Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Сұрақтар мен жауаптар
12/25/14, 10:44
Серикова Индира Асетовна
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге алғымызды білдіреміз! Жыл қорытындысына орай барлығымыз да жалақымызды, сыйақымызды алдық. Көп рахмет! Алдағы келе жатқан Жаңа жылыңызбен құттықтаймын.
Құрметті Индира Әсетқызы! Рахмет! Өзіңізді де келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
12/20/14, 17:35
Елтизарова Айсауле
Сәлеметсіз бе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!!! Біз техникалық факультетінің \"СМС\" мамандығының 116 тобының студенттеріміз. Астанаға арман қуып, ҚазАТУ ға түсуге армандап келіп түскенбіз! Өкінішке орай әр аймақтан келгеннен кейін қазақ топтарының толық болуына байланысты орыс топтарына тапсырғанбыз. Сабақтарымыздың барлығы жақсы, барлығын тырысып бағып тапсырып жатырмыз. Мұғалімдер де орыс тілінде түсіндіріп жеткізе алмасақта түсінушілікпен қарап жағдаймызға түседі. Біз мынадай мәселеге тап болдық,\"ОБЖ\" пәнінен\"Александр Приходько деген мұғалім қазақ тілді студенттердің барлығын дерлік емтиханнан құлатып тастап, жағдаймызға түспей отыр. Семинар сабақтарынан Абылай Құрмашұлы береді, барлық сабақтарды дерлік 75 пен 90 бал арасында алып жатырықі. Біз орыс тобында оқып жатқанымызға өкінбейміз, өзімізде орысшамызды дамытуға тырысып жатырмыз. Барлық сабақтарымызды \"жақсы\" деген бағамен жауып жүрміз. Кураторымыз Александр Александрович Гуляренко ешқандай көмек бере алмайтынын айтты, деканатқа барғанымызда да ештеңе шешілмеді. Сізден араша түсуіңізді сұраймыз. Біздің бар кінәміз орыс тілінде еркін сөйлей алмағанымызда ма?! Көмек сұраймыз, бізге қайтадан тапсыруға рұқсат берсе, біз дәлелдейміз! Стандарттау,Сертификаттау,Метрология-116 Елтизарова Айсауле Бургенбай Толғанай Оңайбаев Ыбырай Мырзағұлов Мирас Кәрімбергенов Дәмир Абдіқадыр Рақымжан Әбіш Райымбек
Құрметті студенттер! Сіздердің хаттарыңыз негізінде «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша доцент А.Приходьконың емтихан өткізуіне келесі құрамдағы комиссия тексеріс жүргізді: Ж.А.Құсайынова-Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Ғ.А.Алпыспаева – Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары-тіркеуші кеңсесі жетекшісі, Н.Қ.Асқаров – техникалық факультет деканы м.а., А.А.Гуляренко – СМС мамандығы 116-топ кураторы. Емтихан ағымдық, аралық бақылау өткізу Ережесіне сәйкес жүргізілді (ҚР БҒМ 2011 жылғы 16 сәуірдегі №94 бұйрығы). «Платонус» ААЖ дұрыс режимде жұмыс істеді, бағдарламада ешқандай техникалық бұзылушылықтар болған жоқ. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша емтихан тестілері өткен тақырыптарға сай құрастырылған (валидные) және қате сұрақтары жоқ. Сондықтан емтихан нәтижесі үшін аппеляцияға беруге негіз жоқ. Сіздер орыс тілінде оқыту тобы болғандықтан, емтихан орыс тілінде жүргізілді. Университетке түскен кезде Сіздер өз қалауларыңыз бойынша орыс тілінде оқуға тілек білдіріп, келісім шартқа қол қойғансыздар.
12/20/14, 01:02
Атажанов Бахтияр Хакимжанұлы
6M0120 – \"Кәсіптік оқыту\" (сала бойынша) мамандығы туралы қосымша мәліметтер алу үшін қандай байланыс желілеріне (телефон номер) хабарлассам болады?
Құрметті Бахтияр! 6М012000- Кәсіптік оқыту (сала бойынша) мамандығы бойынша қосымша мәліметтер алу үшін «Кәсіптік білім беру» кафедрасының меңгерушісі Есекешова Марал Дүйсенейқызына хабарласуыңызға болады. Кафедраның байланыс телефоны 8 (7172) 30-36-98. Сонымен қатар, оқуға түсушілерге арналған ақпарат университет сайтындағы «ТАЛАПКЕР» бөлімінде берілген.
