Біз көп ұлттымыз

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 16000-нан астам студенттері бар, соның ішінде 40-тан астам түрлі ұлт өкілдері білім алады. Мемлекетаралық келісім-шарт бойынша 14 елдің (ҚХР, РФ, Түркия, Грузия, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Армения, Ауғаныстан, Украина, Түркменстан, Германия, Қырғызстан) 627 шет ел азаматы білім алуда.

Студенттер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, Қазақстандық патриотизмді дамыту, ұлтаралық татулық пен келісімді жетілдіру, сонымен қатар, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени тұтастығын нығайту мақсатында Жастар саясаты және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаменті мен Гуманитарлық-педагогикалық институты жанынан құрылған «Достық» клубының және "Бірлік" клубының ұйымдастыруымен дәстүрге айналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұл іс-шараларды өткізуде студент-жастар арасында достық қарым-қатынасты, бірлік пен толеранттылықты насихаттау мақсат етіледі.

Клуб мүшелері мен жастар ұйымдары «Тіл - достықтың кепілі» атты кездесу кештерін, «Біз - бір отбасымыз!» тақырыбындағы дөңгелек үстел, фотокөрмесін, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» фестивалін, сонымен қатар «Бір мемлекет, көп ұлт, түрлі тағам» атты аспазшылар байқауларын дәстүрлі түрде  өткізіп отырады.