Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Сұрақтар мен жауаптар
12/27/21, 20:43
Руслан

Ассаламуғалейкум мұғалім мен Егемкулов Руслан 20-06 кадастр 2курс оқимын мен вакцина алып едім бірақ паспортын әлі алмадым Өзбекстан азаматымын жатаханада тұра аламынба


Құрметті ЕГЕМКУЛОВ РУСЛАН

Вакцинацияның 1-ші компонентін алсаңыз және алғаныңызды дәлеледейтін құжатыңыз болса жатақханадан орын ала аласыз. Қосымша сұрақтар болса, 39-57-47 номеріне хабарласуға болады.

12/25/21, 18:38
Алмас

Саламатсызба мен сәултші яғни Архитектор мамандығына түскім келеді сол жайлы толық түсіндірсеңыз және қандай шарттар бар басті міндеттер не сол жайында толық айтсаңыздар. 2022 жылдың түлегі боламын Ағылшын тілін білу міндет пен соны айтсаңыздар


Құрметті Алмас!

ҰБТ жемісті түрде тапсырып, біздің университеттің С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің В073 – Сәулет білім беру бағдарламасына оқуға түсе аласыз, сонымен қатар шығармашылық емтихандар (Сурет және Сызу) тапсыруыңыз қажет, әр емтихан 5 баллдан 45 баллға дейін бағаланады. Шығармашылық емтихандар университетте тапсырылады.

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу үшін талапкерлер ҰБТ нәтижесіне шығармашылық емтихан нәтижесін қосқанда осы бағдарлама бойынша кем дегенде 50 балл жинауы керек, сонымен қатар әр пән бойынша 5 баллдан төмен болмауы керек, сонымен қатар әр жоғары оқу орны өзінің межелдік баллын орнатуға құқылы, аталған мамандық бойынша 70 баллды құрайды.

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады, қабылдау электрондық үкімет сайты арқылы жүзеге асырылады.

Ағылшын тілін оқу барысында меңгере аласыз.

Гранттар нәтижесі 1 тамыз күні белгілі болады, грант иегерлерінің тізімі «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде немесе Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), Ұлттық тестілеу орталығының (www.testcenter.kz) сайттарында жарияланады.

Анықтамалар үшін: 31-75-56

12/8/21, 10:41
Жетпісбай Елжан

Сәлеметсіздер ме. Мен басқа ЖОО на ауысуға өтініш берген едім. Сол мен баратын университет ауысуға запросты қаңтардың 3 күні жібереміз дейді. Сұрақ: Мен ауысып үлгеремін ба?


Сәлеметсіз бе, Жетпісбай Елжан Айдынұлы!

Сіз басқа жоғарғы оқу орнына ауысуға үлгересіз. Қаңтар айының 3 күні сұраныс хатты жібере берсе болады.

11/22/21, 09:57
Нұрсұлтан

Cәлеметсіз бе! 2021-2022 оқу жылының екінші триместрінде магистратура студенттері қашықтан оқу форматында қалады ма, әлде қалыпты оқу форматына өтеді ме? Рақмет!


Құрметті Нұрсұлтан!

2021-2022  оқу жылының екінші триместрінде барлық оқу деңгейлері бойынша оқытуды ұйымдастыру форматы осы жылдың 25 қараша күні өтетін университетттің Ғылыми Кеңесінде бекітіледі.  Ғылыми Кеңестің шешіміне сәйкес 2 триместрде оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары –Ректор А.М.Әбдіров 30 қазанда  университеттің ресми әлеуметтік желілерінде (@kazatu.official, https://www.facebook.com/kazatu.official/) білім алушылармен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Хабарландыру http://kazatu.edu.kz ресми сайтында жарияланады. Кездесуге қатысып, өзіңізді алаңдатып жүрген барлық сұрақтарға жауап алуыңызға болады.

11/16/21, 08:01
Сман Әділет

Жатақханаға өтініш беру


Құрметті Сман Әділет

Жатақханадан орын алғыңыз келсе, электронды портал арқылы  өтініш беруіңіз қажет. Ол үшін қосымшада көрсетілген нұсқаулықты пайдаланасыз.  Қосымша сұрақтар болса, 39-57-47 номеріне хабарласуға болады.

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ ӨТІНІМ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Өтініш беруді бастамас бұрын, қолыңызда электронды түрде (сканерленген JPG форматында) келесі міндетті құжаттар бар екеніне көз жеткізіңіз:

  • жеке куәлігі
  • мемлекеттік гранттың болуы туралы сертификаттың көшірмесі
  • әлеуметтік санатты растайтын құжаттар.

Өтінім тек бір рет қабылданады! Абай болуды және қателіктер жібермеуді сұраймыз.

Өтінімді қалай беруге болады:

1-қадам-университеттің ресми сайтын ашыңыз portal.kazatu.kz.

2-қадам - "Ақпараттық жүйелер" мәзіріне тышқанды апарыңыз және "жатақхана"ААЖ тармағын басыңыз.

3-қадам-жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Тіркеу" батырмасын немесе басты беттің ортасындағы "назар аударыңыз" сөзінің астындағы "Тіркелу" сілтемесін басыңыз.

4-қадам - электрондық пошта мекенжайы мен парольді енгізіңіз, суретте көрсетілген кодты енгізіңіз, содан кейін "Тіркелу"түймесін басыңыз. Мониторда сәтті тіркеу туралы хабарлама пайда болады, басты бетке өту деген жазуы бар, оны басу керек.

5-қадам-жоғарғы оң жақ бұрышқа логин мен парольді енгізіңіз. "Кіру" сілтемесін басыңыз.

6-қадам-мәзірдің сол жағында "тұру кезегі" сілтемесін тауып, басыңыз.

7-қадам-экранда "өтініш беру" түймесін басыңыз.

8-қадам-толтыру қажет өрістер пайда болады. Барлық жолдар толтырылады (аты-жөні, мекен-жайы, факультет және әлеуметтік санат), "өтініш жасау"сілтемесін нұқыңыз.

9-қадам-әрі қарай, сканерленген қажетті құжаттар тізімін тиісті өрістерге жүктеңіз. "+"Түймесін басып, тиісті өрісте "файлды таңдау" сілтемесі пайда болады, оны басыңыз. Сканерленген құжаттарды (JPG) форматында табыңыз және тіркеңіз (міндетті 1 - Жол - жеке куәлік, 2-жол-мемлекеттік гранттың болуы туралы сертификаттың көшірмесі. Егер сіз қандай да бір санатқа жататын болсаңыз, қажетті анықтамаларды "растайтын құжат" өрісіне 1,2,3 және т.б. жүктейсіз). Барлық таңдалған файлдарды әр өрісте сақтау үшін "Сақтау" өрістеріндегі түймені басып, жүктеудің аяқталуын күтіп, "кезекке Жіберу"түймесін басу керек.

Сіз сайттан жатақханаға орналастыру  процесін бақылай аласыз.

11/7/21, 13:07
Нұрсұлтан

Сәлеметсіз бе Қайрат Қапарұлы! Магистратура бірінші курс студенттерінің оқу форматы бойынша. Менің сұрағым 2021-2022 оқу жылының екінші триместрінде біз қандай оқу форматымен оқимыз? Қашықтан оқимыз ба әлде дәстүрлі түрде болады ма?


Қайырлы күн, Нұрсұлтан!

2021-2022 оқу жылының екінші триместрінде оқу форматының қандай түрде болатыны бірінші триместр сессиясы біткен соң шешіледі.