12/20/14, 00:37
Атажанов Бахтияр Хакимжанұлы
Сәлеметсіз бе Ректор Мырза! Мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік Университетін алдағы 2015 жылы (маусым айында) 5В012000- \"Кәсіптік оқыту\" мамандығы бойынша (грант) бітіргелі жатырмын. Мен әрі қарай сіз басқарып отырған Унивеситеттегі 6M0120 - \"Кәсіптік білім\" (сала бойынша) мамандығын (магистратура) жалғастырсам деген ниетім бар. Бұл мамандықтың (магистратура) \"грант\" бөліміне түсуіме мүмкіншілік барма? Жылына қанша \"грант\" беріледі ? Сол туралы қысқаша мәлімет берсеңіздер. Алдын- ала рахмет!
Құрметті Бахтияр! Сіз 5В012000- Кәсіптік оқыту (сала бойынша) мамандығының дипломын алғаннан кейін біздің университеттің 6М012000- Кәсіптік оқыту (сала бойынша) мамандығына тапсыра аласыз. Грант ұту мүмкіндігіңіз оқуға түсу емтихандарынан алатын бағаларыңызға байланысты болады. Келесі 2015-2016 оқу жылына бөлінетін мемлекеттік білім тапсырыстары (грант) маусым-шілде айларында белгілі болады.
12/15/14, 19:14
Меден Асылбек Есенұлы
Сәлеметсізбе ,Ақылбек Қажығұлұлы ! Сізге қояр сұрағым , мен Алматы қаласында 1 курста оқитын едім ,радиотехника ,электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша 1 семестрдан кейін ҚазАТУ-ға ауыссам болады ма ? Оқу ақысы канша ? қысқы сессия қашан аяқталады ? Қай уақытқа дейін құжаттарымды тапсыруым керек ?
Құрметті Асылбек Есенұлы! Басқа ЖОО-нан ауысу академиялық демалыс уақытында жүргізіледі. ҚазАТУ-да 3.01.2015 ж. қысқы сессия аяқталады. РЭТ мамандығында оқу ақысы жылына 390 000 теңге. Толық ақпаратты 8 (7172) 31 75 26 телефон нөмірі бойынша энергетикалық факультеттің деканатынан біле аласыз.
12/9/14, 18:51
Еркиндик Камшат
Сәлеметсіздерме, университет ұжымы! мен осы университетте білім алатын сінілімнің әпкесі ретінде бірнеше сұрақтар мазалап жүр. Сол сұрақтарға жауап алсам деймін. Сіңілім жатаханада тұрады, жатаханадығы кейбір шарттары мен ішкі ережелер тек қана менің сіңілімнің емес басқа да студенттердің оқу үрдісі кедергі келтіреді деп ойлаймын. келесі жатаханадағы міндетті түрде істеу керек жұмысты орынсыз деп ойлаймын: кезекшіліктегі еден жуу (ас үйдегі, жуынатын бөлімдегі, этаждын полы т.б). Бұл жұмысты жатаханадағы техникалық бөлім қызметкерлері атқаруы керек деп ойлайм. студент кезекшілік атқару керек оны түсінем бірақ еден жуу ол артықшылық деп ойлаймын. Осы сұрақты көтерулерінізді сұраймын, студенттің оқу үрдісіне кедергі жасайтын маңызы жоқ ішкі ережелер мен шарттарды қайта қарастыруларынызды сұраймын. Өзім де 4 жыл бойына жатаханада тұрдым бірақ \"еден жуу\" деген қызмет студенттерге мүлдем қатысты емес еді. Жатахана мұндай қызметті атқаратын персоналмен қатамасыз етілу керек. Сұрағыма жауап және әрі қарай бұл мәселенің бір жағына шыққанын қалаймын.
Құрметті Кәмшат! Сіздің жазған хатыңызды оқыдым. Университеттің барлық жатақханасында таңғы сағ.9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін техникалық қызметшілер жатақхана тазалығына жауап береді. Олар күн сайын ғимараттың әр қабатын, жуынатын орындардытазартып, студенттерге жағдай жасайды. Ал,кешкісін студенттер өз бастамаларымен жатақхана тазалығын өз қолдарына алып, ережеге сәйкес кезекшілік атқарады. Бұл талап «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттік жатақханаларына орналасу және ішкі тәртібі туралы Ережеде»(№ 8.4, № 8.5 тармақтар) жазылған. Бүгінгі күні жатақхананың кез келген студенті ай сайынкезекшілік атқаратынын жақсы біледі. Бұл әр студенттің«Жатақхана - өз үйім» деген қағиданы түсінгендігі деп ойлаймын.