |
2023-2025 |
|||
|
11 |
Г.Х.Оспанкулова |
BR22883587 «Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеудің ғылымды қажет ететін технологияларын жетілдіру және әзірлеу» |
2024-2026
|
|||
| Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру | ||||||
|
12 |
К.Г. Исенов |
AP22783508 «Дәнді дақылдарға арналған кең қармайтын егіс кешендерін автоматты басқару блогы бар орталық пневматикалық себу жүйесін әзірлеу» |
2024-2026 |
|||
|
13 |
Утарова Н.Б |
«Құрамында тағамдық талшықтар мөлшері жоғары глютенсіз нан-тоқаш өнімдерін жасау технологиясын жетілдіру». Жас ғалым ЖҒГҚ |
2025-2027 |
|||
|
14 |
Искаков Б.М. |
AP27510745 «Брикеттелген балқарағай майын алу технологиясын әзірлеу» |
2025-2027 |
|||
| Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру | ||||||
|
15 |
Сатаева Ж.И. | «Сүлейменов» ЖК «Өсімдік майларын регенерациялау және тазарту өндірісін ұйымдастыру» |
2023-2025 |
|||
|
16 |
Сатаева Ж.И. | «NurtiTech» ЖШС Өсімдік майларын ультрадыбыстық экстракция әдісімен микронутриенттермен байытылған қалдықсыз өндіру | 2024-2026 | |||
Ғылыми зерттеу жұмысына, 2025 жылы 16 ғылыми жоба аясында – 1 милярд 101 млн. 800 мың теңгеге жұмыстар жасалуда.
Коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру шеңберінде 2 жоба орындалуда – 1 милярд 519 млн.теңгеге жұмыстар жасалуда, 3 жоба конкурсқа берілді. Келесі 3 жылдыққа Жас ғалым – 4, ГФ – 10, барлығы 16 жоба берілді нәтижесін күтудеміз.
2024 жылдың талдау қорытындысы бойынша оқуын аяқтаған жылы 467 түлектің 60-84% жұмысқа орналасқанын көрсетті, жалпы институт бойынша 72% құрады. Бірақта, алған мамандықтары бойынша түлектің тек 61,9% сала бойынша жұмысқа орналасқан, ал 29,1% басқа салалар бойынша жұмысқа орналасып, 9% жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» рейтингі бойынша 2025 жылда институт білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 15 жүлделі орын алынды, оның ішінде БАКАЛАВРИАТтың 6, МАГИСТРАТУРАның 4 және ДОКТОРАНТУРАның 5 білім беру бағдарламалары. Ал, Атамекен рейтингі бойынша В064-Механика және металл өңдеу, В183-Агроинженерия БББ 1 орын иеленді, В068- Азық-түлік өнімдері БББ 2 орын алды, қалған БББ бойынша 2024 жылмен салыстырғанда орындарын жақсарты. Институт бойынша барлық БББ аккредиттеуден 100% өткен. 2024 жылда институт білім беру бағдарламаларының топтары бойынша НААР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» бойынша 8 БББ аккредиттеуден 5 жылға өтті. Халықаралық ASIIN сыртқы сараптау комиссиясының қортындысы негізінде факультеттің 6 - БББ 5 жылға аккредиттеуден өтті. САААЕ – орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығынан 1 БББ – 6В11301 – Көліктегі логистика 5 жылға өтті.
Оқу жұмысындағы салмақты көрсеткіштердің бірі студенттердің академиялық ұтқырлығы. Институтта жұмысты жандандыру мақсатында 1 семестрде ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 10 студент Алматы, Шымкент, Көкшетау, Орал қалаларындағы университеттерге оқуға жіберілді және 12 студент бізге келді. Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 21 студент «LOGO e.V», «DEULA - Nienburg» бағдарламасы негізінде Германияға өндірістік тәжірибемен бірге оқуын оқып келеді. Осы оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлыққа 25 студент «LOGO e.V – 8 студент», «DEULA – Nienburg -17 студент» бағдарламасымен оқуға жіберілді.
Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен «7M07201-Азық-түлік технологиясы» магистратура бағдарламасы бойынша бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламасы ашылды, 4 магистрант ақпан айынан бастап Қытайда білім алуда. Талдау нәтижесінде 4 магистранттың 2-інде Q1-мақала шықты, 2-уі мақаласын аяқтап журналға тапсырды, маусым айында өзімізде диссертацияларын қорғады, серіктес университете қыркүйек айында ғылыми жұмыстарын сәтті қорғап, қос диплом игерлері атанды. 2026 жылға да үміткерлерді дайындап, оларды ақпан айында оқуға жібердік, қаңтар айының басында 2 жақтың отырысы болып, Қытай жағы үміткерлерден сұқпатасу арқылы таңдау жұмыстары өткізілді осы оқу жылына 5 магистрантты таңдап алып, оқуға қабылдады.

