Білім беру бағдарламасының қалыптасуы елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарымен тығыз байланысты. 2015 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының 2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының «Тамақ өнімдерінің өндірісі» приоритеттік секторы шеңберінде бұрынғы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мен «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтары негізінде бір кафедраға берілген болатын. Осы мамандықтар негізінде «Тамақ өндірінің технологиясы» атты білім беру бағдарламасы қалыптасты.
2025 жылдан бастап бөлім Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты құрамында «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламаларының тобы ретінде қайта ұйымдастырылып, білім, ғылым және өндірісті ықпалдастырудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Қазіргі уақытта «Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде жүзеге асырылады. Дайындық жүйесі халықаралық талаптарға сәйкес құрылып, саланың нақты қажеттіліктеріне бағдарланған.
Бағдарламаның негізгі миссиясы – ауыл шаруашылығы және азық-түлік шикізатын өңдеу саласы үшін технологиялық ойлауы қалыптасқан, заманауи өндірісті ұйымдастыра алатын, инновацияны игеруге қабілетті және еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Білім беру бағдарламалары тобының басты құндылығы – оның жоғары кәсіби профессор-оқытушылар құрамы. Қазіргі уақытта штат құрамында 4 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 7 PhD доктор және 17 магистр қызмет атқарады. Мұндай ғылыми әлеует білім берудің тереңдігін, зерттеулердің сапасын және дайындалатын мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Практикаға бағдарланған дайындықты күшейту және дуалдық білім беру қағидаттарын жүйелі енгізу мақсатында оқу үдерісіне саланың жетекші кәсіпорындарынан шақырылған 3 тәжірибелі өндіріс маманы тартылған. Олар нақты технологиялық тәжірибені білім алушыларға жеткізіп, өндірістік орта талаптарына сай құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ПОҚ жетістіктері мемлекеттік деңгейде де кеңінен мойындалған:
- 6 оқытушы халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамалардан өткен;
- 7 оқытушы «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие;
- 2 қытушы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері;
- 1 оқытушы үздік ғылыми қызметкер мәртебесімен марапатталған.
Ұжымның орташа жасы - 44 жас, бұл тәжірибе мен ғылыми белсенділіктің, жаңашылдық пен академиялық сабақтастықтың тиімді үйлесімін білдіреді. Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігі оқыту бағыттары мен лауазымдық талаптарға толық сәйкес келеді, ал білім беру бағдарламасы бойынша кадрлық қамтамасыз ету 100% нормативтік талаптарға сай.

БББТ-ның ғылыми қызметіндегі негізгі басымдық жануар және өсімдік тектес шикізатты өңдеудің озық, ресурс үнемдеуші әрі бәсекеге қабілетті технологияларын әзірлеу мен жетілдіруге бағытталған. Білім беру және зерттеу инфрақұрылымы халықаралық талаптарға сәйкес қалыптастырылған: білім алушылар заманауи бейнепроекциялық техникамен жабдықталған аудиторияларда, цифрлық мүмкіндіктері жоғары компьютерлік сыныптарда және оқу-ғылыми жабдықтармен қамтамасыз етілген зертханаларда дайындықтан өтеді. Мұндай материалдық-техникалық база теориялық білімді нақты өндірістік міндеттерді шешумен ұштастырып, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін жоғары деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы Ташкент химия-технология институты, Калифорния университеті, Дэвис және Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті сияқты жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының тәжірибесі мен академиялық стандарттарын ескере отырып бірлесе әзірленген. Бұл әріптестік білім беру мазмұнының жаһандық талаптарға сәйкестігін, ал түлектер даярлығының халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.
Әлемдік жетекші университеттердің оқу-ғылыми инфрақұрылымының үздік үлгілеріне сүйене отырып, білім беру бағдарламасының тобы базасында нақты өндіріс жағдайына барынша жақындатылған 4 тәжірибелік-өндірістік цех жұмыс істейді:
- Сүтті қайта өңдеуэксперименттік-өндірістік цехы;
- Етті қайта өңдеуэксперименттік-өндірістік цехы;
- Өсімдік майыэксперименттік-өндірістік цехы;
- Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіретін эксперименттік-өндірістік цехы.
