Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Сұрақтар мен жауаптар
12/30/11, 21:11
Садуов Сұңғат Сәтұлы-С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ
Құрметті А.Қ.Күрішбаев мырза! Алдымен жаңа жылыңызбен құттықтаймын!Мен энергетикалық факультеттің \"Электр энергетика\" мамандығының 1-курс студентімін.Мен ақылы бөлімде оқимын.Ал қысқы сессиямды 4-5ке,яғни математикадан В-(75%), ал қалғандарын 90 баллдан жоғары қылып жаптым.30.12.11 күні грантқа ауысу үшін өтініш жаздым. Тапсырылуға тиісті құжаттардың ішінде отбасы жағдайы деп аталатын құжаттар ішінде Анамның көп балалылығын анықтайтын және Отбасы құрамы(Состав семий) құжаттарын тапсырдым!Өзіміздің отбасымызда алты ербала едік.Ал әкем жұмыс істемейді.Екі ағам ЖОО-да сырттай оқиды,інілерім болса мектеп қабырғасында.Менің сұрайын дегенім осындай жағдаймен грантқа 1семестрдан кейін ауыса аламынба? Сізге үлкен рахмет!
Құрметті Сұңғат! ҚР Білім және ғылым министрлігі 2011-2012 оқу жылының қысқы сессия қортындысы негізінде оқуға түсу жылын ескере отырып, мамандықтар, оқытудың нысандары мен мерзімдері бөлінісінде Республика бойынша босаған білім беру гранттарына 15 қаңтарға дейін ашық конкурс жариялайды. Босаған білім беру гранттарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. Қосымша сұрақтар бойынша тіркеуші кеңсесіне хабарласа аласыз. Телефон: 39-75-08.
12/28/11, 18:03
Ермеккалиев абуталип
А.Қ Күрішбаев мырзаға мен КАЗИИТУ(ОРАЛ)радиотехника электроника телекомуникация факултетінде 1 курс студентімін (ақылы бөлімінде) КАЗАТУға осы факултетке ауысқым келеді,қүжаттарымды алмаи тұрып транскриптің зачеткамның көшірмесін көрсетіп ауысуға болатынын біле аламынба осы факултеттің ақысы қандай
Құрметті Абуталип! Оқу орнымыздың 5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығына қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында ауысуыңызға болады. Сонымен қатар 2011-2012 оқу жылына аталған мамандық бойынша оқу ақысы 374500 (үш жүз жетпіс төрт мың бес жүз) теңгені құрайды. Қосымша сұрақтар бойынша энергетикалық факультетінің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Телефон: 31-75-26.
12/27/11, 21:27
Нұрсерік Қастер
Құрметті А.Қ.Күрішбаев мырза! Мен ВжМШТ факутеті 1 курс студентімін. Бізде әскери кафедра бар, сол кафедраға медициналық тексеру мен дене тәрбиесінен нормативтер қабылдау жүріп жатқан кезде, керекті құжаттарымның толық болмауына байланысты тапсыра алмай қалған болатынмын. Қазір құжаттарымды толықтырып, әскери кафедраға өткізіп қойдым. Бірақ маған медициналық тексеру мен дене тәрбиесінен нормативтерді тапсыруым қажет, ол үшін сіздің рұқсатыңыз керек екен. Мен сабақтарды 4 пен 5ке оқитын едім, сонымен қатар дене тәрбиесінен де жақсымын. Сізге өзіміздің деканат арқылы өтініш жазған болатынмын, соған қандай жауап қайтарасыз соны білейін деп едім, бұл мен үшін өте маңызды.
Кұрметті Нұрсерік! Құжаттарды тапсыру кезінде Сіздің шақыру участігіне тіркеу туралы куәлігініз болмады, осыған байланысты Сіз дене тәрбиесі дайындығы бойынша норматив тапсыратындар тізіміне тіркелмедініз. Сонымен қатар 1 курстың барлық студенттерін уақытында құжаттарын тапсыру қажеттігі ескертілген болатын. Басқарма төрағасына жазылған 26 желтоқсандағы өтінішіңіз қарастырылды, әскери кафедраға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты Сіз дене тәрбиесі дайындығы бойынша норматив тапсыруға қатыса алмайсыз.