«2,5+1,0+0,5» моделін іске асыру және дуальды оқыту жүйесін енгізу, студенттердің практикалық дағдыларды дамыту шеңберінде 2024 жылдың қазан айында 6В07104 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар БББ оқитын 3 курс студенттері «Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС кәсіпорнымен танысты және 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап осы кәсіпорында 17 студент білім алуда. 2024 жылғы 19-20 қарашада ҚАТИУ ресми делегациясы «Allur» зауытының өкілдерімен ынтымақтастық туралы келісім жасау үшін Қостанай қаласына барды. 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап Allur автомобиль зауытында «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» БББ 3 курсының 13 студенті білім алуға барды.

Институт осы оқу жылында кәсіп орындарда дуальды оқыту бойынша 26 пәнннің сабақтары өткізілді. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 30 студент «Біріккен шоғырландыру орталығында» ЖШС «Запчасть ЖД», Казстандарт, ЖШС «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» жасалған меморандум негізінде барлық білім беру бағдарламалары бойынша өндірістік тәжірибе және дуальді оқыту ұйымдастырылды.

Институт студенттерінің кәсіби даярлығын арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына көктемгі далалық және күзгі егін жинау және мал азығын дайындау жұмыстарын сәтті өткізуге көмектесу мақсатында «Студенттік механикаландырылған отряд» жұмысы жанданды. 2025 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында «Агроинженерия» БББ студенттері ЖШС «Шахтерское-1», ЖШС «Қарасу-3», ЖШС «Шортанбай-6», ЖШС «Жалғас АГРО-3», ЖШС «Журавлевка-3» және ЖШС «Қара томар-3» өндірістік тәжірибеден өтеді.

2001-2022 жылдар аралығында Техникалық факультет деканы қызметін техникалық ғылымдардың докторы, профессор Нөкешев Саяхат Оразұлы атқарған.
2022 жылдан бері Техникалық факультет деканы қызметін техникалық ғылымдардың кандидаты, профессор Ахметов Ержан Советұлы атқарады.
«С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 02.07.2025 жылғы №2 хаттама шешімімен Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты болып ауыстырылды.
Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институт деканатының құрамы:
– Ахметов Ержан Советұлы – Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институт директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор. E-mail: Ye.akhmetov@kazatu.edu.kz
– Мустафин Жасұлан Жарылқағанұлы – Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты директорының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. E-mail: z.mustafin@kazatu.edu.kz
–Искаков Бауыржан Мырзабекұлы – Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты директорының әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD, аға оқытушы. E-mail: b.iskakov@kazatu.edu.kz
– Рүстембаев Арман Базарханұлы – Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты директорының ғылыми-зерттеу жұмыстары және интернационалдандыру жөніндегі орынбасары, PhD, аға оқытушы. E-mail: a.rustembaev@kazatu.edu.kz
Ауыл шаруашылығын механикаландыру факультеті (қазіргі техникалық) 1957 жылғы 9 қазанда ашылған Целиноград ауыл шаруашылығы институтының алғашқы үш факультетінің бірі болып табылады.
1958 жылғы 1 қыркүйектен бастап күндізгі бөлімнің 1 курсында 100 студент және сол жылдың қазанынан 51 студент сырттай бөлімде оқи бастады.
Факультеттегі алғашқы кафедра – «Техникалық механика» кафедрасы 1958 жылы 22 наурызда ұйымдастырылған. Оны институттың бірінші директоры, т.ғ.к., аға ғылыми қызметкер Т.Г. Духов басқарды. 1959 жылғы сәуірде кафедра екіге бөлінді: «Техникалық механика және сызу» (меңгерушісі – Л.Н. Куперштох); «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» (меңгерушісі – Н.Б. Бок). Т.Г. Духов 1959 жылғы шілдеде ашылған «Металдар технологиясы және машина жөндеу» кафедрасының меңгерушісі болды.
1961 жылғы қазанда «Техникалық механика және сызу» кафедрасы – «Сызба геометрия және графика» (меңгерушісі – Л.Н.Куперштох) мен «Материалдар кедергісі және машина бөлшектері» (меңгерушісі – доцент А.А.Плисученко), ал «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» кафедрасы «Ауыл шаруашылығы машиналары» (меңгерушісі – Н.Б.Бок) мен «Тракторлар және автомобильдер» (меңгерушісі – И.П. Ворожцов) кафедраларына бөлінді. 1962 жылғы сәуірде «Металдар технологиясы және машина жөндеу» кафедрасы: «Металдар технологиясы (меңгерушісі – доцент м.а Б.Ф. Бердников) және машина жөндеу» (меңгерушісі – Т.Г. Духов) кафедраларына бөлінді. Ал 1962 жылғы шілдеде «Тракторлар және автомобильдер» кафедрасынан «Машина – трактор паркін пайдалану» кафедрасы (меңгерушісі – т.ғ.к., доцент И.П.Ворожцов) бөлінді. «Тракторлар және автомобильдер» кафедрасын Н.Г. Завацкий басқарды. 1962 жылғы маусымда «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» кафедрасы (меңгерушісі - т.ғ.к., М.И. Карлинская) ашылды.
