Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Сұрақтар мен жауаптар
11/30/16, 06:27
Әлихан Асқар
Сәлеметсізбе! Алдынды ғылыммен айналысатын студенттер жайында сұрақ жолдап едім. Өкінішке орай жауап ала алмадым. Тағы да сол мәселені көтергім келіп отыр: ғылыммен айналысатын немесе ғылыммен айналысқысы келетін стіденттерге неге жағдай жасамасқа. Белсенді студенттер деп тек қол соғып концертте жүргендерді ғана емес, ғылымдығы студенттерді де атамасқа.Осы сұраққа жауап берсеңіз дұрыс болушы еді.
Құрметті Әлихан Асқар, біздің университетіміз Орталық және Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық саласындағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі, Астана қаласындағы алғашқы университеті болып табылады. Білім беру саласындағы жетістіктерімен қатар университет өзінің студенттерін мақтан тұтады, олардың дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады. Университеттің әлеуметтік қызметімен қатар студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарға белсенді тартылады, мысалы ғылыми үйірмелерге, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына (СҒЗЖ) қатысады. СҒЗЖ конкурсы студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықты дамыту және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін тәжірибеде қолдану қабілетін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Жыл сайын, аталған конкурстың аясында университет ішінде таңдау өткізіледі: әр факультетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары қарастырылады, іріктеуден кейін үздік жұмыстар ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты Республикалық конкурсқа қатысуға жіберіледі. Мысалы, 2016 жылы университетішілік кезеңіне 60 студенттік жұмыстар қатысты, олардың жартысынан астамы Республикалық байқауға қатысасуға іріктеліп жіберілді. Нәтижесінде, 16 студенттік жұмыс жүлделі орындарға ие болды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2-3 дәрежелі дипломдарын алды. Жеңімпаздардың магистратураға түскеде артықшылықтары болады, сонымен бірге олардың жұмыстары ҚР БҒМ ұсынысымен халықаралық жарыстарға қатыса алады. Студенттер әр түрлі пәндік олимпиадаларына, ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсына қатысуымен қатар республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді қатысады, сонда дипломдармен марапатталып, олардың мақалалары конференция жинағында және әр түрлі ғылыми басылымдарда жарияланады. Қазіргі таңда Университетте 28 түрлі студенттік үйірмесі бар, олардың қызметі туралы толық ақпаратты университеттің сайтында Клубтар тарауында танысуға болады. ҚАТУ студенттердің арасында кәсіпкерлік бастамаларын қолдайды. 2014 жылдың қараша айында студенттердің ықыласымен «Enactus KATU кәсіпкерлік клубы» қоғамдастығы құрылып, жыл сайын Enactus Kazakhstan National республикалық байқауларына қатысады. Enactus ұлттық байқауы - Enactus бағдарламасының аясында өткізілетін негізгі, маңызды және серпінді іс-шаралардың бірі, қатысқан студенттер бизнес- көшбасшыларына бағалау үшін өз жобаларын ұсынады. Қазылар алқасының мүшелері студеттердің өмірде кәсіпкерлік тәсілді табысты қолдану қабілеттін бағалайды. Республикалық байқаудың жеңімпазы Enactus Әлем кубогына өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік алады. Enactus университет қабырғасында қалатын жай студенттік ұйымдардың бірі емес, университеттің қатысуы бүкіл әлем бойынша жоғары оқу орындары мен ғалымдар желісіне қосылуды білдіреді. Бұл студенттердің өмірін өзгертіп, одан әрі дамуын арттыратын пайдалы кәсіби тәжірибе болып табылады. Біздің студенттер жыл сайын «Кемел Кәсіпкер» атты бизнес-кейстерді шешуге арналған чемпионатқа қатысады және Алматы қаласында өткізілетін «Enactus Kazakhstan» атты ұлттық жарыстарда екі жыл бойы жартылай финалға шықты. 2015 жылы ұлттық командасының құрамында біздің студенттіміз Әбілакимов Жандос «Темір кәсіпкер» атты ұқсас студенттік бәсекеде Қазақстан кезеңінің жеңімпазы атанып, Мәскеуге финалға қатысуға шақырылды. Өткізілетін конференциялар, инновациялық конкурстар туралы хабарландыру үнемі университеттің kazatu.kz ресми сайтында орналастырылады.