Барлық өндірістік алаңдар жоғары технологиялық, заманауи жабдықтармен жарақталған және толық циклді технологиялық операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде білім алушылар тек жекелеген процестерді меңгеріп қана қоймай, өндірісті ұйымдастыру, технологиялық ағымдарды басқару, сапа мен қауіпсіздікті бақылау бойынша кешенді практикалық құзыреттерге ие болады.
Аталған инфрақұрылым базасында негізгі және бейіндеуші пәндер жүргізіліп, дипломдық жобалар, магистрлік зерттеулер мен докторлық диссертациялар орындалады. Осылайша білім, ғылым және өндіріс интеграциясы жүзеге асырылып, инновациялық технологияларды әзірлеуге және оларды нақты секторға енгізуге қолайлы орта қалыптасқан.
|
|
|
Етті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехы
|
|
|
Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехы
|
|
|
Өсімдік майы эксперименттік-өндірістік цехы;
|
|
|
Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіретін эксперименттік-өндірістік цехы
2023 жылы ҚХР-сы, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті серіктестігімен магистратура деңгейінде бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бастама білім алушыларға халықаралық академиялық ортада білімін жалғастырып, озық ғылыми мектептердің тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді. Жоба аясында «Тамақ өнімдерінің технологиясы» бағдарламасының магистранттары оқуын табысты аяқтап, серіктес университетпен ғылыми-білім беру бағытындағы ынтымақтастық жүйелі түрде жалғасуда.
2024 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бастамасымен тамақ индустриясының жетекші кәсіпорындарымен бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Осы келісімдер нәтижесінде студенттер үшін жалақысы төленетін өндірістік тәжірибе ұйымдастыруға нақты жол ашылды. Аттап айтсақ, білім алушылар келесі өндіріс алаңдарында кәсіби машықтарын шыңдады:
- Бота-2015 өсімдік майын өңдеу зауыты;
- Атамекен-2000 нан комбинаты;
- QAIMAQ bakery and coffee;
- Жаркент крахмал-сірне зауыты.
Мұндай тәжірибелердің нәтижесінде студенттер өндірістің нақты талаптарымен жұмыс істеп, болашақ жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатады, ал түлектердің таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі айтарлықтай артады.
Оқу және өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыруда икемді модель қалыптасқан: тәжірибелердің 60%-ы арнайы платформалар арқылы, сабақтан тыс бекітілген кесте негізінде өткізіледі, ал 61%-ы ұжымдық шарттар аясында жүзеге асырылады. Бұл тәсіл оқу процесінің үздіксіздігін сақтай отырып, өндірістік дайындықтың тиімділігін арттырады.
Сонымен қатар дуалдық оқыту элементтері JFOOD KAZAKHSTAN, QAIMAQ bakery and coffee және NutriTech кәсіпорындары базасында табысты енгізілген. Білім алушылар теориялық дайындықты нақты жұмыс орнындағы тәжірибемен ұштастырып, кәсіби бейімделудің толық циклінен өтеді.
Осылайша, халықаралық әріптестік, өндірістегі нақты тәжірибе және жұмыс берушілермен тікелей ықпалдастық білім беру бағдарламасының басты артықшылығына айналып, студенттердің кәсіби болашағына деген сенімін нығайтады.
Білім беру бағадрламасы тобының жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты, профессор Кәкімов Мұхтарбек Мұханұлы басқарады.
«Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасының тобы 1959 жылдың қазан айында «Ауыл шаруашылық машиналары» кафедрасы деп құрылды.
1961-1975 жылдар аралығында кафедраның негізін қалаушылардың бірі, аға оқытушы Б.Н. Бок кафедра меңгерушісі лауазымын атқарып, кейін техника ғылымдарының докторы, профессор дәрежесі атағын алды. Ол 140-тан астам ғылыми жұмыстың, көптеген өнертабыстардың авторы және оның жетекшілігімен И.С. Таирян, О.А. Черемисинов, Б.Н. Гурин, Д.З. Есхожин, О.Ф. Безлер, Б.П. Раков, Л.Н. Гончарова, А.И. Нуждов, В.А. Путилин, М.А. Адуов, О.М. Кошанов, А.И. Шнайдер, К.С. Жусупов кандидаттық диссертацияларын қорғады. Профессор Н.Б. Боктың көптеген теориялық зерттеулері оқулықтарға, оқу құралдарына және анықтамаларға енгізілді.