Студенттердің практикалық дайындығы үшін 1963 жылғы сәуірде машиналарды оқыту паркі ашылды. Оны Р.А. Качканьян басқарды.
Институттың дамуы барысында мехфактың құрамынан 1965 жылы «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» (энергетикалық факультет) және 1985 жылы «Инженерлік – педагогикалық» (КЖ және КО) факультеттері бөлініп шықты. 1965 жылдың қаңтарында «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» кафедрасы жаңадан ашылған «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» факультетіне берілді.
1968 жылғы сәуірде Еңбек қорғау және өндірістік оқыту (меңгерушісі доцент м.а Ким Дык Чен), ал 1969 жылғы сәуірде «Ауыл шаруашылығы машиналары» кафедрасынан «Мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру» (меңгерушісі – т.ғ.к. А.И. Завражнов) бөлініп шықты.
Факультеттің ғылыми әлеуетін көтеруге «Челябі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтының» (ЧИМЭСХ) қосқан үлесі зор. Ондағы мақсатты аспирантура дайындығынан факультеттің 20 –дан астам оқытушылары өтті, оның ішінде 7 адамға РСФСР ғылым мен техниканың еңбегі сіңген қызметкері, т.ғ.д., профессор И.Е. Ульман ғылыми жетекші болды. Оның есімі институттың Құрмет кітабына енгізілген.
Осы кезеңде факультет декандары болып: Куперштох Л.Н., т.ғ.к. – 1960 ж.; Лазарев А.И., х.ғ.к., доцент - 1960-1962 жж.; Карлинская М.И., т.ғ.к., доцент, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты - 1962-1964 жж; доцент Бердников Б.Ф. - 1964-1965 жж; аға оқытушы Дзиговский В.Ф., -1965-1967 жж; доценттер Завацкий Н.Г. - 1967-1968 жж; Пинчук А.Т. - 1968-1972 жж.
Факультетте инженер – механиктерді дайындау 3113 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша жүргізілді. Осы уақыт аралығында факультеттің материалдық – техникалыќ базасы, әдістемелік қамтамасыз етілуі және ғылыми – педагогикалыќ потенциалы өлшеусіз өсті. Факультеттің заманауи сапалы маман дайындау үшін қажетті жабдықтармен жабдықталуы жақсарды.
|
Автомобильдерді диагностикалау пәні бойынша зертханалық сабақты аға оқытушы В.И.Могильченко жүргізуде |
Мал өсіру фермаларын механикаландыру пәні бойынша зертханалық сабақтың жүргізілуі |
Факультетте алғашқы күндерден бастап теориялық және практикалық оқытудың сабақтастығына үлкен көңіл аударылды, оған оқыту паркінің жұмысы, жұмысшы мамандықтар беру, практиканы, Кеңес одағының ауыл шаруашылығы оқу орындары арасында біздің факультетіміз бастамашы болған, механикаландырылған студенттік отрядтар құрамында өтулері игі ықпал етті.
1985 жылы құрылымдық өзгерістер нәтижесінде «Тракторлар және автомобильдер» кафедрасы жаңадан ашылған инженерлік – педагогикалық факультетке беріліп, ал 1989 жылы қайтадан өз факультетімізге қосылды.
Факультет түлектері өндірістік – технологиялық, ұйымдастыру-басқару және зерттеу жұмыстарын, нарықтық қатынастар негізі мен жаңа үлгідегі компьютерлік техникаларды толығымен игергендігімен ерекшеленді.
Осы жылдардағы түлектеріміз Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының әр салаларында жемісті еңбек етіп жүр. Олар: Социалистік Еңбек Ері – Скрыль В.К., КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Геллерт Н.В., КСРО ІІМ МАИ бастығы Коряковцев Б.А., Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Гартман В.К., Қостанай облысының әкімі Кулагин С. В., Ақмола қаласының бұрынғы әкімі Бөлекбаев А.К., Ақмола облысы, Алексеев ауданының әкімі Кирибаев Р., Казахсельмаш зауытының директоры Ряснов В.Н., «Астана Су арнасы» бұрынғы директоры Нүркенов Ж.Е., «Родина» ӨК директоры Сауэр И.А., Астана қаласы политехникалық колледжінің директоры Старунов В. И., 100-ден аса кеңшар директорлары мен әкімшілік басшылары және басқалар. Белгілі ғалым – оқытушылар дайындалды. Олар: ғылым докторлары мен профессорлар: Цой Ю.А., Журкович Д.И., Абуов Қ.К., Дегтярев М.Г., Меновщиков Ю.А. Токушев Ж.Е., Костюченков Н.В., Есхожин Д.З., Адуов М.А., Әбдіров А.М., Нөкешев С.О., Бабченко Л.А., 45 –тен аса ғылым кандидаттары, доценттер: Черемисинов О.А., Левицкий Ю.А., Қойшыбаев Г.А., Нұрғалиев Т.К., Бабушкин В.А., Шнайдер А.И., Сапаров О.С. және т.б. Факультет ұжымы мамандар дайындаудың сапасын арттыра отырып ғылыми зерттеу жұмыстарына басты назар аударады. Өздерінің ғылыми ізденістері бағытында Бок Н.Б., Завражнов А.И., Есхожин Д.З., Костюченков Н.В., Зейнуллин К.Ш., Гуревич В.М. Адуов М.А., Нөкешев С.О. айтулы жетістіктерге жетті.
