С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақстан Республикасында алғашқылардың бірі болып 1985 жылдан бастап кәсіптік білім беру саласына мамандар даярлауды бастады. Кафераның құрылуымен ұйымдастырылуына үлкен үлесін қосқан ең алғашқы меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты А.А.Лошак болды.
Кафедра қызметінің негізгі бағыты кәсіптік білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мен пәндерді оқыту болып табылады. Кафедра 6В07111 -«Автокөлік құралдарының техникалық сервисі (өндірістік оқыту шебері)», 7М01401 – «Кәсіптік білім берудегі лидерлік», 8D01401 – «Техникалық және кәсіптік білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламары бойынша мамандарды дайындайды.
Қазіргі кезде кафедрада: 2 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор және 6 магистр қызмет атқарады. Жалпы ғылыми дәрежелі 50 % пайызды құрайды.
Жалпы білім беру, базалық және бейіндік пәндер циклі бойынша сабақтар жоғары білімі бар, оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес келетін, ғылыми-педагогикалық қызметте мол тәжірибесі бар, кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғағанпрофессорлық-оқытушылық құрамы жүргізеді.
Жыл сайын кафедрада магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғау, сондай-ақ халықаралық конкурстарға қатысу арқылы ПОҚ-ның сапалы құрамы көтеріледі.
2010 жылы п.ғ.к., доцент Есекешова М.Д. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантын алды.
2015 жылы кафедраның аға оқытушысы Э.Ш.Кочкорбаева магистрлік диссертациясын қорғады.
2021 жылдың желтоқсанында 6D012000 – "Кәсіптік оқыту" мамандығы бойынша аға оқытушы Ж.С. Бекбаева мен аға оқытушы Н.Д. Тастанбекова докторлық диссертация қорғап, 2022 жылы PhD докторы дәрежесін алды.
Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесінде "Б.Әбдікәрімұлы атындағы тұлғаның заманауи психологиялық мәселелері" ғылыми-практикалық психологиялық зертханажәне мамандарды озық даярлау ғылыми-зерттеу орталығы пайдаланылады. Бұл зертханалар университеттің даму мақсаттары мен стратегиясына, ҚР-дағы жоғары кәсіптік білім беруді дамытудың перспективалары мен бағыттарына сәйкес университеттегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Кафедра Беларусь Республикасы, Гродно қ. Я.Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетімен, К.И.Скрябин атындағы Кырғыз Мемлекеттік Аграрлық университетімен тығыз әріптестік байланыс жасайды. Қазақстан Республикасында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, «Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіби біліктілікті беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Кафедра пәндері бойынша білім алушылардың тәжірибеден өтетін орталықтары қатарында Астана қаласының, Ақмола облысы мен ҚР басқа облыстарының 10-нан астам колледждері бар. Астана қаласының «Сервис және туризм» колледжі базасында «Кәсіптік білім берудегі инновациялар» орталығы жұмыс жасайды.
Кафедраны ҚПҒА-ның корр-мүшесі, РЖҒ-ның профессоры, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент М.Д.Есекешова басқарады.
Мамандықтың тарихи құрылуының өзіндік жолдары: 1985 ж. – «Техникалық жəне ауылшаруашылық пəндерді оқыту педагогикасы мен əдістемесі» кафедрасы. 1997 ж. – «Техникалық жəне ауылшаруашылық, ақпараттық пəндерді оқыту педагогикасы мен əдістемесі» кафедрасы. 2001 ж. – «Экономикалық ақпараттарды өңдеу жүйесі мен кəсіптік оқыту» кафедрасы. 2003 ж.- «Кəсіптік оқыту» кафедрасы. 2007 ж. – «Кəсіптік білім беру» кафедрасы. Кафедраны ұйымдастырудың мақсаты – жалпы дамыту пәні бойынша педагог кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеуге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білімді, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
«Кəсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім беру қызметі ҚР БжҒМ №711 бұйрығына сəйкес 02.07.2008 жылы берілген АБ №0062189 лицензиясына қосымша жəне 02.07.2008 жылы берілген АБ №0062189 лицензия негізінде жасалынған. Лицензияның əрекет ету мерзімі – шектеусіз.
6M012000 - «Кəсіптік оқыту (сала бойынша)» 2007 жылдан бастап дайындалады. Бірінші түлектері 2009 жылы бітірді. 6M012000 - «Кəсіптік оқыту (сала бойынша)» магистрларын дайындау Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім классификаторымен жоғары оқу орнынан кейінгі Мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сəйкес дайындалды. Магистратура (ҚР МЖМС 23.08.2012 №1080), ҚР БжҒМ 20.04.2011 жылғы №152, ҚР БжҒМ 02.06.2014 жылғы №198 өзгертулер мен қосымшалары бар оқытудың кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен жүзеге асырылды.
