Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Сұрақтар мен жауаптар
10/8/25, 18:54
Гүлжан

Көкшетауға Серпін арқылы орман шаруашылығы мамандығында оқып жатырмыз 1ші семестрден соң Сейфуллин универіне осы грантпен түсе аламызба грант сақталама


Құрметті Гүлжан!

 

Сіздің Серпін бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласындағы оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына, атап айтқанда, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне ауысу және грантты сақтау мүмкіндігі туралы сұрағыңызға келесіні хабарлаймыз.

«Серпін» бағдарламасы - еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы аймақтарға кадрлар даярлауға бағытталған мемлекеттік жоба болып табылады. Бағдарламаның негізгі шарты бойынша білім алушы оқуын берілген грант бөлінген өңір мен оқу орнында толық аяқтауы тиіс.

Осыған сәйкес, басқа жоғары оқу орнына, соның ішінде өзге өңірдегі университетке ауысқан жағдайда «Серпін» мемлекеттік білім гранты сақталмайды. Бұл талап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен, атап айтқанда: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңының 47-бабы 17-тармағына,  сондай-ақ Серпін бағдарламасының қағидаларына сәйкес ретеледі.

Аталған құжаттарға сай, мемлекеттік білім беру гранты белгілі бір білім беру бағдарламасы мен оқу орнына өңірге нақты бекітіледі және басқа оқу орнына ауысқан кезде грант автоматты түрде жойылады.

Сондықтан, егер Сіз оқу орнын өзгертуді жоспарласаңыз, басқа университетке тек  ақылы негізде ауыса аласыз.

 

Құрметпен,

АМД директоры

Жургенов Ж.С.

8/8/25, 07:36
Камила

Саламатсызба, общяга бар ма?


 

Құрметті Камила (sagindykova.kamilas@mail.ru)

 

Сұрағыңызға рахмет!

Иә, КАТЗУда студенттерге арналған жатақхана қарастырылған. Бүгінгі таңда университет студенттерінің 95 % жатақханамен қамтылған. Жалпы жеті студенттік жатақхана жұмыс істейді. 

 

Жатақхана қызметінің негізгі ерекшеліктері:

- Әр жатақханада жаттығу залдары, сүзілген су аппараттары бар.

- Тұрғындарға ыңғайлы тұрмыс үшін университеттегі интернет желісі, асхана, әлеуметтік дүкен, аптекалар, сондайақ қазіргі заманғы студенттік поликлиника жұмыс істейді.

- Сондай-ақ университет студенттерді орналастыру мақсатында оқу орнына жақын орналасқан хостелдермен меморандумдар жасасқан. Бұл қосымша жатын орындармен қамтамасыз етіп, жатақхана тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

 

8/7/25, 11:17
Асия

саламатсыз ба сіздерде жатақхананың қамтылады ма студенттер


 

Құрметті Асия (87781566992@mail.ru)

 

Сұрағыңызға рахмет!

Иә, КАТЗУда студенттерге арналған жатақхана қарастырылған. Бүгінгі таңда университет студенттерінің 95 % жатақханамен қамтылған. Жалпы жеті студенттік жатақхана жұмыс істейді. 

 

Жатақхана қызметінің негізгі ерекшеліктері:

- Әр жатақханада жаттығу залдары, сүзілген су аппараттары бар.

- Тұрғындарға ыңғайлы тұрмыс үшін университеттегі интернет желісі, асхана, әлеуметтік дүкен, аптекалар, сондайақ қазіргі заманғы студенттік поликлиника жұмыс істейді.

- Сондай-ақ университет студенттерді орналастыру мақсатында оқу орнына жақын орналасқан хостелдермен меморандумдар жасасқан. Бұл қосымша жатын орындармен қамтамасыз етіп, жатақхана тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

 

7/14/25, 15:18
Aру Нурланкызы

Под курс окуыты барма. Жане оган озининин арнайы шектік баллы болама


-    Сәлеметсіз бе! Біздің университетте дайындық  курстары (под. курс)  жоқ.  

7/9/25, 10:18
Беркінбай Бейсен

Медицина саласынан , Азық-түлік мамандығына 59 балл мен квота бар грантқа мүмкіндік барма?


- Сәлеметсіз бе! В068-Азық түлік өнімдерінің өндірісі (бейіндік пәндер – Биология, химия). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығы "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес конкурсқа қатысушылардың санына, ҰБТсертификаты балына байланысты.

Толық ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 31-75-56, 8 (7172) 39-80-18.

7/8/25, 09:47
Аякөз

Сәлеметсізлерме Сіздерде шартты оқу барма. Және бар болса сіздер де жүйе қалай енгізілген


Сәлеметсіз бе! Сіз 25 шілде мен 5 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында ҰБТ-ға тағы өтініш жіберіп тамыз айында тест тапсыра аласыз. Егер соңғы ҰБТ-да шекті балл ала алмасаңыз, тамыз айында бізге келіп, шартты оқуға қабылдаймыз ба жок па сол кезде біле аласыз.