Факультет ұжымы мамандарды даярлауда жоғары сапаны қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарына аса зор көңіл бөлді. Факультеттегі ғылыми мектептің қалыптасуына және СҒЗЖ ұйымдастыруға факультеттің іргетасын қалаушылардың бірі, «Ауыл шаруашылығы машиналары» кафедрасының бірінші меңгерушісі, бүкіл саналы ғұмырын күрделі салыстырмалы қозғалыстағы жұмыс органдарын және оның теориялық негіздерін жасауға арнаған профессор Н.Б. Бок көп еңбек сіңірді. Ол – 140-тан астам ғылыми жұмыстың және 40 өнертабыстың авторы. Оның жетекшілік етуімен 20-дан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. Н.Б.Боктың ғылыми еңбектерінің нәтижелері оқулықтар, оқу құралдары мен анықтамалықтарға енді. Осындай ғылыми дәстүрді оның шәкірттері т.ғ.д., профессорлар Есхожин Д.З., Әдуов М.Ә. жалғастырды, 3 сур. Ауыл шаруашылығы машиналарының тиімді жұмыс органдарын жасау бойынша Д.З. Есхожиннің жұмысы өз саласындағы көшбасшы болып саналады.
|
Д.З.Есхожин кафедра отырысын өткізу үстінде |
Оқу паркінің зертханалық сабағы |
Ғылыми жұмыстарының бағыттары бойынша келесі доценттер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: В.М.Гурьевич – ауылшаруашылық машиналарының ұштіректі тораптарында пластмассаларды қолдану тақырыбында 4 ғылым кандидатын дайындады, 6 өнертабыс және 108 ғылыми еңбек авторы атанды; А.А.Разуваев – Солтүстік Қазақстандағы ТПМ техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесін және совхоздардың инженерлік-техникалық қызметтерін рационалды жүзеге асыру ұсыныстарын жасау; К.Ш.Зейнуллин және В.Ф.Барышников – өндіріске жемцехтарын және жаздық сүт сауу алаңшаларын енгізу және жасау; Н.В.Костюченков - көкөніс дақылдарын жинаудың механикаландырылған құрылғыларын жасау.
Мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру саласында осы кафедраның бірінші меңгерушісі, И.В. Мичурин атындағы Ауыл шаруашылығы институтының құрметті ректоры, 200 – ден аса ғылыми еңбектердің және көптеген өнертабыс авторы профессор А.И.Завражнов жемісті еңбек етті.
Мамандарды даярлау сапасына студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмыс істеуі септігін тигізеді. Өз зерттеулерінің нәтижелері бойынша студенттер жыл сайын конференцияларда 100-ден астам баяндамалар жасап, 12-15 ғылыми жұмыс республикалық конкурстарға ұсынылады.
Бұл кезеңде факультет деканы қызметін: 1981-1988 жж. - т.ғ.к., доцент Яковенко И.Ф. және 1972-1981 жж. - т.ғ.к., доцент Качканьян Р.А. атқарды.
1989 жылы алғаш рет Целиноград ауылшаруашылығы институтында мамандарды қазақша даярлау басталды. Факультет деканы К.Ш.Зейнуллиннің басшылық етуімен факультет ұжымында істейтін ғалымдар Есхожин Д.З., Қойшыбаев Г.А., Нұрғалиев Т.К., Сапаров О.С. және т.б. қазақ және орыс тілдерінде 30-дан астам оқулықтар мен оқу құралдарын, 100-ден астам әдістемелік нұсқауларын шығарды. Сонымен қатар, факультет кафедраларына оқу бейнефильмдері, диапозитиивтері, карталары, плакаттар, сұлбалар және т.б көрнекілік құралдары алында.
Мемлекетіміздің тәуелсіздік алуымен бірге еліміздің білім жүйесінің, университеттердің алдына жаңа міндеттер қойды. Ауылшаруашылығы саласына шетелдік заманауи техникалардың қолданыла басталуы мамандарды әртүрлі бейінде дайындау қажеттілігін тудырды. Осы тұрғыда, 4315 – «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша мамандар даярлаумен қатар, 4514 – «Агротехникалық сервис», 1404 – «Ауылшаруашылығы машиналары мен жабдықтары», 3004 – «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандықтары ашылды. 1999 жылы мамандарды даярлаудағы басқаруды оңтайландыру және сапасын жоғарылату мақсатында факультеттің «Ауылшаруашылық және астық өңдеу машиналары» кафедрасына инженерлік-педагогикалық факультеттен 4201 – «Астық, ұн, жарма және кұрамажем технологиясы» берілді.
