Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.
Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings: EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.
Сәлеметсіз бе.Менің сізге қояр сұрағым мен 1курс студентімін (19.12.2023ж) кеше алғашқы сессияны тапсырдым сессия тапсырып болғаннан кейін мұғалімдер платонустағы бағаны өзгерте алады ма?
Құрметті Елубай!
"Білім алушыларды ағымдағы және аралық аттестаттаудан өткізу кезінде үлгерімді бақылауды ұйымдастыру" СМЖ сәйкес:
7.12 Қорытынды бақылау бағасын қойғаннан кейін-ағымдағы бақылау бағаларын түзетуге, өзгертуге жол берілмейді.
Оқу орнымыздағы студент жастардың арасында танылып жүрген Елдегі дін мамандарын университетімізге шақырылып білім жолындағы жастарға үгіт-насихат жүргізгенін қалаймыз.
Сәлеметсіз бе? Сіздің хатыңызда айтылған талап-тілек университетімізде орындалып жатыр деп есептейміз. Осы бағытта арнайы теолог-маман қызмет атқарып отыр. Жуықта ғана университетімізге елімізге танымал дін мамандары - Нұрлан Асанов және Арман Қуанышбаев мырзалар келіп студенттермен кездесу өткізді. Алдағы уақытта өтетін діни бағыттағы кездесулерде өтінішіңізді ескеретін боламыз.
Мені оқудан шығарып жіберді мен қайтадан қалпына келтіргім келеді нестесем болады көмектесіңізші
Уважаемый Ілесбек Сарсенғалиұлы!
В соответствии с Академической политикой университета Вы можете восстановится на ОП, с которой были отчислены. Восстановление осуществляется в каникулярный период (с 5 января по 20 янвря 2024г)
Саламатсызба Неге платонус жабылды баға өзгерту керек бізге неге алдын ала ескертпеді неге екінші семестр дан бастап болады деді емес па бұны
Құрметті білім алушы!
"Білім алушыларды ағымдағы және аралық аттестаттаудан өткізу кезінде үлгерімді бақылауды ұйымдастыру" СМЖ сәйкес:
6.14т. ағымдағы бақылау бойынша бағаларды оқытушы электрондық журналға тұрақты түрде, бірақ әрбір үш апта сайын кемінде бір рет қоюға міндетті.
6.15т. құжатпен расталған объективті себептер бойынша (ауру, отбасылық жағдайлар, дүлей зілзалалар, академиялық немесе кредиттік ұтқырлық бойынша оқыту, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар) белгіленген мерзімде ағымдағы бақылау бағасын алмаған білім алушылардың жеке кесте бойынша ағымдағы бақылау тапсырмаларын тапсыру мерзімдерін ұзартуға құқығы бар. Білім алушы көрсетілген мерзімнің үш күнінен кешіктірмей растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, СМД директорының атына өтініш жазады (себебін көрсете отырып, растайтын құжаттарды, пәндер тізбесін, жеке кестені ұсына отырып).
СМД директоры өтінішті бекіткеннен кейін-ОР қызметкері баға қою үшін оқытушыға электрондық журналдың тиісті бөліміне кіруге мүмкіндік береді.
Ауру бойынша анықтамалар ҚАТЗУ жанындағы қалалық емхананың 5 филиалында куәландырылуы тиіс. С. Сейфуллина, Молдағұлова к-сі, 29А мекенжайында орналасқан. ауру бойынша анықтамалар QR-кодпен қабылданады немесе ҚАТЗУ қарасты №5 қалалық емхананың филиалында куәландырылады. (Молдағұлова көшесі, 29А).
СМЖ-да көрсетілген тармақтарға сәйкес білім алушылар медициналық анықтамаларды тіркей отырып, электрондық журналдарға қолжетімділікті ашу үшін үлгі бойынша өтініш жазады және кафедра меңгерушісі "Документолог"ЭҚЖ бойынша барлық құжаттарды жібереді.
Сәлеметсіздер ме,мен Сейілханова Аяжан ВиТЖ факультеті "Тағам қауіпсіздік" мамандығының 4 курс студентімін.Сұрағым:осы 1 семестрді бітіріп сессия тапсырып болған соң,оқуымды отбасылық жағдайға байланысты тоқтата аламын ба жарты жылға ,деканға белгілі бір өтініш хат жазып.Келесі жылға ақылы түрде оқысамда жалғастыра аламын ба оқуымды?
Құрметті Аяжан Сейілханова!
Сіздің хатыңызға мынаны хабарлаймыз: Сіз төртінші курстың қысқы емтихан сессиясын академиялық қарызсыз (F бағасыз, яғни екі рет) жауып, оқуды екі жағдайда ғана тоқтата аласыз. Олар:
1) Егер сіз тиісті ауру туралы анықтаманы немесе баланың туу туралы куәлігін берсеңіз, академиялық демалыс ала аласыз. 2) Егер, 1 жағдайдағы көрсетілген себепті анықтамалар жоқ болса, онда өз қалауыңыз бойынша оқудан шығасыз (бірақ, білім беру грантын жоғалтасыз). Келесі 2024-2025 оқу жылында ақылы негізде 4 курсқа қайта орала аласыз. Қысқы емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін себебін көрсете отырып, Басқарма Төрағасы-Ректордың атына СМЖД (ЦОО)-ға ресми өтініш жазу қажет.
Саламатсызба егер диплом бағасы 4 болса грантка түсе аламынба? 3курс оқыйм биыл бітіріп универге түсем деп отырмын
Құрметті Назерке!
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетін таңдап ниет таңытқаныңызға ризашылығын білдіреді!
Колледжден кейін білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО-на түсу үшін үш мүмкіндігіңіз бар:
1. Толық білім беру бағдарламасы бойынша Ұлттық Біріңғай Тестілеу тапсырып, шектік белгіленген балл 50 және 50-ден жоғары болса, сіз мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысуға құқығыңыз бар. (Мамыр,маусым айындағы ҰБТ қорытындысы).
2. Мемлекет тарапынан қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша қосымша гранттар бөлінген жағдайда Ұлттық Біріңғай Тестілеу тапсырып, шектік белгіленген балл 25 және 25-ден жоғары болса, сіз мемлекеттік білім грантының конкурсына қатыса аласыз.
3. Өзіңіздің сәйкес мамандығыңызға байланысты қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде Жоғарғы оқу орнына қабылдау комиссиясы ұйымдастырылған сұхбаттасу арқылы оқуға түсуге мүмкіндігіңіз бар.
Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13-20 шілде аралығында Электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/ru) немесе виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы (https://kazatu.edu.kz/ru/) қабылданады..
Байланыс телефоны: 8(7172) 39-80-81, 31-75-56 Қабылдау бөлімі.