12/22/11, 20:30
фида ахмади
Салеметсіз бе, А.Қ.Күрішбаев мырза!ауғанистанан келген студентерден бірі фида ахмади. мен агрономиялық факультетінде агрономия мамандығына сабақ оқыумын мен агрономиялық факультетті ішінде агрохимя мамандығына ауыссам дебедім себебі бол маманды өзім тандағаным жоқ Алматыдан бізге айтті астанада барғанда әр маманды ауылшаруашылықты ішінде таңдасандар болады келісім шарт бойынша ауылшаруашылық деп жазылған өзіңіз білесіз ауылшаруашылықты ішінде бір неше маман кіреді біз бірінші келгенде қаболдау болмесінде бардық олар айтті бірінші семестрды бытырғанан кейін ауысуға болады деді . көніл аударғаныңызға алдын ала рахмет.
Құрметті Фида Ахмади! Сіз Қазақстан және Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметінің арасында жасалған келісім-шарт негізінде ауыл шаруашылық мамандығы бойынша білім алып жатырсыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 8 тамыздағы № 343 бұйрығы негізінде Сізге 5В080100-Агрономия мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру гранты тағайындалғандықтан, басқа мамандыққа ауыса алмайсыз.
12/20/11, 21:17
Айсулу
Біз, Қазақстанымыздың Тәуелсіздігіне 20-жыл толатынында Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген түлектер, энергетиктар мейрамымен энергетикалық факультетінің оқытушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Жұмыста жемістік, зор денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Біз үшін ұмытылмайды өте сыпайы, адамгершілікті, жоғары білімді Баймағамбетова С.Қ., Туркебаева З.Т., Ниязбаева Х.К., Ансабекова Г.Н. оқытушылардың сабақтары, бізге берген білімдері. Негізгі пәндерден сіздерден алған білімдеріміз қазіргі кезде еңбек жолымызды жақсы ашуға мүмкіншілік берді. Үлкен рахметімізді, алғысымызды сіздерге мейрамдарыңызда жеткізуге тырмыстық. Барлық оқытушылар сіздердей болса, студенттер оқу төлемін далаға шашқандай болмайды. Сіздер біздің мақтанышымыз, энергетикалық факультетіміздің абыройысыздар. Қазір құанамыз: қазақ елінде сіздердей жоғары электротехникалық білімді әйел-ұстаздарымыз бар болғанына. Қазіргі кезде бәріміз алған мамандығымызбен жұмыс істеп жатырмыз. Келешекте оқу орынымызға кір әкелмеуге, жаман таға түсірмеуге тырмысамыз.
12/20/11, 11:53
Тілек
Ассалаумагелейкум А.К. Куришбаев агай.мен архитектура мамандығын таңдамақшы едім.осы мамандыққа қалай тусе алам?не істеуім керек?
Құрметті Тілек! «Сәулет» мамандығына оқуға қабылдану үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырған соң, өзіңіз таңдаған жоғары оқу орынның қабылдау комиссиясына шығармашылық емтихан тапсыруға қатысуға өтініш білдіресіз. «Сәулет» мамандығы шығармашылық мамандықтар қатарына жататындықтан талапкерлер 2 шығармашылық емтихан (біздің университеттің «Сәулет» мамандығында талапкерлер «Сурет» және «Композиция» бойынша емтихандар) тапсырады, ал ҰБТ нәтижесінен 2 пән: «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» есепке алынады. Шығармашылық мамандыққа өтініштер 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады. Арнайы (шығармашылық) емтихандар 2 шілдеден 7 шілдеге дейін жүргізіледі. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш 23-31 шілде аралығында қабылданады. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).