11/13/16, 13:39
Егінбай Алима Болатқызы
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы. Мен университеттің 2-курс студентімін. Сізге қояр маңызды сұрағым бар. Біздің университетте шет елде және Қазақстан аумағында мобильділік бойынша оқу мүмкіндігі бар екенін білем. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы - мамандығы бойынша Алматы қаласында, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде 1 семестрге оқу мүмкіндігі барма. Осы мәселе туралы кімнен толықтай мәлімет алуыма болады.Жауабыңызға алдын-ала рахмет.
Құрметті Алима Болатқызы! Сіздің мамандықтар бойынша 1 семестрге Алматы қаласы ҚазҰАУ-не баруға мүмкіндік бар. Толық ақпарат алу үшін ВжМШТ факультетінің үйлестірушсі Сәбдинова Динара Кабылтайқызына жолығыныз. Ұялы тел. нөмірі: 87018544277 электрондық адресі dina sabdina@mail.ru немесе академиялық ұтқырлық бойынша университет үйлестірушісіне жолығыныз. Биркеева Эльмира Калымтайқызына 8717-31-75-33 каб. №1224
10/26/16, 09:47
Ермагамбетова Дана Жорайқызы
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы.Алдымен сіздің біздің университетті жаңарту,көркейту жолындағы істеріңіз үшін алғысымыз шексіз.Бәрін естіп,көріп жүрміз.Енді айтайын деген мәселе студенттердің жағдайы.Жоғарғы курс студенттері тек қана әлеуметтік жағдайы бойынша ғана жатақхана мен қамтылып жатыр.Бір сөзіңізде егер ондай әлеуметтік жағдайды расттайтын құжатыңыз болмаса тұрғын орынмен қамту коммитетіне жүгініңіз дегенсіз.Оныңда пайдасы жоқ.Қанша барып,өтініп,жағдайымызды айтып жатсақта, біз оған кінәлі емеспіз құжаттарыңызды алып келіңіз сосын береміз дейт.Жарайды солай ақ болсын оған біз ештене дей алмаймыз себебі шынымен отбасымыздағы жағдайлар үшін сіз жауапты емессіз .Сол себепті Есенберлин жатақханасында тұрып жатырмыз.Ақша жағынан қиындықтар бар әрине.Стипендияларымызды әрең бір айға жеткіземіз.Солай жүрген кезімізде тағы бір мәселе туындады-ол кандала.Біздің бөлмеде кандала сынды зиянкестер толып кетті,қанша тазартсақта кетер емес.Толық дезинфекция жасайтын қаражатымыз жетпейді.Астыдағы вахтерлерге айтсақ өздеріңнің кінәларыңыз дейді.Бірақ біз келер алдында осындай мәселе болыпты.Сонда біздің кінәміз қайда.Барар жеріміз,арқа сүйер адамымыз болмағаны ма? Кандала киіммен тасымалданады, қорқып жүргеніміз содан.Мазамыз кетті.Сіз осы орынға студенттер тұрсын деп ақы төлеп жатсыз.Студенттердің жағдайын ойлап.Бірақ жағдайымыз мәз емес.Сізден көмек сұрау үшін жазып жатырмыз.Осы мәселені қарастырып,жауап берсеңіз алғысымыз шексіз болар еді.
