Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Сұрақтар мен жауаптар
12/31/12, 03:55
Қазыбай Баян Асқарқызы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Жаңа Жылыңызбен!Мен КСиПО факултеті студентімін,мамандығым \"Ақпараттық жуйелер\" Менің сізге қоятын сұрағым:Біздің университетте осы мамандық бойынша база бар ма? Біздің университет АгроТехникалық бағытта дамыған,ал біздін салада қандай жетістікке жеткен? ж/е осы сала тулектерін жұмыспен қамту жағы,оларға деген жұмыс берушілер тарапынан сұраныс қалай?
Құрметті Қазыбай Баян Асқарқызы! Сіздің «база» деп сұрап отырғаныңыз өндірістік тәжірибелер өтуге арналған базалар болса керек. Жалпы университеттегі әр мамандық бойынша тәжірибе базалары жыл сайын жаңартылып бекітіліп отырылады. Сіз сұрап отырған мамандық (Ақпараттық жүйелер) бойынша 20-дан астам мекемелермен жасалған ұжымдық келісім-шартымыз бар. Мысалы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Инженерлі-техникалық орталық» АҚ, «Байланыс және ақпараттандыру агенттігі» АҚ т.с.с. «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқитын студенттер әр түрлі конференция, олимпиадаларға қатысып, жетістіктерге қол жеткізуде. Бұл мамандықтың 3-4 курс студенттерінің 70-80% өз мамандығы бойынша немесе осы салада жұмыс жасап та жүр және тәжірибелерін сол жұмыс жасап жүрген жерінде өтеді. Кейбір стундеттеріміз тәжірибе өткен жерінде жұмысқа орналасып жатады. «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша университетте магистратура да бар, әрі қарай өз оқуыңызды магистратурада жалғастыруға мүмкіндігіңіз бар.
12/25/12, 18:37
Нарматов М
2012-2013 оку жылынын 2 семестрга калай ауысуга болады.Кандай документ жинау керек ,толыгырак айтып жiберсенiз
5) Құрметті Нарматов! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «110» қаулысымен бекітілген білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасына сәйкес ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады. Білім алушыны жоғары оқу орындарына ауыстырудың немесе қайта қабылдаудың міндетті шарты оның бірінші академиялық кезеңді көлемі кемінде 15 кредиттен тұратын жеке оқу жоспарына сәйкес толық аяқтауы болып табылады. Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына ауыса немесе қайта қабылдана алады. Яғни, Сіз біздің университетке ауысуға мүмкіндігіңіз бар егерде айырмашылық міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаса. Ауысқан кезде келесі құжаттар қажет болады: 1. ЖОО лицензия көшірмесі (студент оқитын мамандыққа қосымша қоса беріледі) 2. Студенттің барлық оқу кезеңіндегі оқу үлгерімі көрсетілген транскрипт 3. БҰТ сертификат көшірмесі 4. Студент оқитын ЖОО ректоры атына өтініш, ректордың келісім бұрыштамасымен және ЖОО мөрі басылған 5. Ауысқалы жатырған ЖОО ректоры атына өтініш
12/22/12, 16:15
Ләйла
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! 20-желтоқсан күні ұйымдастырылған Жаңа жыл кеші үшін алғыс білдіремін! Сұрағым: бізге қыздарға әскери кафедраға құжаттар тапсырып, оқып алсақ боладыма? \"агрономия\" мамандығының 2 курс студентімін...
Құрметті Лейла! Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына және Қорғаныс министрінің бұйрықтарына сәйкес біздің әскери кафедраға әскери – есептік мамандықтар бойынша әскери дайындыққа тек студент ер балалар ғана тартылады. Студент қыз балалар тартыла алатын әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери дайындық біздің кафедрада жүргізілмейді.
12/15/12, 19:28
Жамаладинина Айнұр Тұрлыбекқызы
сәлеметсіз бе? мен агрофактың 2 курс студентімін, калада окимын, бирак № 6 жатаханада тұрамын. қазір ауа райы өте суық, сабаққа қатынауым қиын. Бүгін сағат таңғы 7 де шыгып, университетке сагат 9.40 жеттім. университетен бөлінген автобус келмеді,автобустар жүрмейді, аялдамада 1-1,5 сағат автобус күтип тонып калдым! мына суыкта учхоздан қатынау мүмкін емес.сондықтан университетке жакын жатаханага ауысуыма болама? немесе сабақты күн суық болғанда тоқтата тұруға бола ма? рахмет
Құрметті Айнұр! Университет Астана қалалық автобус паркімен бірнеше рет келіссөздер жүргізілуінің нәтижесінде № 6 жатақханаға қатынайтын сіз сұраған №37 автобус маршруты өткен жылдың желтоқсан айынан бастап таңғы уақыттағы жүрісін жиілетті. Одан басқа университеттің 2 автобусы күнделікті белгіленген уақытта студенттерді алып барып алып кетіп жүргенінен өзіңіз де хабардар боларсыз. Ал оқу корпусына жақын жатақханаға ауысу мәселесімен Тұрғын үй комиссиясы айналысады. Комиссия сіздің өтінішіңізді жатақханаға орналасу Ережесі және кезекке тұру тәртібі бойынша қарайды.
12/13/12, 15:51
Энергетикалық факультетінің ұжымы
Құрметті Ақылбек Қажығылұлы! сізді , Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында \"Құрмет\" Орденімен марапатталғаныңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздің саясатыңыздың арқасында университететің беделі күн сайын артуда. Сіздің біліміңіз жоғары жауапкершілігіңіз әріптестеріңізді тәнті етуде. Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, сәтті істер, қажымас жігер және үлкен табыстар тілейміз. Энергетикалық факультетінің ұжымы
12/11/12, 22:33
№6 жатақхана студенттері
Құрметті А.Қ.Күрішбаев мырза! №6 жатақхана тұрғындарының көптен айта алмай жүрген көкейтесті өтініші жайлы айтқымыз келеді.Жалпы жатақхана жағдайы жақсы,бірақ жатақхана комендантының жұмысы бізді қанағаттандырмайды. Себебі жатақхана студенттерінің көпшілігі орыс тілін білмеуінен ол кісімен қарым-қатынас жасауда, өзіне қажетті мәлімет алуға қиындық туады және өз ісін дұрыс атқармайды. Біздің айтайын дегеніміз екі тілде еркін сөйлейтін, педагогикалық тәжірибиесі бар, өз ісіне жауапты қазақ комендантын қоюыңызды өтінеміз!
Құрметті №студенттік жатақхана тұрғындары! Сіздердің өтінішіңіздеріңізбойынша тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарым Ж.А.Құсайноваға тапсырма бердім.