1985-1999 жылдар аралығында кафедра инженерлік-педагогикалық факультеттің құрамында болды және 1997 жылдан бастап 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы», 5В080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандықтары бойынша түлектерді шығара бастауына байланысты кафедра «Ауыл шаруашылық және астық өңдейтін машиналар» кафедрасы атауына ие болды.
Кафедрада келесі оқытушылар жұмыс атқарып, оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізді: В.А. Александров, О.Ф. Безлер, Д.П. Белов, В.В. Гаар, А.Н. Гришин, С.В. Добровольский, В.М. Доценко, Д.З. Есхожин, К.С. Жусупов, Д.Т. Ильясов, Н.И. Корниенко, О.М. Кошанов, Г.П. Кузьмин, В.И. Муращенко, Л.А. Новаковский, А.И. Нуждов, С.П. Падалко, Н.Д. Пилюгин, В.А. Путилин, Б.П. Раков, Н.М. Ролич, В.С. Саковцев, О.С. Сапаров, Ф.М. Скачков, Ю.А. Салмин, Р.Е. Филиппова, Н.А. Чернышев, О.А. Черемисинов, Н.И. Шиянов, А.И. Шнайдер, А.А. Штетингер, Р.А. Сидикова, А.Г. Баскина, Р.Н. Кунапьянова және К.А.Тулеуова.
Әр жылдарда келесідей кафедра меңгерушілері лауазымын атқарды:
1961 - 1975 ж.ж. - Н. Б. Бок - аға оқутышы;
1975 - 1990 ж.ж. - О.А. Черемесинов - т.ғ.к., доцент;
1990 - 1996 ж.ж. - А.И. Нуждов - т.ғ.к., доцент;
1996-2014 ж.ж. - М.А. Адуов - т.ғ.д., профессор, ҚР ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының академигі;
2014 ж.ж. - Қ.Д. Есхожин - т.ғ.к., профессор;
2014 - 2025 ж.ж. - М.М. Какимов - т.ғ.к., профессор;
2025 жылдан «Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасының тобы жетекшісі лауазымын т.ғ.к., профессор М.М. Какимов атқарады.
2015 жылдың мамыр айында ҚР 2015-2019 жж. индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасының «Тамақ өнімдерінің өндірісі» басым секторы аясында, Ветеринарлық және мал шаруашылығы технологиясы факультеті, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы» кафедрасының «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығын «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығымен бір кафедраға жинақтап, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» атауымен жаңа кафедра құрылды. 2025 жылдан бастап «Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасының тобы болып қайта құрылды. Қазіргі таңда 6В07201/ 7М07201/8D07201-«Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде мамандар дайындайды.
ҚР 2015-2019 жж. индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы негізінде «Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасы тобы оқытушылары құрамы Дэвистегі Калифорния университетінің (АҚШ) Neal Van Alfen, Yubang Lee және Charles Field Shoemaker атты ғалымдарымен бірлесе отырып білім беру бағдарламасын құрастырды. Сондай-ақ, аталған шетелдік ғалымдардың ұсыныстары негізінде Дэвистегі Калифорния университетінің аналогтары ретінде кафедрада 4 тәжірибелік-өндірістік цехтар құрылды:
Барлық тәжірибелік-өндірістік цехтар заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл цехтарда негізгі және бейіндік пәндер бойынша сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ осы цехтарда білім алушылардың өндірістегі технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен басқарудың тәжірибелік дағдылары қалыптасып, алған білімдерін дипломдық және диссертациялық жұмыстарда қолданады.
«Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасының тобы ұжымының штаттық профессор-оқытушылар құрамында 43 оқытушы, оның ішінде 31 штаттық құрамда, 4 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 6 PhD қызмет атқарады. Ғылыми дәрежесі жоқтардың ішінде 8-і магистр, яғни ішкі потенциал жоғары деп айтуға болады. 3 оқытушы өндірістен шақыртылған оқытушылар. Профессор-оқытушылар құрамының орташа жасы – 48 жаста. Соңғы бес жыл көлемінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге 5 оқытушы грант иегерлері атанса, 5 оқытушы «ЖОО Үздік оқытушысы» атағын иегерлері, 1 оқытушы «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегері және 2 оқытушы «Мемлекеттік ғылыми стипендия» иегерлері атанды.