Лицензия негізінде білім беру қызметі ғылыми –педагогикалық бағытта 2 жыл оқу мерзімімен педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дəрежесі, профиль бойынша 1-1,5 оқу мерзімімен 6M012000 - «Кəсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дəрежесі берілді.
2015 жылы мамандық мамандандырылған аккредитациядан НААР сəтті өтіп 19.12.2014 - 18.12.2019 жылдар мерзімінде №АВ0450 сертификаты берілді. Аталған мамандық бойынша магистранттарды дайындау мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. Мамандық бойынша білім беру бағдарламасы: ғылым-педагогикалық жəне бейіндік бағытта дайындалған.
Халықаралық сапа менеджменті ISO 9001:2000 негізінде тиімді сапа менеджменті жүйесі жасалған. 6М012000 - «Кəсіптік оқыту (сала бойыша)» магистратура мамандығы Тəуелсіз аккредитация агенттігі өткізген рейтинг қорытындысы бойынша 6M012000 - «Кəсіптік оқыту» (сала бойынша) магистратура мамандығы бойынша 2014 жылы 2 орын, 2015 жылы 1 орын, 2016 жылы 3-ші орынды иеленді.
2009 жылдан бастап «Кəсіптік білім беру» кафедрасында барлығы 57 педагогика ғылымдарының магистрі бітіріп шықты. Түлектер Қазақстан Республикасы техникалық жəне кəсіптік білім берудің түрлі саласында қызмет атқарады.
6D012000– «Кəсіптік оқыту» мамандығы бойынша докторанттарды дайындау 2014 жылдан басталды. Білім беру қызметі ҚР БжҒМ АБ № 0062189,20.05.2013 жылы берілген лицензияға сəйкес жүзеге асырылды. Лицензия мерзімі – шексіз. 6D012000 - «Кəсіптік оқыту (сала бойынша)» докторанттарды дайындау Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім классификаторымен жоғары оқу орнынан кейінгі Мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сəйкес дайындалды. Докторантура (ҚР МЖМС 7.10.174-2010) ҚР БжҒМ 20.04.2011 жылғы №152, ҚР БжҒМ 02.06.2014 жылғы №198 өзгертулер мен қосымшалары бар оқытудың кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен жүзеге асырылды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 3 жыл. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойыша түлектерге «Философия докторы» (PhD) жоғары академиялық дəреже беріледі. 2015 жылы мамандық мамандандырылған аккредитациядан НААР сəтті өтіп 19.12.2014 - 18.12.2019 жылдар мерзімінде №АВ0450 сертификаты берілді.
2018 жылдан бастап 9 түлек «Философия PhD докторы» жоғары академиялық дәрежесін алды. Олар кафедрада және Қазақстан Республикасының басқа ЖОО-да оқытушылық қызметін жалғастыруда.
2019 жылдан бастап кафедра 7М01401 – «Кәсіптік білім берудегі лидерлік», 8D01401 – «Техникалық және кәсіптік білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламалары бойынша және 2023 жылдан бастап 6В07111 – «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету (өндірістік оқыту шебері)» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды.
«Кәсіптік білім беру» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысының тарихы инженерлік-педагогикалық факультеті құрылғаннан бір жылдан соң «Педагогика және сабақ беру әдістемесі» кафедрасы ашылған 1985 жылдан бастау алады, сол жылдардан бастап ғылыми-зерттеу жұмысын да бастайды. Ұзақ уақыт ішінде жоғарғы мектеп педагогикасы мен арнайы пәндерді оқыту әдістемесі проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Кафедрада т.ғ.к. Н.А.Фабрицкийдің жетекшілігімен «Арнайы пәндерден сабақ беру әдістемесі» атты ғылыми мектеп жұмыс істеді. 1990 жылы кафедра жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатындағы арнайы курсты құру бастамасын көтерді. Қазір бұл курс өз жұмысын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру институты құрамында жалғастырып келеді. 2007 жылы кафедра «Кәсіптік білім беру» деп қайта құрылды және ғылыми-зерттеу жұмысы іргелі, қолданбалы зерттеулер бағытында жалғасын тапты. Сонымен бірге, кафедрада оқу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша (оқулықтар, оқу құралдары және оқу-әдістемелік және т.б.) зерттеулер жүргізді, студенттердің ғылыми жұмыстарына, магистранттар мен докторанттардың диссертацияларына жетекшілік етуді, кафедра оқытушыларының республикадағы жоғарғы оқу орындарымен, сол сияқты алыс және жақын шетел университеттерімен ғылыми байланысын дамытуға, диссертациялық кеңестер жұмысына қатысуға тиісті назар аударылып отырды.
