Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/30/13, 00:01
Әділ
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы! менің сурағым: электроэнергетика мамандығына неше грант саны бөлінді екінші курс үшін? Отбасы жағдайына қарайдыма немесе тек сабақ жағынан қарайдыма ? осы сұраққа шұғыл түрде жауап беруіңізді сұраймын! Рахмет!
Құрметті Әділ! Бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік білім грантының бос орнына конкурстық негізде үміткер ретінде құжаттарынызды ұсына аласыз, құжаттарды 2014 жылғы қаңтардың 8-не дейін энергетикалық факультет деканатына тапсыруға болады.
12/27/13, 10:49
Жикенова Дария Аманкелдыевна
Саламатсыз ба Ақылбек Қажығұлұлы! Мен 2009ж Алматыдагы Абай ат. Казак улттык педагогикалык университетинин \\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\"БЕЙНЕЛЕУ онери жане сызу\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\" мамандыгы бойынша магистратураны тамамдадым.Содан бери \\\\\\\"Адеми-ай\\\\\\\" атты улттык сувенир шыгаратын компанияда дизайнер кызметин аткарып журмин, педагогикалык стажым жок! phd докторантурага умиткер бола алам ба? Егер болса оз мамандыгыма сай келетин кандай мамандыкка тапсыра алам, тапсырган жагдайда кандай дайындыктар керек (пандер бойынша, кужаттар)? Рахмет
Құрметті Дария! Сіздің бітірген мамандығыңыз бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет философия докторларын даярламайды. Университет үстіміздегі жылы докторантураның «6D042000-Сәулет» мамандығы бойынша лицензия алды, алайда біздің университетке мемелекеттік грант бөлінген жоқ. Қосымша ақпаратты Kazatu.kz (Білім беру, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Докторантура бөлімі.) сайтынан алуға болады.
12/26/13, 00:32
Акан Каримов
Сәлеметсіз бе, Сізге қоятын бір сұрағым бар еді: Менің барлық сабағым 4 пен 5, бірақ , бір сабақтан жазғы семестрге қалдырды. Егер жазғы семестрді 4-ке жапсам,қаңтар-маусым аайларында алмаған степендия беріледі ма ? Рахмет
Құрметті Акан! Сізге қаңтар-маусым айларындағы стипендия төленбейді, өйткені ағымдағы емтихан сессиясы нәтижесі бойынша қарызыңыз бар. Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге тағайындалады және емтихан сессиясынан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленеді. Демек, жазғы емтихан сессиясын ойдағыдай тапсырған жағдайда, Сізге стипендия шілде айынан бастап төленеді
12/25/13, 22:35
Сақтарбекова Шынар
Сәлеметсізбе,құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!Мен Энергетикалық факультетінің \"Радиотехника,электроника және телекоммуникация\"мамандығының 3-ші курс студентімін.Өзім көп балалы отбасынан шықтым.Уйде 2 студентпіз және екеумізде ақылы оқудамыз.Оқу үлгерімім жақсы.Сіздерден сұрарым биыл осы мамандыққа грант бөлесіздер ме? Және көмек болады ма?
Құрметті Шынар! 2013-2014 оқу жылының қысқы сессияның қорытындысымен конкурс бойынша босаған орынға өзіңізді бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік грантына үміткер ретінде құжаттарыңызды ұсынуға болады. Сізге энергетикалық факультетінің деканатына құжаттар тапсыру қажет.
12/25/13, 19:55
Асел
Сәлеметсизбе Ректор мырза. Менин сизге сурагым химия пани бойынша кандай мамандык тандауга болады?
Құрметті Асел! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
12/25/13, 17:39
Сапарбеков Айдос
Ассалаумагалейкум Ректор мырза. Мен 4 курс студентімін. сізге кояр сұрағым бізге соңғы экзамен 27 желтоқсан ал мен билет алып койып едім 26 сына. Ауыстырайын десем билет жок. не істесем болады?
Құрметті Айдос! Сіз емтиханды белгіленген күнде тапсыруыңыз керек, билет сатып алғаныңыз себеп болып табылмайды. Дегенмен, мәселеңіз бойынша оқитын деканатыңызға хабарласуыңызды сұраймын.