Бұл кезеңде, факультеттегі даярланатын мамандықтар бағытының кеңейіп, оның атауы толық мазмұнын ашпауына байланысты, 2000 жылы 5 мамырда университет Ғылыми Кеңесінің қаулысымен факультет Техникалық деп аталды.
Бұған дейінгі аралықта факультет декандары лауазымын: 1993-1998 жж. – т.ғ.к., доцент А.М. Әбдіров және 1998-2001 жж. доцент Скачков Ф.М. атқарды.
Жаңа мамандықтарды оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету үшін факультет ұжымы 50-ден астам оқулықтар мен оқу құралдарын, 150-ден астам әдістемелік нұсқаулар дайындады.
Колхоздар мен совхоздардың нарықтық қатынастарға көшуі барысында туындаған қиындықтарға қарамастан, механикаландырылған студенттер отряды қызметін тоқтатқан жоқ. 2 курс студенттері Мәскеу қ. «ЗИЛ» зауытында бір айлық тәжірибеден өтті.
ПОҚ сапалық құрамы жақсарды. «Техникалық сервис» кафедрасының доценті Н.В.Костюченков докторлық диссертациясын (1999) қорғаса, ал техникалық механика кафедрасының қызметкерлері Сыздыков Ж.А., Горбунов Б.Н. және Нукешев С.О. кандидаттық диссертацияларын (1998) қорғады.
Факультет өзінің өткен жолын әрқашан дәріптейді. Ғылыми кеңес шешімімен екі аудиторияға, атап айтқанда, №3201 - Т.Г. Духовтың (1918-1993), №3111 – т.ғ.к., профессор К.Ш.Зейнуллиннің аты беріліп, мұражай ұйымдастырылды.
1997 жылдан бастап, «Сызба геометриясы» мен «Материалдар кедергісі және машина бөлшектері» кафедралары қосылып «Техникалық механика» кафедрасы; «Металдар технологиясы» мен «Машиналарды жөндеу» кафедралары қосылып «Машинажасау» кафедрасы; «Машина-тракторлар паркін пайдалану» және «Тракторлар және автомобильдер» кафедралары негізінде «Техникалық сервис» кафедрасы; «Мал өсіру фермаларын механикаландыру» және «Еңбекті қорғау» кафедралары негізінде «Технологиялық үдерістерді механикаландыру» кафедралары құрылды.
2001 жылдың ақпан айында факультет деканы болып т.ғ.к. С.О.Нөкешев тағайындалды.
Факультет ұжымының негізгі күш-жігері ПОҚ сапалық тұрғыда дамына, оқу, оқу-әдістемелік және ҒЗЖ-ң белсенділігін арттыруға жұмсалды. Әдістемелік жұмыс пәндерді оқытуды жетілдіруге, кредиттік жүйе бойынша оқыту мен бақылауды енгізуге, белсенді оқыту әдістерін, ЭЕМ мен техникалық оқыту құралдарын қолдануға жұмсалды.
2004 жылы «Стандарттау, метрология және сертификация» кафедрасы құрылып, оның құрамына технологиялық факультеттегі 4517 – «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы берілді. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Б.Т.Жусин тағайындалды.
Мамандарды дайындау қазақ және орыс тілдерінде бакалавриаттың алты мамандығы бойынша: 050806 – «Агроинженерия», 050732 – «Стандартизация, метрология және сертификация», 050713 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 050724 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 050728 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», 050901 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» кредиттік технологиямен жүргізілді.
Бұл аралықта факультеттің материалдық-техникалық базасы, әдістемелік қамтамасыз етілуі және ғылыми-педагогикалық әлеуеті қарқынды түрде өсті. Инженерлік пәндер оқу жоспарына сәйкес, сол кездегі уақыт талабына сай техникалық құрылғылар, машиналар және жабдықтармен қамтамасыз етілген 30 арнайы зертханада, 4 компьютерлік класс пен оқу паркінде өткізілді. Интерактивті жобалағыштар мен тақталар, жаттықтырушы стендтер және басқа да оқу техникасы кеңінен қолданылды. Факультеттің ғылыми-педагогикалық ұжымы қазақ және орыс тілдерінде 100-ден аса оқулықтар мен оқу құралдарын, 300-ден аса әдістемелік нұсқаулар және т.с.с. дайындады.