2010-2014 жылдары «Кәсіптік білім беру» кафедрасында «Аграрлық жоғарғы оқу орнында болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын дайындаудың теориялық-әдістемелік аспектілері» тіркелу нөмірі НЦГНТЭ (№0110РК00023) тақырыбында зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер нәтижесінде аграрлық жоғары оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын дайындауға қатысты білім беру процесіне әдістемелік нұсқаулар жасалды. 2014 жылдан бастап кәсіптік білім кафедрасында «Зерттеу университетіне тасымалдау жағдайында Агротехникалық университетте педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» инициативалық тақырыбында НЦГНТЭ (№0114РК00622) бойынша тіркелген зерттеулер біріккен ғылыми жобаларға, ғылыми мақалалар, баяндамалар, өнертапқыштық ұсыныстар дайындауға негіз болды. Профессорлық-оқытушылық құрам білікті мамандар дайындауға бағдарланған кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына белсене қатысады.
2017-2022 жылдары "Кәсіптік білім беру" кафедрасында "Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде дуалды оқыту жағдайында білім алушылардың кәсіби біліктілігін жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздері" тіркелу нөмірі НЦГНТЭ (№0117РКИ0646) инициативалық тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізілді.
2018-2020 ж. "Кәсіптік білім беру" кафедрасында "Научно-педагогические основы формирования критического мышления студентов в условиях полиязычного обучения в вузе " тіркелу нөмірі НЦГНТЭ (№0117РКИ0644) инициативті тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізілді. Жетекшісі - п.ғ.к., доцент М.Д.Есекешова.
Инициативті тақырып бойынша кафедра Беларусь Республикасының Гродно қаласындағы Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен, Мәскеу қаласындағы К.А.Тимирязев атындағы Ресей аграрлық университетімен, Қазақстандағы және ТМД мемлекеттеріндегі басқа да жоғарғы оқу орындарымен шығармашылық байланыстарға қолдау көрсетіп отырады, сонымен бірге «Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА», «Техникалық кәсіптік білім беруді және біліктілікті тағайындауды дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мекемелерімен жемісті ынтымақтаса жұмыс істеп келеді.
2016 жылы «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес ашылып, қазіргі кезге дейін жұмыс жасайды. 6D012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша 7 докторант бітіріп, PhD докторы дәрежесін алды. Сонымен қатар, 2022 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2 докторанты кафедраның диссертациялық кеңесінің негізінде докторлық диссертациясын қорғады.
2018 жылы мамыр айында 2 докторант:
1. Алшынбаева Жулдыз Елдосовна «Дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2. Ташкенбаева Жұлдыз Мұхтарқызы «Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2018 жылы желтоқсан айында 2 докторант:
1. Алдабергенова Сауле Салимжановна «Научно-педагогические основы обеспечения качества учебного процесса в вузе с применением системного подхода» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2. Саймбетова Жанар Туребековна «Көптілді білім беруді іске асыру жағдайында болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының этностық-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2021 жылы желтоқсан айында 3 докторант:
1. Тастанбекова Нурсауле Джаксибаевна "Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде дуальды оқыту жағдайында білім алушылардың кәсіби біліктілігін жетілдірудің ғылыми - педагогикалық негіздері" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2. Исакова Гульнур Оралбаевна «Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін жүйелілік тұғыр негізінде қалыптастыру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
3. Бекбаева Жанар Сабыровна «Научно-педагогические основы формирования критического мышления студентов в условиях профессионального обучения» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2022 жылы маусым айында 2 докторант:
1. Парманкулова Перизат Жаксылыковна «Дуальды білім беру жүйесінде инклюзивті оқытуға болашақ педагогтарды даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2. Септемирова Аяулым Жомартқызы «Болашақ педагогикалық бағыттағы магистрлердің креативті іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2024 жылы кафедраның аға оқытушылары Абдикаримова А.Ж., Кочкорбаева Е.Ш. докторлық диссертация қорғауды жоспарлап отыр.
