Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/6/22, 04:34
Асылхан

Сәлеметсізбе Менің сұрағым Осы универге ауысқанда, кәзіргі оқып жатқан университетімде летоға қалсам сол летоны сіздерде оқимын ба?Мен ауысқаннан кейін сабақ үлгерімім жақсы болса степендия алуға болады ма?


Сәлеметсіз бе Асылхан!

Сіз тек жазғы демалыста ауыса аласыз. Егер сізде пәндер бойынша қарызыңыз болмаса, біздің ЖОО-ға ауысуыңызға мүмкіндік беріледі. Егер сіз жазғы емтихан сессиясын "өте жақсы" және "жақсы" деген бағамен  жапсаңыз, онда шәкіртақы төленеді.

Ауысу туралы ақпаратты біздің университеттің сайтындағы "БАҚКО " бөлімінен біле аласыз http://kazatu.edu.kz/ http://kazatu.edu.kz/ru/pages/coo/podat-zaavlenie.

12/5/22, 11:34
Тимур

Қайырлы күн, Қанат Маратұлы! Менің қарындасым Торайғыров атындағы ПМУ-нен сіз басқарып отырған Сейфуллин Университетіне ауысты, ол стипендия алған, осында ауысқаннан кейін алмайсыз деген екен Жакупова Айым, 077-20-01 группа, агрономия мемлекеттік грантта оқығаннан кейін, оқу үлгерімі жақсы болғандықтан студенттік жәрдемақысы сақталуы да, сіздің университетте берілуіде міндетті. Осыған орай мәселені қайта қарап, оң шешім табасыздар деп ойлаймын. Оқу жылының басынан толық қанды қайтаруларыңызды қарастыруларыңызды сұраймын.


Сәлеметсіз бе Айым!

2022 жылғы 10 қазандағы білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлеу қағидаларының өзгеруіне сәйкес Сізге 18.10.2022 жылғы №1603-Б бұйрығымен стипендия тағайындалды.

11/28/22, 19:00
Асылхан

Мен Мухан Асылхан Алматыда Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 2 курс оқимын. Менің сұрағым: 4 семестрде сіздерге ауысып оқысам болама? грант қалады ма? грант болғанымен степендиядан құлап қалғанмын ол кедергі келтірмейді ме? қандай докуметтер керек? Алдын ала рахмет!


Құрметті Мухан Асылхан!

Сіздің сұрақтарыңыз бойынша:

- сіз жазғы демалыста 1 шілдеден бастап 25 тамызға дейін біздің университетке ауыса аласыз;

- құжаттар пакеті: мөр басылған басқа ұйымнан өтініштің түпнұсқасы (ауыстыруға рұқсат); транскрипттің түпнұсқасы; келесі құжаттардың көшірмелері: жеке куәлік; ҰБТ сертификаты; грант туралы ; аттестат қосымшасымен/немесе диплом қосымшасымен/; жоғары оқу орнының және білім беру бағдарламасының лицензиясы;

- егер Сіз грант туралы куәлікте көрсетілген білім беру бағдарламаларының сол тобына ауысқыңыз келсе, грант жоғалмайды;

Барлық сұрақтар бойынша сіз Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына /87172/31-75-62 телефон нөмері бойынша қоңырау шала аласыз.

11/18/22, 17:50
Мерей

Мен коледж студенті едім екінсі семестірден соң осы университет ке ақылы бөлімге болсада түсе аламын ба


Құрметті Мерей!

С. Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетінде оқу процесі күндізгі оқу нысаны ғана бойынша ұйымдастырылады. Оқуға қабылдану үшін мектеп және колледж түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып, межелдік баллды жинау қажет. Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу ҰТО ресми сайтында жүзеге асырылады. Сәуір-мамыр айларында тапсырылатын ҰБТ-ға тіркелу алдын ала наурыз айында ұйымдастырылады. ҰБТ-ны жемісті тапсырған жағдайда, талапкерлер мемлекеттік білім гранттарына өтініш білдіре алады, конкурсқа өтініштерді қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау 10-25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Анықтамалар үшін: 8-7172-317-556

11/18/22, 02:10
Алмат

Қайырлы күн! Оқу орнында қашықтықтан оқыту барма? Қандай құжаттар дайындау керек толығырақ айтып кетсеңіз


Құрметті Алмат!

С. Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетінде оқу процесі күндізгі оқу нысаны ғана бойынша ұйымдастырылады.

Анықтамалар үшін: 8-7172-317-556

11/15/22, 10:40
Айман

Мен қазір турцияда оқып жатрымын енді денсаулығыма байланысты қазақстанға кетіп жатырмын оқуымды сіздерде жалғастыра аламынба ұбт сертификатым бар бірақ шекті балға жетпейді серпін бағдарламасы бойыншы сіздерге құжаттарымды тапсыра аламынба?


Сәлеметсізбе Айман!

Қабылдау бізде желтоқсан айында басталады. Керекті құжаттар: транскрипт, бұйрықтардың көшірмелері, қабылдау емтиханының нәтижелері, ЖОО лицензиясы, мамандықтың лицензиясы, аттестет пен қосымшасының көшірмесі.