Факультет ұжымы сапалы мамандарды даярлауға ғана емес, сонымен қатар жоғары біліктілікті мамандарды даярлауға үлкен көңіл бөледі. Факультет басшылығының мұндай бағдарлы жұмыс атқаруы нәтижесінде ПОҚ сапалық көрсеткіші түбегейлі жақсарды. Атап айтқанда, докторлық диссертацияларын – технологиялық процестерді механикаландыру кафедрасының доценті, т.ғ.к. А.М.Әбдіров (2006), техникалық механика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ж.З. Есхожин (2006), ауылшаруашылығы және астық өңдеу машиналары кафедрасының меңгерушісі М.А. Адуов (2008), техникалық механика кафедрасының доценті, т.ғ.к., факультет деканы С.О. Нукешев (2010), технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасының аға оқытушысы Бабченко Л.А. (2010) сәтті қорғады. Сонымен қатар, факультеттің түлектері, жас ғалымдар Заичко Г.А. (2005, жетекшісі Әбдіров А.М.), Ахметов Е.С. (2006, жетекшілері Есхожин Д.З., Нукешев С.О.), Жазыкбаева Ж.М. (2006, жетекшісі Адуов М.А.), Каспаков Е.Ж. (2007, жетекшісі Адуов М.А.), Несветеев А.А. (2007, жетекшісі Костюченков Н.В.), Романенко С.В. (2010, жетекшісі Абдыров А.М.), Мустафин Ж.Ж. (2010, жетекшісі Абдыров А.М.) кандидаттық диссертацияларын қорғады.
ПОҚ сапалық көрсеткішін жоғарылату басқа ЖОО кадрлар шақыру арқылы жүзеге асырылды. Бұл мерзімде 10-нан астам ғылым докторы және 40-тан астам ғылым кандидаты жұмысқа қабылданды. Бұл атқарылған жұмыстар нәтижесінде факультеттің ПОҚ дәрежелену көрсеткіші 37,4-тен 54%-ға дейін жоғарылады.
Магистратура мен докторантура мамандықтары бойынша лицензия алу барысында жаңа форматтағы мамандарды даярлау басталды. Бұл істерді жүзеге асыруға, факультеттегі СҒЗЖ ұйымдастыруға және ғылыми мектептің қалыптасуына т.ғ.д., профессорлар Есхожин Ж.З., Костюченков Н.В., Адуов М.А., Канаев А.Т., Нөкешев С.О. зор үлестерін қосты. Кафедраларда білім алатын магистранттар мен докторанттар ҚР БҒМ және АШМ гранттары есебінен жүргізеді. Олар 200-ден астам өнертабыстың авторлық куәліктеріне, патенттері мен алдын ала патенттеріне ие болды. 1800-ден астам ғылыми мақалалар мен өндіріске арналған ұсынымдар жарияланды.
Алғаш рет үздік ғылыми жетістіктері үшін факультеттің 5 түлегі – оқытушысы әртүрлі академиялардың толық мүшесі болып сайланды:
Білім сапасының жоғарылауына және материалды-техникалық базаның дамуына заманауи оқу жабдықтарымен және компьютерлік сыныптармен жарақталған техникалық факультеттің жаңа ғимараты қарқынды екпін берді.

Техникалық факультеттің жаңа ғимараты
Осыған қоса, университет және факультет басшылығының атқарған жұмыстары нәтижесінде оқу, станокты жабдықтар мен техника түрінде 500 млн. теңгеден астам сомаға шетелдік инвестиция тартылды, халықаралық орталықтар: «Қазақстан-Беларусь инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлаудың орталығы» (қазан, 2013), «Қазақстан-Қытай ауылшаруашылығын механикаландыру орталығы» (шілде, 2014), «Қазақстан-Герман дәл егіншілік орталығы» ("CLAAS" фирмасымен бірлескен, қараша, 2016), «Ростсельмаш» және «John Deere» зертханалары ұйымдастырылды.
|
Сауда-экономикалық байланыстар бойынша Беларусь-Қазақстан мемлекетаралық комиссия мүшелері В.К.Божко мен М.И.Русый |
Вице-премьер Д.Н.Назарбаеваның «Қазақстан-Беларусь инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығына» келуі |
|
«Қазақстан-Беларусь инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығының» МТЗ тракторлар орталығы |
«Қазақстан-Беларусь инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығының» мал өсіру фермаларын механикаландыру зертханасы |
|
«Қазақстан-Герман дәл егіншілік орталығы» |
Металөңдеу және дәнекерлеу экспериментті-өндірістік цехы |
|
|
|
Қазақстан-Қытай ауылшаруашылығын механикаландыру орталығы
Факультеттің дамуының жаңа кезеңі университеттің ҚР 11 ЖОО құрамында «ҚР 2015-2019 жж. индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы» (ИИДМБ-2) аясында «Тамақ өнімдерін өндіру» және «Ауылшаруашылық машинажасауы» басым бағыттары бойынша мамандар даярлауына қатысумен басталды.