Білім беру бағдарламасы тобының ғылыми басым бағыттары – ет, сүт, астық, өсімдік майлары мен нан-тоқаш өнімдерін өңдіру мен қайта өңдеу технологияларын жетілдіру болып табылады.
Қазіргі таңда білім беру бағдарламасының тобының ұжымында тәжірибелері мол, ғылыми дәрежелері мен атақтары бар профессорлық-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Олардың қатарында - С. Әлтайұлы, Т.Ч. Тултабаева, А.Л. Касенов, Г.Т. Қажыбаева, Н.С. Машанова, Г.Н. Жакупова, Ж.И. Сатаева, Г.Х. Оспанкулова, С.Б. Ермекбаев, Б.К. Тарабаев, С.Ә. Карденов, С.Д. Токаев, Ш.Б. Байтукенова, А.К. Мустафаева, А.Б. Нуртаева, Н.Д. Кундызбаева, Б.Л. Леонидова, А.К. Игенбаев, К.К. Мақанғали, Э.Ч. Базылханова, Б.М. Искаков, А.Т. Сағандық, А. Төлеуғазықызы және т.б. білікті мамандар бар. БББТ-ның базасындағы тәжірибелік-өндірістік цехтарда тамақ өндірісі кәсіпорындарында 25 жылдан артық жұмыс өтілі бар өндірістік оқыту шеберлері-технологтар жұмыс атқаруда.

Ақшораева Гауһар Дүйсенғалиқызы
Базылханова Эльмира Чаймаксутовна
Байтөкенова Шолпан Байділдәқызы
Ермекбаев Сейткамал Баймуратұлы
Жасқайрат Шынарай Жасқайратқызы
Жумагалиева Айнажан Кайырболатқызы
Кундызбаева Назигуль Джумакановна
Мақанғали Қадыржан Қонысбайұлы
Суеркулова Гульзада Чормановна
Шарикбаева Гульмира Жексенқызы
Қазіргі таңда «Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасының тобы бойынша 6В07201/7М07201/8D07201-«Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде мамандар даярлау жұмыстары жүргізілуде. Аталған 3 деңгейдегі білім беру бағдарламалары 2024 жылы Халықаралық ASIIN сыртқы сараптау комиссиясының қортындысы негізінде 5 жылға аккредиттеуден өтті.
Тамақ өнімдерінің технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық, Солтүстік және Оңтүстік өңірлерінің 35 ғылыми-зерттеу институттары мен тамақ өнімдері өндірісі кәсіпорындарымен келісім-шартқа отырды. Олардың ішінде: «Астана-Өнім» ЖШС, «Кокшетауский гормолзавод» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Агропродукт» ЖШС, «Рокос» ЖШС, «Фудмастер» ЖШС, «Агрофирма Родина» ЖШС, «Евразия Инвест Ltd" ЖШС, ЖШС «QAIMAQ bakery and coffe», «Айс молочная компания», «Жаркент крахмал – сірне зауыты» ЖШС, Бота-2015 ЖШС Макинск филиалы және т.б кәсіпорындар бар.
Түлектеріміз таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндігін туғызып, білім алушылардың болашаққа сенімділігі күшейту мақсатында, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы – ректор Қ.М. Тиреуов пен өндіріс басшылары арасында бірнеше ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандумдар негізінде «Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша жалақысы төленетін өндірістік тәжірибеден өту туралы келісімге қол жеткізілді. Нәтижесінде аталған білім беру бағдарламасының білім алушылары атап айтсақ, Макинск қаласында орналасқан «Бота-2015» ЖШС-те өсімдік майын өңдеу зауытында, Ақтөбе қаласы, Степное «Атамекен-2000» ЖШС-нің Нанкомбинатында және QAIMAQ bakery and coffee ЖК жалақысы төленетін өндірістік тәжірибеден өтуге қол жеткізілді.