Кафедраның ғылыми зерттеулері ең алдымен, білім беру процесін дамыту мен жетілдіруге, жоғарғы және жоғарғы орнынан кейінгі білім берудің барлық сатыларындағы бітірушілерді дайындау сапасын арттыруға бағытталған. Қазіргі күні кафедраның ғылыми дәрежелілік көрсеткіші 70%-ды құрайды. Кафедрада 16 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде: 3 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаттары, 2 PhD доктор және 5 магистр бар. Кафедраның ғылыми жұмысын жоспарлау ғылыми зерттеулердің басымдық бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады. Кафедра оқытушылары ғылыми стипендиялар, гранттар мен премия саласындағы түрлі конкурстарға, сол сияқты халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық және практикалық конференцияларға белсенді қатысып отырады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер ұжымын тарту мақсатында кафедра жұмысы студенттердің ғылыми шығармашылық белсенділігін дамытуға әсер етуге бағытталған «Жас зерттеуші» студенттік клубы қызмет жасайды.
Кафедра жанында Б.Әбдікәрімұлы атындағы «Тұлғаның заманауи психологиялық проблемалары» атты ғылыми-практикалық лаборатория және мамандарды оза дайындау ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасайды.
2019 жылдың наурыз айында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Құрметті қызметкері, көрнекті ғалым Болат Әбдікәрімұлының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кәсіптік білім берудегі инновациялар: мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, студенттер, магистранттар мен докторанттар I, II, III дәрежелі дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мамандарды оза дайындау ғылыми-зерттеу орталығы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрамдық бөлігі болып табылады. Қазіргі кезде PhD, аға оқытушы Ж.С.Бекбаеваның жетекшілігімен «Оза оқыту теориясы мен практикасы» ғылыми мектебі қызмет көрсетеді.
2022 жылдың 25 ақпанында «Кәсіптік білім беру» кафедрасының п.ғ.к., доценті М.Д.Есекешова мен PhD докторы Н.Д.Тастанбекова Астана қаласының «Сервис және туризм» колледжінің оқытушыларына «Білім беру жүйесіндегі кредиттік оқыту технологиясы» тақырыбында семинар өткізді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері шегінде түрлі арнайы мамандандырылған жарияланымдар: монографиялар, мақалалар, ғылыми жұмыстар жинақтары, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап шығару анықталып отыр. Қазіргі уақытта зерттеу нәтижелері бойынша кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы 400-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде 15 Scopus, 10 РИНЦ мақалалары мен 70 мақалалар халықаралық, республикалық конференцияларда және Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің білім беру мен ғылым салаларын бақылау Комитеті ұсынатын журналдарда жарияланған.
Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы ҚазАТУ-дың халықаралық ынтымақтастық және көптілді білім беру орталығымен бірлесе отырып жүзеге асырылады және шетелдік серіктестермен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, сонымен қатар ғылыми тағылымдамалар мен халықаралық конференциялар өткізу үшін алыс және жақын шет елдердің университеттерімен стратегиялық серіктестік орнатуға бағытталған.
Қазіргі кезде кәсіптік білім беру мәселелері бойынша бірге ғылыми зерттеулер жүргізуде АҚШ, Беларусь Республикасы, Польша, Молдавия және Канаданың ғылыми орталықтарымен келісім-шарттар жасалды.
Алыс шетел елдерімен халықаралық ынтымақтастық бойынша келесі келісімшарттар жасалды:
2014 жылы кафедраға халықаралық оқытушылардың ұтқырлығы бойынша Кейптаун университетінің профессоры, PhD доктор Фарук Бин Закария (Малайзия) шақырылды.
2014 жылы «Педагогикалық диагностика, білім сапасын басқару мен бағалау» тақырыбында «Болашақ» бағдарламасы бойынша профессор К.А.Сарбасова, 2013 жылы п.ғ.к., аға оқытушы С.А.Нуржанова «ЖОО жағдайында студенттердің кәсіби дамуында психологиялық қолдаудың ғылыми-әдістемедік негіздері» тақырыбында Ридинг университетінде (Англия) ғылыми тағылымдамадан өтті. Профессор Р.С.Омарова 2013 жылы, 2014 жылы Кембридж университетінде (Англия) тілдік курстан өтіп, Ресейде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Халықаралық ынтымақтастық қызметі бойынша доцент М.Д.Есекешова Гродно білім беруді дамыту институты «Білім хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналдың редакциялық алқасының мүшесі болып табылады. Факультетте халықаралық қызмет кафедра мүшелерінің шетелдік басылымдарда өздерінің еңбектерін жариялау мен тәжірибе алмасуға бағытталған.
Жыл сайын «Кәсіптік оқыту» мамандығының магистранттары мен докторанттары Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінде (Беларусь Республикасы) және К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде (РФ, Мәскеу) ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өту кестесі кафедра меңгерушісімен, ғылыми жетекшілер мен кафедра оқытушылар арасында докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жасалады.