Университеттің зерттеу университеті болып қалыптасуы, технологиялық платформаларды құруы және ИИДМБ-2 оңтайлы жүзеге асыруы мақсатында 2015 жылдың мамыр айында факультет құрылымына өзгертулер енгізіліп, кафедралар қайта жасақталды. Атап айтқанда, Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің «Мал өнімдері өнімдерін өндіру және қайта өңдеу» кафедрасындағы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығын және «Ауылшаруашылығы және астық өңдеу машиналары» кафедрасындағы «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығын шоғырландыру негізінде «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы құрылды. «Ауылшаруашылығы және астық өңдеу машиналары» және «Техникалық сервис» кафедралары негізінде «Аграрлық техника және технология» кафедрасы ашылды. Сонымен бірге, «Техникалық сервис» кафедрасының негізінде «Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы ашылды.
Девистегі Калифорниялық университеттің (UC Davis, USA) профессорлары – Шрини Упадхайа (Shrini K. Upadhyaya), Ю Банг Ли (Yu Bang Lee) и Чарли Шумахер (Charles Field Shoemaker) қатысуымен 6М0724-«Технологиялық машиналар және жабдықтар» және 6М0727-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары аясында «Өнімділігі жоғары ауылшаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өндіру және пайдалану», «Ет және ет өнімдерінің технологиясы», «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы», «Астық және майлы дақылдарды қайта өңдеу технологиясы» маманданулары бойынша бейіндік бағыттағы магистрларды даярлауға арналған білім беру бағдарламалары дайындалды. Жаңадан енгізілген пәндердің силлабустарын дайындау, заманауи жабдықтарда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында - Нөкешев С.О., Сатаева Ж.И., Кұндызбаева Н.Ж., Болкенов Б.Т., Галимова Р.Ф. және Косатбекова Д.Ш. Девистегі Калифорниялық университетте екі айлық тағылымдамадан өтті (2015, желтоқсан). Нәтижесінде «Ет өнімдерін өндіру эксперименттік цехы» (2015, желтоқсан), «Тәулігіне 500 л сүт өнімдерін өндіру эксперименттік цехы» (2016, желтоқсан), «Металлөңдеу және дәнекерлеу экспериментті-өндірістік цехы» (2015, желтоқсан), сур. 11-13. Бұл тәжірибелі-өндірістік цехтарда университеттің ғалымдары мен білім алушыларының жасаған әзірлемелері – ет және сүт өнімдерінің жаңғыртылған және жаңа түрлері (30-дан астам шұжық өнімдері, сүт, сыр, айран, қатық, ірімшік, балмұздақ және т.с.с.), қаржыландырылған ғылым жобалар аясында факультет ғалымдарының әзірлеген себуші, топырақ өңдеуші және т.б. техника түрлері жасалады.
2011 жылы егіншіліктің қауіпті аймақтары үшін машиналарды әзірлеу мақсатында ашылған конструкторлық бюро (КБ) – ауылшаруашылық машиналарын жобалау, ең бастысы, PhD докторларды даярлау бойынша жұмыстар атқарылатын металөңдеу және дәнекерлеу экспериментті-өндірістік цехы мен Қазақстан-Қытай ауылшаруашылығын механикаландыру орталығының құрамына сәтті үйлесіп, енді.
|
Ет өнімдерін өндіру тәжірибелі цехы |
Сүт өнімдерін өндіру тәжірибелік цехы |
Қазіргі уақытта факультетте 2500-ден астам студенттер, магистранттар мен докторанттар оқиды:
Мамандықтар бағыты бойынша 6 кафедра қызмет атқарады: «Техникалық механика», «Аграрлық техника және технология»; «Стандартизация, метрология и сертификация»; «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»; «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»; «Көлік техникасы мен технологиялар».
Факультетте атқарылатын оқу, ғылыми, әдістемелік және тәрбие жұмыстарын ары қарай дамыту мақсатында 140-тан астам оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер еңбек етіп жатыр. Оқу үдерісіне үнемі жаңа инновациялық технологиялар және дуалды оқыту пәндері енгізіледі, студенттердің өздік жұмыстарын ынталандырылады, жұмыс берушілер тапсырысына сай жаңа пәндер мен тақырыптар білім беру бағдарламаларының кіргізу мақсатында талқыланады.

.png)
Аграрлық техника және технология кафедрасы

Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы

Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

Көлік техникасы және технологиялар кафедрасы

Стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасы
Кадрларды даярлаудың барлық деңгейлеріне көптілдік оқыту бөлімін енгізу (2012-2013 оқу ж.) факультеттің профессорлы-оқытушылар құрамының алдына оқу-әдістемелік әдебиеттерін жаңадан әзірлеу мәселесін қойды. Факультет оқытушылары (Есхожин Қ.Ж., Сатаева Ж.И. және т.б.) өз оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларын шығарды.
Профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы дамып келеді. Факультет бұрынғы Кеңестік республикалар ішінде ең алдыңғылардың бірі болып, студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыруды бастады. 2012 жылдың ақпан айынан бастап, Минск қаласына Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетіне (БМАТУ) факультеттің 50 студенті жыл сайын семестрлік оқуға барады. Алыс және жақын шетел ғалымдары жоспарлы түрде келіп және дәрістерін оқып тұрады. Соңғы жылдары өз дәрістерін: Девистегі Калифорния университетінің профессорлары Шрини Упадхайа, Ю Банг Ли, Чарли Шумахер, Краков ауылшаруашылық университетінің профессорлары Barbara Krzyzstofik, Богуслава Лапзынска-Кордон и Мажена Заяк, София химиялық-технологиялық университетінің доценті университета Карайванов Д.П., БМАТУ профессорлары Дашков В.Н., Толочко Н.К., Акулович Л.М. және доцент Сергеев Л.Е., Берлиндегі Гумбольд университетінің профессоры Peter Enders, Туркиядағы Кастамону университетінің профессоры Temel Sariyildiz, Малайзиядағы Путра университетінің профессоры Chin Nyuk Ling пен Farah SaleenaTaip, Краковтағы Станислав Сташица атындағы тау-кен-металлургиялық академия профессоры Яцек Цеслик, Италияның Болонья университетінің профессоры Barbara Krzyzstofik, Малайзиядағы Куала Лумпур университетінің профессоры Mohamad Azem Mohamad Noor, Польшаның Вроклав жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Maciej Oziemblowski және басқалар.
Студенттер мен ПОҚ-ң отандық және әлемдік деңгейдегі жетекші кәсіпорындарда тәжірибелік даярлаудан өтуіне аса зор көңіл бөлінеді. Оқытушылар мен студенттер жыл сайын АҚШ, Германияның, Англияның, Қытайдың, Ресейдің, Белоруссияның жоғары оқу орындары мен фермерлік шаруашылықтарында тағылымдамалар мен оқу курстарынан өтеді. Жыл сайын 50 студент Минск трактор зауытынан және 25 студент «Гомсельмаш» кәсіпорнынан бірайлық тәжірибеден өтеді.
Қорытындылай келгенде, факультет ұжымы ҚР агроөнеркәсіптік кешені үшін біліктілік талаптарына сай мамандар даярлау ісіне айтарлықтай үлесін қосып келеді және өз алдына халықаралық зерттеу университеті болып қалыптасу мақсатын қояды.
Факультеттегі ғылыми-зерттеу жұмысы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасына сəйкес жүргізіледі.
2012-2014 жылдарда факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 055 бюджеттік бағдарламасы аясында үш қаржыландырылатын «Ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет», 101 қосымша - "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" бағдарламаларының тақырыптары бойынша жүргізілді:
Бұл ғылыми жобалар бойынша жұмыстар аяқталды жəне қорытынды есептемелер тапсырылды.
Факультет ұжымы ҚРБжҒМ 2015-2017 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалар конкурсына белсенді түрде қатысты. Нəтижесінде жылына 47 000 000 теңгеге бағаланған 5 ғылыми грант ұтып алынды:
ҚР АШМ «Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіруді, өңдеуді және жүзеге асыруды дамытуға арналған жағдайлар жасау» 255 бюджеттік бағдарламасы аясында «Тұқымдар мен тыңайтқыштарды бөлектеп енгізетін аңыздық астықтық сепкіш» тақырыптағы грант ұтылып алынды (жетекші– т.ғ.д., профессор М.А.Адуов) – 5 500 000 тг., жылына. Іске асыру мерзімі – 2015-2017 жж.
1. Дэвистегі Калифорния университеті (АҚШ);
2. Вайнштефан қолданбалы ғылымдар университеті (Триздорф қ., Германия);
3. Синьцзян аграрлық университеті (Урумчи қ., ҚХР);
4. Лузиан техникалық университеті (Растон қ., АҚШ);
5. "CLAAS-ACADEMY", (Германия);
6. Краков ауыл шаруашылық университеті, (Краков қ., Польша);
7. Бүкілресейлік ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-зерттеу институты (Москва қ., Ресей);
8. Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университеті, (Минск қ., Беларусь республикасы);
9. Воронеж мемлекеттік аграрлық университеті (Воронеж қ., Ресей);
10. Челябинск мемлекеттік агроинженерлік академиясы (Челябинск қ., Ресей);
11. Т.С. Мальцев атындағы Курган мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы (Курган қ., Ресей);
12. Россельхозакадемия аграрлық мəселелерінің Сібір физикалы-техникалық институты (Новосибирск қ., Ресей);
13. Сібір мемлекеттік автомобиль жолдары академиясы (СИБАДИ) (Новосибирск қ., Ресей);
14. Санкт-Петербург аграрлық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей);
15. Ставрополь аграрлық-техникалық университеті (Ставрополь қ. Ресей);
16. «Гомсельмаш» заводы (Гомель қ., Республика Беларусь) жəне т.б.
010000, қ. Астана, А. Молдағұлова көшесі 27Д, корпус №4
Телефон 8(7172)39-73-30 8(7172) 39-73-99
E-mail: dekanat.tekh@mail.ru