Өндіріс орындарымен теориялық білімді өзара байланыстыру мақсатында дуалды оқыту бағдарламасы қолға алынған. Бұнда пәндер бойынша дәрістерді кафедра оқытушылары оқытса, тәжірибелік және зертханалық сабақтарды өндірістің базасында жұмыс берушілер жүргізуде. Олардың қатарында, "JFOOD KAZAKHSTAN" АҚ және QAIMAQ bakery and coffeе" ЖШС, «Моя ферма» ЖШС өндіріс орындарын айтуымызға болады.
![]() |
![]() |
![]() |
«Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасының тобының оқытушылары: Г.Н. Жакупова «Комбинирленген тамақ өнімдерін құру технологиялары»; Ж.И. Сатаева «Өсімдік майларын өндіру технологиясы»; В.Ш. Ахметова «Ет жəне ет өнімдерінің технологиясы»; Ш.Б. Байтукенова «Тамақ өндірісі кәсіпорындарын жобалау»; А.К. Мустафаева «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы»; Н.С. Машанова «Академиялық хат» және «Қоғамдық тамақтану өнімдерінің технологиясы»; А.К. Игенбаев «Тамақ өнімдері технологиясының теориялық негіздері»; М.М. Какимов «Тамақ өнімдері өндірісінің жабдықтары» пəндері бойынша бейнедəрістер дайындап, оқу үдерісінде кеңінен пайдаланып келеді.
Жаппай ашық онлайн курстарын әзірлеген «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасының тобының оқытушылары: Ж.И. Сатаева «Өсімдік майларын өндіру технологиясы»; Ш.Б. Байтукенова «Тамақ өндірісі кәсіпорындарын жобалау»; А.К. Мустафаева «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы», бұл пәндер бойынша курстан өткен білім алушыларға әрқайсысына сертификаттар табысталады.
«Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының білім алушылары PhD-докторы Ж.И. Сатаеваның жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді шұғылданады. Олардың ғылыми жетістіктері халықаралық конкурстарда, форумдарда жəне көрмелерде сертификаттар жəне дипломдармен марапатталған.
Оқу жұмысындағы салмақты көрсеткіштердің бірі білім алушылардың академиялық ұтқырлығы. Жұмысты жандандыру мақсатында ішкі академиялық ұтқырлық Алматы, Шымкент, Көкшетау, Павлодар, Семей, Қостанай, Қызылорда және т.б. қалалардағы университеттермен байланыстамыз. Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Түркия, Ресей, Қытай, Белоруссия, Өзбекстан, Испания және т.б. мемлекеттерге, сонымен қатар «LOGO e.V», «DEULA - Nienburg» бағдарламасы негізінде Германияға өндірістік тәжірибемен бірге оқуын оқып келеді.
«Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасы тобының ұжымы, білім алушыларды дайындау барысында халықаралық ынтымақтастық негізінде шетелдегі ERASMUS MUNDUS бағдарламасы және eASTANA жобасымен 10-нан астам келісім-шарттарға қол қойылды:
Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы Президенттерінің 2023 жылғы 17-ші мамырда қол қойған келісімдерінің аясындағы өзара ынтымақтастықты дамыту барысында Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-ті бүгінде белсенді жұмыс істеп жатыр. Мәселен, университетіміз студенттер мен оқытушылар құрамымен өзара алмасу, кәсіби құзыреттілігін арттыру, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында тағылымдамадан өту және мамандарды даярлау аясында Қытай елінің жетекші университеттерімен ынтымақтастықты дамытуда. Осы жоба аясында бүгінгі Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен бірлескен білім беру және өзара алмасу бағдарламалары бойынша «Қытай - Қазақстанның азық-түлік ғылымы және инженерия магистрлерінің бірлескен оқу жобасының» базасы ашылып, «Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломдық жобасы іске асырылды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Жыл сайынғы өтетін Республикалық пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының белсенді командалары қатысады. Осы командалар арасында әр жыл сайын «Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасы тобының студенттері командалық турдың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленіп, І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып келеді. Белсенді қатысқандары үшін команданың ғылыми жетекшісі алғыс хатпен және топ мүшелері сертификаттармен марапатталады.