Құрметті Дана Жорайқызы! Сіздің хатыңыз бойынша , Есенберлин көшесінде орналасқан жеке меншікті жатақханада қандала табылу фактілері бойынша тексеріс жүргізілді. Жатақхана әкімшілігі өкілдері мен тәрбие жұмысы жөніндегі департамент қызметкерлерімен бөлмелер тексерілді. Алайда қандала, немесе т.б. қансорғыш жәндіктер табылмады. Осы мәселе бойынша, жауап хат жолдау мақсатында, 2016-2017 оқу жылында Есенберлин көшесінде орналасқан жалға алған жатақхана тұрғындарының тізімінде Сіздің тіркелмегеніңіз анықталды. Жалпы, университеттің электронды базасында (Платонус жүйесінде) Сіздің аты-жөніңіз табылмады. Сондықтан, әлеуметтік жағдайыңызға байланысты сұрақтарыңыз болса, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.А. Құсайыноваға жолығуыңызды сұраймыз.
9/5/16, 11:24
Каирова Ляззат Женисовна
Мен жерге орналастыру факультетинин 4 курс студентимин.Бугин жана оку жылы басталып, сабакка келгенде корпусымыздын жанарып калганын кордик. Корпусымызга жондеу жумыстарын жасауга ыкпал еткен университет басшылыгына, Ахылбек Кажыгулулы, сизге зор алгысымызды билдиремиз!
Сәлеметсізбе Ляззат! Білдірткен ілтипатыңызға рахмет! Студенттердің оқып білім алуына әрдайым жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Сізге де оқуды ойдағыдай аяқтап, таңдаған мамандығыңыздың маманы болуға тілектеспін!
8/26/16, 06:37
Бектурганова Əйгерім Нурланкызы
Сəлеметсізбе!Мен экономика факультетінің қаржы мамандығының студентімін.4курсқа өттім.Осы жылы оқу ақысын 6-7айға бөліп төлеуіме болады ма?Егер болатын болса өтінішті қашан жазуым керек?
Құрметті Әйгерім Нурланкызы! Мұндай мәселелер бойынша экономикалық факультет деканатына хабарласып, өтініш жазуыңызға болады. Негізі оқудың төлем ақысын бөліп төлеу бойынша өтініштер әр семестр алдында жазылады. Деканат телефоны: 31-75-66
8/24/16, 09:09
Тулеубаева Сауле Капезовна
Сәлеметсіз бе, менің сұрағым оқу барысына қатысты емес, бірақ айтылмаса, университет атына кір келтіретін болғандықтан, намысым жібермей, блокқа жазып отырмын. Қабылдау комиссиясында жұмыс жасаған сіздің әріптесіңіз Мейрамгүл Жумагалиевна кешенді тест тапсыруға құжаттар қабылдаған кезде кейбір тапсырушылардың ақшасын жалақы алғанда беремін деп сыйақы алуы орын алып отыр. Дәлірек айтатын болсам, телефон арқылы менің қызыма косметикалық зат әкеліп беруін өтінген. Бірақ ақшасын бермегеніне екі ай болды. Сол тәрізді басқаларға да телефон шалып айтып жатқанын қызым естіген. Бізді дұрыс түсініңіз, ақша үшін емес, қылығы жанымызға батып отыр.
Құрметті Сауле Капезовна! Мұндай мәліметті анықтап хабардар етіп отырғаныңызға рахмет. Аталған қызметкер сырттай оқу факультетінің әдіскері болып табылады, қабылдау комиссиясы жұмысы уақытында (20 маусымнан 31 тамызға дейін) сырттай оқу факультеті бойынша техникалық хатшы қызметін атқарды. Біздің университет қабырғасында сауда-саттық жасауға тыйым салынған, ол жөнінде қауіпсіздік қызмет қызметкерлеріне ескерту жасалған. Ал аталған қызметкерге тиісті шаралар қолданылатын болады, яғни бұл қалыптасқан мәселе бойынша түсініктеме алынатын болады. Анықтамалар телефоны: 31-06-55 сырттай оқу факультетінін деканаты, 31-75-56 қабылдау комиссиясы