Оқытушының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2014 жылдың 12-15 қазан айында профессор Г.К.Рудик «Оқытудың инновациялық әдістері» атты дәріс курсын, 2014 жылдың 15-30 қыркүйек айында профессор Б.З.Фарух «Докторанттардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру» атты дәріс курсы оқылды.
2018 жылдың қазан айында М.Д.Есекешова, Э.Ш.Кочкорбаева, Ж.К.Сагалиева Валбжих қаласының А.Силесиус атындағы Мемлекеттік Жоғары кәсіптік-техникалық училищесіне (Польша мемлекеті) Халықаралық-ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады.
"Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына шетелдік ғалымдарды шақыру" бағдарламасы аясында 2018 жылдың қараша айында Компютерлік жүйелер және Кәсіптік білім беру факультетінің "Кәсіптік білім беру" кафедрасына Миссури Штаты университеті (АҚШ), ағылшын тілі институтының "Мұғалімдерді оқыту бағдарламасы" директоры Дженнифер Джонстон шақырылды. 5-23 қараша аралығында Дженнифер Джонстон 5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының 4 курс студенттеріне «Pedagogical skills» және 6М012000 мен 6D012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының магистранттары мен докторанттарына «Student Centered Teaching Techniques» пәндерінен дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізді.
Сонымен қатар, профессорлық-оқытушы құрамға университеттің педагогикалық үдерісін жетілдіру және педагогтың кәсіби өсуі мәселелері бойынша «Growth Mindset — The Power of Yet» және «Framing Your Research Idea in Writing» тақырыптарында семинар және «Лекторлар мектебі» аясына «Cooperative Learning Structures» атты мастер класс ұйымдастырылды.
2019 жылғы 29-31 қазан аралығында «Гродно облыстық білім беруді дамыту институты» мемлекеттік білім беру мекемесі С.Сейфуллин Қазақ агротехникалық университетінің ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор А.К.Күрішбаевты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті басқарма төрағасының бірінші орынбасары п.ғ.д., профессор А.М.Әбдіровты, «Кәсіптік білім беру» кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент М.Д.Есекешованы және 2 курс докторанты Э.Ш.Кочкорбаеваны «Гродно облыстық білім беруді дамыту институты» мемлекеттік мекемесінің 75 жылдығына арналған «Личность. Образование. Общество. Формирование педагога будущего: от компетентности к самореализации»
атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырды.
Конференция ғылыми, теориялық және практикалық жоғары деңгейде өтті. «Акмеологическая позиция педагога как фактор его самосовершенствования и профессионального развития» тақырыбындағы баяндама пленарлық отырыстың бағдарламасына, сондай-ақ конференция бағдарламасына енгізілді (секциялар, мастер-класс дөңгелек үстел отырыстары, постер презентациясы). Іс-сапар барысында С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті мен Гродно облыстық білім беруді дамыту институты арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Білім беру үдерісінің жетілдірудің түрлі мәселелері бойынша кафедра оқытушылары университетте және басқа ЖОО-ғы семинарларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысады.
Студенттік өмір
«Кәсіптік білім беру» кафедрасының студенттері университетіміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
2023 жылдың 4-13 желтоқсан аралығында Елорданың жоғары оқу орындары мен студент жастары арасында өткізілген «JASTAR JALYNY-2023» жастар шығармашылық фестивалінде «Заманауи би» номинациясы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университетінің «ARROW GREW» би тобының мүшесі 6B07111 «Автокөлік құралдарының техникалық сервисі (өндірістік оқыту шебері)» БББ-ң 1-курс студенті Алтайқызы Аймекен 2-орынды жеңіп алды.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 65-жылдығына арналған «Аманат» партиясының ұйымдастыруымен өткізілген факультеттер арасында студенттер спортакиадасына қатысқан 6B07111 «Автокөлік құралдарының техникалық сервисі (өндірістік оқыту шебері)» БББ-ң 1 курс студенті Жанбершин Ерасыл футболдан командалық есепте 1-орынды иеленді.
2023 жылдың 26 қазан күні факультеттер арасында өткізілген көңілді тапқырлар клубы (КВН) сайысы бойынша 1 курс студенті Жанбершин Ерасыл командалық есепте 1-орын алды.
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ,
Ы. Алтынсарин көшесі, 2,
БИО ғимарат, №2 корпус
тел.: +7 (7172) 383-529,
e-mail: vocational-education@kazatu.kz