Бұл олимпиада – талантты білім алушыларды қолдау, олардың болашақта маман ретіндегі кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
![]() |
![]() |
![]() |
«Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламалары тобы ұжымында жүргізіліп жатқан негізгі ғылыми қызметтің негізгі бағыты- жануар және өсімдік текті өнімдерді қайта өңдеудің озық инновациялық технологияларын әзірлеу және жетілдіру, осының ішінде ғылыми бағыттары:
«Инжиниринг және азық-түлік технологиялар» институтының «Азық-түлік өнімдері өндірісі» білім беру бағдарламасы тобы ұжымында соңғы бес жылда жүзеге асырылып жатқан ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми жобалар:
|
№ |
Жобаның атауы |
Жетекшісі |
Жүзеге асу жылдары |
|
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР |
|||
|
1 |
Америка Құрама Штаттарының Мичиган мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, «Қазақстанда жаңартылатын ресурстар және пайдалану бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу әлеуетін құру» |
Бекбаев К.С. |
2020–2023 жж. |
|
2 |
Арканзас университетімен, АҚШ-пен бірлесіп, «Құс шаруашылығына әсер ететін жаңартылатын энергия технологияларын пайдалану арқылы Қазақстанда магистратура бағдарламаларын жетілдіру» |
Бекбаев К.С. |
2023–2024жж. |
|
ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ |
|||
|
1 |
«Пайдалы микроорганизмдердің жаңа штаммдарын, ферменттерді, нутриенттерді және басқа да компоненттерді қолдана отырып арнайы диеталық тамақ өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу». Жалпы қаржыландыру – 626 млн тг. |
Тултабаева Т.Ч. |
2021–2023жж. |
|
2 |
«Ауылшаруашылық шикізаты мен қайта өңдеу өнімдерінің сапасын сақтауды қамтамасыз ету технологиясын әзірлеу». Жалпы қаржыландыру – 265 млн тг. |
Тултабаева Т.Ч. |
2021–2023жж. |
|
3 |
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару шаралары кешенін құру және биологиялық құндылығы жоғары ет-сүт өнімдерін әзірлеу». Жалпы қаржыландыру – 340 млн тг. |
Тултабаева Т.Ч. |
2023–2025жж. |
|
4 |
«АШ шикізатын терең қайта өңдеудің ғылымға негізделген технологияларын әзірлеу». Жалпы қаржыландыру – 951 млн тг. |
Оспанкулова Г.Х. |
2024–2026жж. |
|
ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ |
|||
|
1 |
«Жаңа биодеградацияланатын пленка материалдарын әзірлеу (картоп крахмалы негізінде)». Жалпы қаржыландыру – 58,4 млн тг. |
Оспанкулова Г.Х. |
2020–2022жж. |
|
2 |
«Балаларға арналған ет өнімдері технологиясын әзірлеу».ҒҒТЖ ЖҒГҚ. Жалпы қаржыландыру – 53 млн тг. |
Маканғали К.К. |
2021–2023жж. |
|
3 |
«BIO-AP биоқоспасын әзірлеу (өсімдік микронутриенттері негізінде)». ҒҒТЖ ЖҒГҚ. Жалпы қаржыландыру – 74 млн тг. |
Маканғали К.К. |
2022–2024жж. |
|
4 |
«Биоөндірілдіруші қалдықтарды интеграциялық басқару жүйесін әзірлеу». Жалпы қаржыландыру – 98 млн тг. |
Бекбаев К.С. |
2023–2025жж. |
|
ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ |
|||
|
5 |
«Өсімдік шикізатының екінші реттік метаболиттерін қолдану арқылы мононуклеарлы торшаларды in vitro өсіру технологиясы». Жалпы қаржыландыру – 105 млн тг. |
Жакупова Г.Н. |
2024–2026жж. |
|
6 |
«Мақсарыны қауызынан ажырату процесін оңтайландыра отырып сапалы мақсары майын алу технологиясын әзірлеу» Жалпы қаржыландыру – 118 млн тг. |
Какимов М.М. |
2025–2027жж. |
|
7 |
«Брикеттелген балқарағай майын алудың технологиясын әзірлеу». ҒҒТЖ ЖҒГҚ. Жалпы қаржыландыру – 88 млн тг. |
Искаков Б. М. |
2025–2027жж. |
|
8 |
«Құрамында тағамдық талшықтар мөлшері жоғары глютенсіз нан-тоқаш өнімдерін жасау технологиясын жетілдіру». «Жас ғалым» ЖҒГҚ. Жалпы қаржыландыру – 30 млн тг. |
Утарова Н.Б.
|
2025–2027жж. |
|
1 |
«ARON R&D CO» ЖШС (Ғылым қоры гранты негізінде құрылған), «Өсімдік шикізаты негізінде сүт алмастырғыштарды өндіруді жолға қою». Жалпы қаржыландыру сомасы – 300 млн теңге |
Оспанкулова Г.Х. |
2022–2024жж. |
|
2 |
«Сүлейменов» ЖК «Өсімдік майларын регенерациялау және тазарту өндірісін ұйымдастыру». Жалпы қаржыландыру – 350 млн тг. |
Сатаева Ж.И. |
2023–2025жж. |
|
3 |
«NutriTech» ЖШС Өсімдік майларын ультрадыбыстық экстракция әдісімен микронутриенттермен байытылған қалдықсыз өндіру. Жалпы қаржыландыру – 350 млн тг. |
СатаеваЖ.И. |
2024–2026жж. |



Цель воспитательной работы в группе образовательных программ «Производство продуктов питания» – обеспечить всестороннее развитие студентов, сформировать профессионально компетентную, высококультурную и ответственную личность.
Institute of Engineering and Food Technologies.
|
|
2. Content of Educational Work:
|
|
3. Student Rights and ResponsibilitiesRights:
Responsibilities:
To take care of university property. |
![]() |
4. Principles of Academic Integrity
|
![]() |
5. Healthy Lifestyle
|
![]() |
Academic advisors of the Educational Program “Food Production” are appointed from the teaching staff.Advisors play a key role in both academic guidance and student development activities. They support students’ adaptation to university life, especially first-year students, assist in addressing social issues, and foster a positive learning environment based on mutual respect, teamwork, and emotional well-being.Student development activities are carried out in accordance with advisors’ plans and the overall educational program schedule. Regular advisory hours are dedicated to national and commemorative dates such as Knowledge Day, Constitution Day, Independence Day, Victory Day, New Year, Nauryz Meyramy, and other significant events.The program also includes thematic meetings with healthcare professionals, law enforcement representatives, university alumni, and industry specialists.In addition, advisors encourage student participation in cultural and social activities at both university and city levels, organize visits to theaters, museums, and cinemas, support the creation of information boards and student newspapers, and arrange festive events.
|
![]() |
ЖЕҢІМПАЗДАР
ЖОО студенттері арасындағы ҚР пәндік республикалық олимпиадасы
(2023–2025 жж.)
|
№ |
Студенттің аты-жөні |
Өткізу уақыты |
Өткізу орны |
Орын |
Олимпиаданың атауы |
|
2023 |
|||||
|
1 |
Бақмұратқызы Дана |
15 наурыз, 2023 ж |
Алматы технологиялық университеті АҚ
|
III дәрежелі диплом |
ҚР ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы |
|
2 |
Хастарбекқызы Батима |
15 наурыз, 2023 ж |
Алматы технологиялық университеті АҚ
|
III дәрежелі диплом |
ҚР ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы |
|
2024 |
|||||
|
3 |
Мұратқызы Асылжан |
13,14 ақпан 2024 ж |
Алматы технологиялық университеті АҚ
|
II дәрежелі диплом |
ҚР ЖОО студенттері арасындағы XVI Республикалық пәндік олимпиада |
|
4 |
Мадешова Жанел Сайранқызы |
1 сәуір 2024 ж |
Алматы технологиялық университеті АҚ
|
II дәрежелі диплом |
ҚР ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы |
|
5 |
Досымбекова Аружан Альтаирқызы |
1 сәуір 2024 ж |
Алматы технологиялық университеті АҚ
|
III дәрежелі диплом |
ҚР ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы |
|
2025 |
|||||
|
6 |
Смагулова Мадина Талғатқызы |
4, 5 мамыр 2025 ж |
Алматы технологиялық университеті АҚ
|
II дәрежелі диплом |
ҚР ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы |






010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
Жеңіс даңғылы, 62, Бас кампус,
№4 корпус
Тел.: 8 (7172) 39-73-27
E-mail: m.kakimov@kazatu.edu.kz
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
6B07201 Тамақ өнімдерінің технологиясы
7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
7M07201 Тамақ өнімдерінің технологиясы
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары